Сіздің қауіпсіздігіңіз –
біздің басты
артықшылығымыз
Біз сіздің назарыңызды ҚР Ұлттық Банкі белгілеген маңызды талаптарға аударғымыз келеді. Сіздің қаржылық операцияларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында банктер клиенттің құрылғысында келесі белгілер:
∙ Қашықтан басқару немесе экранды жазу белгілері.
∙ Операциялық жүйе қауіпсіздігінің бұзылуы (мысалы, Android-да root немесе iOS-те jailbreak) анықталған болса, мобильді қосымшадағы қызметтерге қол жеткізуді бұғаттауға міндетті.
ҚР Ұлттық Банкінің 27.03.2018ж. №48 қаулысының 160-тармағының 2) тармақшасы
Бұл сақтық шаралары өте маңызды, өйткені TeamViewer, AnyDesk және осы сияқты кейбір қосымшалар қаскүнемдерге сіздің құрылғыңызға және шоттарыңызға кіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар экранды жазу мәтінді тану мүмкіндігі бар аудармашы-қосымшалар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Halyk мобильді қосымшасын пайдалануды жалғастыру үшін үшінші тарап қосымшаларын өшіруді және операциялық жүйесі бұзылған құрылғыларды пайдаланбауды ұсынамыз.
Интернетте
- Интернет-ресурстардың күмәнді сілтемелеріне өтпеңіз
- SMS-код, 3DSecure және Halyk Homebank қосымшасының паролін ешкімге хабарламаңыз
- Карта бойынша лимиттер мен шектеулерді реттеңіз
- Банктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына ғана сеніңіз
Телефон арқылы
- Картаңыздың деректерін ешкімге хабарламаңыз (картаның толық нөмірі, қолданылу мерзімі, CVV-код, PIN-код)
- Дербес деректерді ешкімге хабарламаңыз (ТАӘ, ЖСН, жеке куәлік нөмірі)
- Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша басқа бағдарламалар мен қосымшаларды орнатпаңыз
- Банкоматта біреудің ұялы телефон нөмірін байламаңыз
Картамен төлеу кезінде
- Halyk Homebank қосымшасында push-хабарландыруларды қосыңыз: «Мәзір» бөлімі > «Профиль және баптаулар» > «Хабарландырулар»
- Картаны жоғалтып алған кезде, оны дереу бұғаттаңыз
- PIN-кодты картаңыздың жанында сақтамаңыз
- Төлем жүргізуде смартфон немесе Halyk bonus digital цифрлық картасын қолданыңыз
Ақшаңыз бен жеке деректеріңізді қорғау үшін алаяқтыққа жол бермеу бойынша қарапайым нұсқауларды орындаңыз
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Бейтаныс адамдарға сенбеңіз, тіпті өзін Банк қызметкері ретінде таныстырса да
Банк қызметкерлері ЕШҚАШАН карта деректерін, SMS-кодтарды және парольдерді сұратпайды
Банк қызметкерлері Google Play және App Store ресми дүкендерінде Halyk Homebank қосымшасынан басқа бөгде мобильді және веб-қосымшаларды орнатуды ұсынбайды
Күдікті қоңырау шалынған жағдайда келіссөздер жүргізбеңіз және 7111 нөмірі бойынша Байланыс орталығына хабарлаңыз
Банк өткізіліп жатқан акциялар мен ұтыс ойындары туралы ресми сайтта және әлеуметтік желілерде Halyk Bank аккаунттарында хабарлайды
Homebank.kz жеке кабинетке кіру үшін сенімді телефон нөмірін/идентификаторды немесе логинді, парольді және SMS-кодты енгізбеңіз
Картаның артқы жағындағы 3-таңбалы кодты ешкімге хабарламаңыз
PIN-кодты картаңыздың жанында сақтамаңыз
Картаңызды жоғалтып алсаңыз, оны бұғаттаңыз:
- Halyk Homebank қосымшасы арқылы: картаны таңдап «Баптаулар»-ға өтіңіз, «Уақытша бұғаттау» қосқышын іске қосыңыз
- 7111 нөмірі бойынша Байланыс орталығы арқылы
Halyk Homebank қосымшасында цифрлық картаға онлайн тапсырыс беріңіз және Банк өнімдерін қолдануды жалғастырыңыз
Алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін Halyk Homebank қосымшасында интернеттегі төлемдерге лимиттер орнатыңыз: картаны таңдаңыз > «Баптаулар» > «Карта бойынша лимиттер» блогы > «Лимит орнату»
Банк қызметкерлері ЕШҚАШАН клиенттің дербес деректерін сұратпайды – жеке кабинетке кіру үшін логин/пароль, SMS-кодтар. Дербес деректерді бейтаныс адамдарға берген жағдайда, алаяқтар сіздің ақшаңызға қол жеткізе алады
Қоңырау шалушыға сенуге асықпаңыз. Күдікті қоңырау немесе хабарлама алған жағдайда өзіңіз Банкке қоңырау шалыңыз
Баннерлік сілтемелер немесе электрондық поштадағы сілтемелер бойынша сайттарға өтпеңіз
Сайт мекенжайы (алаяқтық сайттың атауы бір таңбадан өзгеше болуы мүмкін, бірақ визуалды бірдей болуы мүмкін) және ресми сайтпен байланыс шифрлау арқылы (https префиксінің болуы) қорғалғандығын тексеріңіз. Тексерілген сайт мекенжайын өзіңіз енгізуді және оны бетбелгіге қосуды ұсынамыз. Браузер жолында мына сілтеме болу керек: https://halykbank.kz
Жүлделердің ұтыс ойындары туралы уәде етілген және ұтыс үшін ақшаны банк шотыңызға немесе картаңызға аударуды ұсынатын ақпаратты үнемі бірнеше рет тексеріңіз.
Банк ешқашан интернет-банкинг сайтына кіру үшін салынған файлдары, сілтемелері және нысандары бар хаттарды жаппай email-тарату арқылы жүзеге асырмайды
- Банк үнемі өз клиенттерін алаяқтықтың жаңа түрлері және олардан қорғану тәсілдері туралы тұрақты түрде хабардар етеді.
- Алаяқтық операциялар анықталған жағдайда, Банк ақша қаражатын сақтау мақсатында клиенттің шоттары мен карталарын бұғаттауды дереу жүргізеді
- Алаяқтық сайттар анықталған жағдайда, Банк оларды бұғаттау үшін құқық қорғау органдарына жүгінеді
- Егер сіз алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, байланыс орталығына 7111 нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз
Кибералаяқтардан қорғануға арналған пайдалы телеграм-боттар:
- «Baiqa piramida» (Байқа пирамида) телеграм-боты азаматтарға кез келген ұйымды сенімсіз компаниялардың тізімдерінде бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді.
- «Гражданский помощник» телеграм-боты халыққа қаржы пирамидаларының интернет-ресурстарын "бұғаттауға" мүмкіндік береді.
- «Fingramota Online» қосымшасы барлық азаматтарға реттеушінің қызметі және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен өзара іс-қимыл жасау үшін ыңғайлы мобильді құрал ұсынады.