Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

Mechta.kz-те онлайн бөліп төлеу

Halyk қосымшасында тауарды онлайн бөліп төлеуге сатып алыңыз

Артықшылықтары

онлайн ресімдеу
онлайн ресімдеу
6 000 000 теңгеге дейін
6 000 000 теңгеге дейін
12 айға дейін
12 айға дейін

Сатып алу талаптары

Бөліп төлеу мерзімі3, 6, 12 ай
Кредит мерзімі6, 12, 24, 36, 48, 60 ай
Бөліп төлеу бойынша сомасы2 000 000 теңгеге дейін
Кредит бойынша сомасы 6 000 000 теңгеге дейін
Комиссияжоқ
Мерзімінен бұрын ішінара өтеу1 төлемнен кем болмайтын мөлшерде:
- Halyk қосымшасында комиссиясыз (мерзімінен бұрын ішінара өтеу мерзімі бойынша шектеусіз)
Мерзімінен бұрын толық өтеу- Halyk қосымшасында комиссиясыз (мерзімінен бұрын толық өтеу мерзімі бойынша шектеусіз)


Заемшы - жеке тұлға банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болады.

Заемшы банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Банк сондай-ақ:

  • тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеуге;
  • заемшының банктік шоттарындағы ақшадан ақы өндіріп алуға;
  • берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және коллекторлық агенттікке реттеуге беруге;
  • сотқа талап арыз беруге құқылы

Тауарды бөліп төлеу арқылы немесе кредитке сатып алуды санаулы минутта ресімдеңіз

1. Интернет-дүкеннен тауарды Halyk арқылы қалай бөліп төлеумен сатып алуға болады?

  1. www.mechta.kz интернет-дүкеніне өтіңіз және тауарды таңдаңыз
  2. Таңдалған тауарды себетке қосыңыз
  3. Байланыс деректеріңізді толтырып, тауарды алу тәсілін (жеткізу немесе өз бетінше алып кету) таңдаңыз
  4. «Төлеу тәсілі» тармағында Halyk Bank-тегі кредитке немесе бөліп төлеуді таңдап, кредиттеудің немесе бөліп төлеудің қалаған мерзімін көрсетіңіз
  5. Тапсырысты растап, тапсырыс нөмірін SMS арқылы алыңыз
  6. Halyk*-ты ашып, бастапқы бетінен «Бөліп төлеу арқылы сатып алуды» таңдаңыз
  7. Mechta.kz дүкенін таңдаңыз және SMS арқылы келген тапсырыс нөмірін енгізіңіз
  8. Таңдалған тауарларды, сомасын, мерзімін тексеріп, «Ары қарай» батырмасын басыңыз
  9. Талаптармен танысып, Банктің шығарған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  10. Сіз 9-таңбалы код көрсетілген SMS аласыз:

          - тапсырысты өзіңізбен алып кетуді ресімдеген кезде дүкен кассасында SMS арқылы келген кодты айтыңыз
          - тапсырысты жеткізіп беруді ресімдеген кезде – тауарды алған сәтте курьерге SMS арқылы келген кодты айтыңыз

Дайын!


2. Бөлшек дүкенде тауарды Halyk арқылы қалай бөліп төлеумен сатып алуға болады?

  1. Mechta.kz дүкенінде тауарды таңдаңыз және консультанттан тапсырыс нөмірін алыңыз
  2. Halyk-ты* ашып, бастапқы бетінен «Бөліп төлеу арқылы сатып алуды» таңдаңыз
  3. Mechta.kz таңдап, тапсырыс нөмірін енгізіңіз
  4. Таңдалған тауарларды, сомасын, мерзімін тексеріп, «Ары қарай» батырмасын басыңыз
  5. Талаптармен танысып, Банктің шығарған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  6. Өз келісіміңізді SMS арқылы келген 9-таңбалы кодпен растаңыз:

           - тапсырысты өзіңізбен алып кетуді ресімдеген кезде дүкен кассасында SMS арқылы келген кодты айтыңыз
           - тапсырысты жеткізіп беруді ресімдеген кезде – тауарды алған сәтте курьерге SMS арқылы келген кодты айтыңыз

Дайын!

* бөліп төлеу немесе кредитті ресімдеу үшін, бөлімшеге бармай-ақ жеке басты видеорастаумен Halyk-та онлайн тіркеуден өту қажет

Бөліп төлеу/кредит бойынша берешекті қалай білуге болады?

Берешек пен өтеу кестесі бойынша ақпаратқа Halyk қосымшасында қол жеткізуге болады

Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: «Шоттар» бөлімі, «Кредиттер» бөлігі

Өтеу кестесі: Бөліп төлеу/кредит батырмасын басқан кезде тиісті мәртебедегі ақпаратқа қол жеткізуге болады

Бөліп төлеуді/кредитті өтеу үшін Homebank Wallet электронды әмиянын қалай толықтыруға болады?

Аудару жолымен:

  1. Halyk арқылы картадан Homebank Wallet электронды әмиянының нөміріне
  2. Басқа банктердің картасынан Homebank Wallet электронды әмиянының нөміріне аудару жолымен


АТМ арқылы толықтыру жолымен:

  1. «Төлем картасына ақша салу» батырмасын таңдаңыз
  2. Homebank Wallet электронды әмиянының нөмірін енгізіңіз және қажетті сомаға толықтырыңыз


Төлем терминалы арқылы толықтыру жолымен:

  1. «Банктік қызметтер» - «Шотты/картаны толықтыру» - «Картаны толықтыру» функцияларын таңдаңыз
  2. Ары қарай ЖСН және Homebank Wallet электронды әмиянының нөмірін енгізіңіз

 

Halyk қосымшасында Homebank Wallet электронды әмиянының деректемелерін біліңіз:

  1. Басты бетте «Homebank Wallet» батырмасын таңдаңыз
  2. «Баптаулар» батырмасын ашып, «Сұрату» батырмасын таңдаңыз

Бөліп төлеуді/кредитті өтеу үшін Halyk шотын немесе картасын қалай толықтыруға болады?

Аудару жолымен:

  • Halyk-та Halyk Bank шотынан немесе картасынан комиссиясыз
  • басқа банктің картасынан аудару арқылы


Толықтыру жолымен:

  • Cash-In функциясы бар банкоматтарда
  • төлем терминалдарында
  • бөлімшелерде касса арқылы