Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

ISO 20022 стандарттары

Банк клиенттеріне ISO 20022 стандарты туралы не білу керек

2025 жылдан бастап Қазақстанда қаржы ұйымдары арасында хабарламалармен алмасу үшін ISO 20022 халықаралық стандарты пайдаланылатын болады. Бұл стандартты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттейтін болады және оны коммерциялық банктер пайдаланатын болады.

Уайымдамаңыздар! Сіздер төлемдер мен аударымдарды әдеттегідей жалғастыра аласыздар.

ISO 20022 деген не?

ISO 20022 - банктер мен қаржы институттары арасында деректермен алмасудың халықаралық стандарты. Ол қаржылық операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын хабарламалардың ережелері мен форматтарын анықтайды.

Маңызды ақпарат

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаулысына сәйкес, ISO 20022 форматына көшу 2025 жылға ауыстырылды.
  2. Барлық карталық операциялар (карта арқылы төлем, банкоматтан қолма-қол ақша алу, P2P, P2M) қолжетімді болады.
  3. Барлық аударымдар мен төлемдер өзгеріссіз қалады және қалыпты тәртіпте жұмыс істейді.

Сұрақтар және жауаптар

ISO 20022 қашан қолданысқа енеді?

ISO 20022 жаңа стандартына көшу 2025 жылға ауыстырылды. Нақты күні туралы қосымша хабарланады.

Шоттан ақшаны шешу керек пе?

Клиенттік операциялардың барлығы өзгеріссіз тұрақты режимде жүргізілетіндіктен, ақшаны қолма-қол шешудің қажеті жоқ.

Банкоматтар жұмыс істей ме?

Барлық банкомат операциялары өзгеріссіз қалып, тұрақты режимде жұмыс істейді.

Ақша шоттан жоғалып кетуі мүмкін бе?

Шоттағы қаражат сақталады және қолжетімді болады.

Аударымдар мен төлемдер жұмыс істей ме?

Барлық төлемдер мен аударымдар қалыпты тәртіпте қолжетімді болады.

Қолма-қол ақшасыз операциялар (дүкендерде пост-терминал арқылы төлем) жүзеге аса ма?

Барлық карталық операциялар, соның ішінде карта арқылы төлемдер, банкоматтан қолма-қол ақша алу, P2P және P2M қолжетімді болады.