Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

Ұлттық қор-балаларға

Бағдарламаның шарттары

Halyk Bank – арнайы шот ашу, білім беру ақысын төлеуге және (немесе) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған нысаналы жинақ төлемдерін (НЖТ) есепке алу және пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор.

Жыл сайын БЖЗҚ-дағы жинақтаушы шотқа 18 жасқа дейінгі балаларға ҚР Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ы аударылады. Нысаналы жинақ валютасы – АҚШ доллары.

Бағдарламаға қатысушылар – 2006 жылы және одан кейін туған балалар, ҚР азаматтары.

Алушы Halyk мобильді қосымшасы арқылы төлемдерді алуға 18 жасқа толғаннан кейін ғана өтініш бере алады.

Ақшаны білім беру ақысын төлеуге пайдалануға болады, атап айтқанда:

  • ҚР-да білім алуға ақы төлеу,
  • Шетелде білім алуға ақы төлеу,
  • AQYL білім беру салымын толықтыру

Арнайы шот

Клиентке нысаналы жинақтарды есепке алуға арналған арнайы шот Halyk мобильді қосымшасы арқылы НЖТ алуға өтінім берген кезде автоматты түрде ашылады.

НЖТ үшін арнайы шоттың ерекшеліктері:

  • Үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғау;
  • Арнайы шот ашқаны және жүргізгені үшін, сондай-ақ НЖТ алу мақсатында ақша аударғаны үшін Банк комиссия алмайды;
  • Осы бағдарламада көзделген мақсаттарға мақсатты пайдалану расталғаннан кейін операцияны тек қолма-қол ақшасыз тәртіппен жасау көзделген;
  • Аударымдар, төлемдер жасауға, қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ НЖТ алу мақсатымен байланысты емес өзге де операцияларды жасауға тыйым салынады.

НЖТ-ны ішінара алуға болатын қолжетімді соманы біліңіз

Өтінім бермес бұрын Сізге НЖТ үшін қолжетімді соманы алдын ала біліп алу қажет.

Балаңызға арналған мақсатты жинақтардың жалпы сомасын:

  • Halyk мобильді қосымшасында Мемлекеттік қызметтер бөлімінде - Цифрлық құжаттар
  • egov.kz сайтында «Балалар туралы мәліметтер» бөлімінде
  • enpf.kz сайтында.

Жылдар бойынша аударымдардың толық бөлінуін egov.kz сайтында көруге болады.

НЖТ алуға қалай өтінім беруге болады?

БЖЗҚ-дан НЖТ алуға өтінімді Halyk мобильді қосымшасында 24/7 онлайн режимінде беруге болады:

1. Жаңа Halyk клиенттері үшін:

  • Halyk қосымшасын Android үшін Google Play немесе iOS (iPhone) үшін App Store дүкенінен жүктеп алыңыз.
  • Halyk мобильді қосымшасын ашып, «Тіркелу» түймесін басыңыз.
  • Негізгі экранда «Ұлттық қор – балаларға» тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

2. Halyk қосымшасында тіркелген клиенттер үшін:

  • Halyk мобильді қосымшасын Android үшін Google Play немесе iOS (iPhone) үшін App Store дүкенінде соңғы нұсқасына дейін жаңартыңыз.
  • Halyk мобильді қосымшасына кіріңіз.
  • Негізгі экранда «Ұлттық қор – балаларға» тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Жинақтарды оңтайландыру үшін Сіз мақсатты жинақтарды (НЖТ) Halyk Bank-тегі AQYL білім беру салымына аудару мүмкіндігін пайдалана аласыз.

Бұл банктен сыйақы, сондай-ақ мемлекеттен жылдық сыйлықақы алуға мүмкіндік береді. AQYL салымында жинақталған қаражатты техникалық, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоса алғанда, білім берудің әр түрін қаржыландыру үшін пайдалануға болады.

AQYL білім беру салымының шарттары және оны Halyk мобильді қосымшасы арқылы онлайн ашу мүмкіндігі туралы қосымша ақпаратты сілтеме бойынша таба аласыз.

БЖЗҚ-дан НЖТ алуға өтінімді қарау мерзімдері

  • БЖЗҚ тарапынан өтінім 5 жұмыс күніне дейін қаралады, содан кейін клиентке Рush-хабарламамен жауап жіберіледі.
  • Банк клиент мақсатты пайдалануды растайтын құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде олардың нысаналы мақсаты бойынша төлемдерді аударады.
  • Егер алынған төлемдер 45 жұмыс күні ішінде таңдалған мақсатқа пайдаланылмаса, онда ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Құжаттардың толық тізімімен және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының басқа да мәселелерімен:

  • Halyk мобильді қосымшасының басты бетіндегі «Ұлттық қор – балаларға» бөлімінде;
  • halykbank.kz сайтының Halyk Info бөлімінде танысуға болады.