БЖЗҚ-дан БЗТ төлеу
БЖЗҚ-дан БЗТ алу мақсаттары
Halyk – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін бөлінетін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) мақсатты пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңыздың бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана аласыз, атап айтқанда:
- Бір шарт шеңберінде тұрғын үй және (немесе) жөндеу жүргізе отырып тұрғын үй сатып алуға ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарна енгізу арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту
- Бір шарт шеңберінде тұрғын үй және (немесе) жөндеу жүргізе отырып тұрғын үй сатып алуға Halyk Bank-те алынған ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара немесе толық көлемде өтеу
- Бір шарт шеңберінде тұрғын үй және (немесе) жөндеу жүргізе отырып тұрғын үй сатып алуға басқа банкте алынған ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара немесе толық көлемде өтеу
- Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру
БЗТ ішінара алу үшін қолжетімді соманы анықтап алыңыз
Өтінім бергенге дейін Сізге міндетті түрде жинақталған зейнетақы қаражатыңызды ішінара алу үшін оның қолжетімді мөлшерін мына тәсілдердің бірімен алдын ала анықтап алу қажет:
- www.enpf.kz сайты арқылы тіркеліңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз
- https://cabinet.enpf.kz/porog ресурсы арқылы mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы алынған бір реттік парольді пайдалана отырып
- https://egov.kz сайты арқылы
БЗТ алуға өтінім беру жолы
БЖЗҚ-дан БЗТ алуға өтінімді Halyk қосымшасы арқылы 24/7 онлайн беруге болады:
1. Halyk Bank-тің жаңа клиенттері үшін:
- Android үшін Google Play немесе iOS (iPhone) үшін App Store арқылы Halyk қосымшасын жүктеңіз
- Halyk ашыңыз «Тіркелу» батырмасын басыңыз
- Бас экрандағы «Мемлекеттік қызметтер > БЖЗҚ төлемдері» таңдаңыз және экрандағы нұсқаулықты орындаңыз
2. Halyk қосымшасында тіркелген клиенттер үшін:
- Android үшін Google Play немесе iOS (iPhone) үшін App Store арқылы Halyk қосымшасын соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз
- Halyk қосымшасына кіріңіз
- Бас экрандағы «Мемлекеттік қызметтер > Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақы > БЖЗҚ төлемдері» таңдаңыз және экрандағы нұсқаулықты орындаңыз
Егер Сіз БЗТ-ны есепке жатқызуға арналған арнайы шотты алдын ала ашпаған болсаңыз, Банк оны ЗТБ алуға арналған өтінімді беру процесінде автоматты түрде ашады.
Жинақталған зейнетақы қаражатын жақын туыстарға беру
Сіз өзіңіздің БЗТ-ны жақын туысқандарыңызға немесе жұбайыңызға ішінара немесе толығымен бере аласыз. Жақын туыстар дегеніміз - ата-ана, балалар, асырап алушылар, асырап алынған балалар, асырап алынған қыздар, ата-анасы бір/ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, атасы, әжесі.
Сіз:
- БЗТ-ны бірнеше алушыға бере аласыз
- Сіз зейнетақы қаражаттарыңыздың бір бөлігін пайдаланған болсаңыз да БЗТ-ны бере аласыз
Жинақталған зейнетақы қаражатын жақын туыстарыңызға/жұбайыңызға (зайыбыңызға) беру үшін мыналар қажет:
- БЗТ-ны алуға арналған өтінімде деректерді толтырыңыз және «Жұбайыңызға (зайыбыңызға) /жақын туыстарыңызға төлемдерді беруді» таңдаңыз
- Пайдасына жинақталған зейнетақы қаражаты берілетін клиенттің ЖСН мен ұялы телефон нөмірін толтырыңыз
- Бұдан әрі экрандағы нұсқауды орындаңыз
- Өтінім ресімделгеннен кейін БЗТ-ны алушыға SMS-хабарлама келіп түседі
Маңызды! Зейнетақы төлемдерін алушы Halyk қосымшасында тіркелуі тиіс
Егер сіздің пайдаңызға тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін БЖЗҚ-дан БЗТ-ны беруге арналған өтінімге бастамашылық жасалса:
- Halyk қосымшасына кіріңіз
- Мемлекеттік қызметтер > Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақы > БЖЗҚ төлемдері
- Жіберуші және берілген БЗТ сомасы туралы ақпаратты қосымшада құжаттарға қол қойған кезде БЗТ-ны беру туралы келісімде тексере аласыз
Егер Сіз БЗТ-ны есепке жатқызуға арналған арнайы шотты алдын ала ашпаған болсаңыз, Банк оны ЗТБ алуға арналған өтінімді беру процесінде автоматты түрде ашады.
БЖЗҚ-дан БЗТ алуға өтінімді қарау мерзімі
- өтінім БЖЗҚ тарапынан 5 жұмыс күні ішінде қаралады, осыдан кейін клиентке MS-хабарлама арқылы жауап жолданады
- Банк біржолғы зейнетақы төлемдерін БЗТ сомалары клиенттің арнайы шотына есепке жатқызылған күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күні ішінде олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады
- егер қаражат 10 жұмыс күні ішінде таңдалған мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған болса, бөлінген ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады
Құжаттардың толық тізімімен және оларды ұсыну тәртібімен:
- Halyk қосымшасының басты бетіндегі "Инфо" бөлімінде
- halykbank.kz сайтының Halyk Info бөлімінде танысуға болады