Дауыстық биометрия
Артықшылықтары
Дауыстық биометрия деген не
Дауыстық биометрия – адамның бірегей дауыстық сипаттамасы бойынша оның жеке басын тексеру үшін пайдаланылатын технология.
Қалай қолданылады?
Дауыстық биометрия Call-орталыққа қоңырау шалғанда дербес деректер туралы ақпарат сұрамастан дауыс бойынша жеке басыңызды тексереді.
Дауыстық биометрияның артықшылықтары
- Дауыстық биометрия сәйкестендірудің басқа әдістерімен салыстырғанда Сіздің деректеріңіздің сенімді қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, оператормен әңгімелесу барысында Сіздің дауысыңыздың бірегейлігін пайдаланады, дауыстың көптеген төлсипатын, соның ішінде дыбыс пен ырғақты жазып алады
- Дауыстық биометрия табиғи және жанды сөздерді ғана анықтайды
- Ол өте ұқсас дауыстар немесе егіздердің дауыстарын қоса, екі дауыстың арасындағы кішкентай айырмашылықты да ажырата алады
- Бұл қайта жаңғыртылатын немесе түпкі сөзге ауыстырылатын жазба емес
- Дауыстық биометрия түрлі тілдермен жұмыс істейді
Тариф
Дауыстық биометрия Сіздің қауіпсіздігіңіз бен ыңғайлылығыңызды арттыратын тегін көрсетілетін қызмет ретінде ұсынылады
Қызмет ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес клиенттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге берген келісімімен автоматты түрде қосылады.
- Алдымен өзіңіздің сенімді нөміріңізден 7111 нөмірі бойынша Байланыс орталығына қоңырау соғып, дауыстық көшірмені жасауды сұрау керек, сондай-ақ құпия сөзді айту керек. Оператор қосымша нақтылайтын сұрақтар қоюы мүмкін.
- Дауыстық көшірме сәтті жиналған соң Сіз сенімді нөмірге SMS хабарлама аласыз.
- Кейінгі қоңыраулар кезінде жүйе қайтадан дауыс үлгісін жасайды және де оны үлгі-нұсқамен салыстырады. Салыстыру нәтижесі оператордың мониторында шығады. Егер дауыстық сәйкестендіру сәтті өтсе, оператор клиентке қажетті ақпарат береді немесе клиент туралы қосымша ақпарат сұратпай клиенттің талап етуі бойынша операциялар жүргізеді.
Қызметті ажырату үшін 7111 нөмірі бойынша Байланыс орталығына немесе төменде көрсетілген нөмірлердің біріне хабарласып, кеңесшінің нұсқаулығын орындау жеткілікті.
- Beeline +7 (705) 927-80-03
- Kcell +7 (778) 037-80-03
Қызметке қайта қосылу үшін 7111 нөміріне хабарласыңыз