Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
Заңнама талаптарына сәйкес, мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда, Банк төлем талабын қоюға және оны Заң шеңберінде клиенттің шотына түскен қаражаттың 50%-дан аспайтын мөлшерде орындауға құқылы. Бұл ретте клиенттің ағымдағы шотында сақталатын ақша сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен кем болмауы керек.
Осыған байланысты, мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда, Банк мерзімі өткен берешек мөлшеріндегі сомаға ағымдағы және карточкалық шоттар бойынша төлем талабын (ТТ) қояды. Клиенттің ағымдағы шотында ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен аз сома болған жағдайда төлем талабын орындау жүргізілмейді.
Ішінара орындалған төлем талабын кейіннен орындау, ағымдағы шотта ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес соманың қамтамасыз етілуін ескере отырып, клиенттің ағымдағы шотына түскен әрбір ақша сомасының 50% шегінде ағымдағы шотқа ақшаның түсуіне қарай жүргізіледі.
Келесі нұсқалардың бірі ұсынылады:
1) Банктегі барлық шоттардан мерзімі өткен берешекті толық көлемде (100%) өтеуге ақша жөнелтушінің тұрақты өкімін ресімдеу, оны мыналар арқылы беруге болады:
• Төлем терминалы: "Банк операциялары" бөлімінде "Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімін ресімдеу" бетбелгісінде;
• Банк бөлімшелері.

2) Егер клиент мерзімі өткен берешекті толық көлемде өтеуге тұрақты өкім ресімдемеген болса, клиент заңға сәйкес берешекті өтеу үшін талап етілетін ақша қаражатының жеткілікті сомасын қамтамасыз етуі қажет:

• егер борыш сомасы ең төмен күнкөріс деңгейі сомасынан аз болған жағдайда, ол өз шотын "ең төмен күнкөріс деңгейі" сомасына + борыш сомасына толықтыруы керек;
Мысал:
Борыш сомасы = 20 000 теңге, ең төмен күнкөріс деңгейі де 20 000 теңге болады. Шотта клиент кемінде 49 698 теңгені қамтамасыз етуі тиіс.

• егер борыш сомасы ең төмен күнкөріс деңгейі сомасынан артық болса, клиент борыштың екі еселенген сомасын қамтамасыз етуі тиіс, өйткені бұл жағдайда ТТ қою бойынша 50% туралы норманы ескеру қажет.
Мысал:
Борыш сомасы = 35 000 теңге, ТТ да 35 000 теңге болады. Шотта клиент кемінде 70 000 теңге қамтамасыз етуі керек.
Банктегі барлық қолда бар қарыздар бойынша қолданылатын ақша жөнелтушінің қолданыстағы бір тұрақты өкімі жеткілікті.
Иә, алайда заңнама талаптарына сәйкес мерзімі өткен берешек пайда болған кезде Банк төлем талабын қоюға және оны Заң шеңберінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің сақталуын ескере отырып, клиенттің шотына түскен қаражаттың 50%-дан аспайтын мөлшерде орындауға құқылы.
Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімі Банк жүйесінде автоматты режимде берілген кездетиісті белгі қойылады, оның негізінде операциялық күн аяқталған кезде мерзімі өткен берешекті өтеу есебіне қаражат есептен шығарылатын болады.
Бастапқыда негізгі байланыстырылған ағымдағы шоттан, қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, жүйе Барлық өзге шоттарға, оның ішінде қарызға байланған шоттардың карталарына жүгінеді.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде