Western Union Online
Артықшылықтары
Аударымды қалай жасауға болады
Шарттары
Жіберу географиясы | әлемнің 200-ден астам елі мен аумағы |
Аударым валютасы | KZT/USD |
Алу уақыты | бірнеше минут ішінде* |
Halyk тарифы | аударым сомасынан 0,5% (min 1USD/ 380 KZT) |
Western Union ақша аударымдарын жіберу тарифтері
* Ақшалай аударымды бірнеше минутта алу мүмкіндігі сондай-ақ алатын жақтағы агенттердің жұмыс уақытына және жергілікті заңнамаға байланысты.
Аударымды жіберу және алу
АУДАРЫМДЫ ЖІБЕРУ
1. Halyk порталына кіріңіз
2. «Аударымдар» бөлімінде Western Union > Аударым жіберу қызметін таңдаңыз
3. Электронды нысанды толтырыңыз
4. Деректерді тексеріңіз және аударым талаптарымен танысыңыз
5. Сенімді телефон нөміріне жолданған SMS-кодты енгізіңіз
6. Аударымның бақылау нөмірі (MTCN) аударымға өтініште көрсетіледі, ал өтінішті Аударымдар мұрағаты арқылы басып шығаруға болады, сонымен қатар клиенттің сенімді телефон нөміріне SMS түрінде жолданады
АУДАРЫМДЫ АЛУ
1. Halyk порталына кіріңіз
2. «Аударымдар» бөлімінде Western Union > Аударымды алу қызметін таңдаңыз
3. Электронды нысанды толтырыңыз
4. Деректерді тексеріңіз және аударым талаптарымен танысыңыз
5. Аударымды алғаныңызды SMS-код арқылы растаңыз
6. Сома көрсетілген шотқа лезде есепке қосылады
АУДАРЫМДЫ ЖІБЕРУ
Аударымды жіберу үшін төмендегі тізімде берілген Halyk бөлімшесіне келіп, келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
Резиденттер үшін
• жеке басын куәландыратын құжат
Қажетті мәліметтер:
• Алушының аты-жөні
• аударым сомасы
• аударым валютасы және аударым жіберілетін ел
Резидент емес азаматтар үшін
Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгенін куәландыратын құжат, жеке тұлға – резиент емес азаматтың Қазақстан Республикасының аймағына кіру, шығу және тұру құқығы, егер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған шарттарға сәйкес өзге талаптар қарастырылмаған болса (көші-қон картасы, егер Клиентте көші-қон картасы жоқ болса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған, тіркеуді куәландыратын өзге құжат)**.
** 2 000 000 теңгеден астам немесе 2 000 000 теңге баламасынан асатын шетел валютасындағы сомаға аударым жіберілгенде/алғанда, соның ішінде бір күнтізбелік күн ішінде Клиент шот ашпай аударымды жүзеге асыру түріндегі бірнеше операция (мәміле) жасағанда ғана талап етіледі
АУДАРЫМДЫ АЛУ
Аударымды алу үшін Halyk Bank бөлімшесіне келіп, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет, осыған қоса келесі мәліметтерді білгеніңіз жөн:
• Ақша Аударымының Бақылау Нөмірі (10-таңбалы код)
• Аударым жіберушінің аты-жөні
• Аударым сомасы
• Аударым валютасы және аударым жолданған ел
Есіңізде болсын: Алушы аударымды алғаны үшін комиссия төлемейді.
Білу маңызды
* Қызмет көрсету шарттарына сәйкес аударымның нақты сомасын, аударым жолданатын елді, валютаның бар болуын, қолданылатын заңнаманы, сәйкестендіру бойынша талаптарды, төлеу орнының жұмыс уақытын, сағаттық белдеулердің уақыт айырмашылығын, аударым төлемін кейінге қалдыру қарастырылған тарифтер шарттарын немесе өзге қолданылатын шектеулерді қоса алғанда, қызмет көрсету ерекшеліктеріне байланысты аударымдарды төлеу тоқтатылуы немесе қызмет орындалмауы мүмкін. Толық ақпарат Ақшаны Жіберуге Өтініште көрсетілген.
** 2016 жылғы 30 маусымдағы бөлімшелер саны бойынша мәліметтер.
*** Аударымды төлеу валютасы жіберілген валютадан басқа болса, аударымды жібергені үшін төлемге қоса Western Union бағам айырмашылығынан кіріс алады. Аударым жүйесін таңдау барысында тек тарифке ғана емес, операцияның айырбастау бағамына да назар аударыңыз. Аударым үшін төлем және айырбастау бағамы аударым жүйесіне, аударым арнасы мен қызмет көрсетілетін бөлімшеге, бірқатар факторларға байланысты өзгешеленуі мүмкін. Тарифтер мен бағамдар алдын ала хабарлаусыз өзгертілуі мүмкін
Құрметті Halyk клиенттері, ақша аударымдары бойынша алаяқтық операциялардың алдын алу мақсатында бірнеше қарапайым қауіпсіздік шараларын қолдануыңызды сұраймыз:
1. Аударымдар жүргізу барысында аударымға қатысты деректерді (ішінара, сонымен қатар аударым нөмерімен қоса толық деректерді) үшінші тұлғаларға жария етпеңіз.
2. Аударымды ресімдеу барысында мұқият болыңыз, аударым туралы ақпаратты ешкімнің көріп/естіп алмауын бақылаңыз, өйткені алаяқтар осындай ақпаратты қолданып, аударымды алуға қажетті құжаттарды қолдан жасап алуы мүмкін. Аударымға қатысты деректерді үшінші тұлғаларға жария болмайтын жерде сақтаңыз.
3. Бейтаныс тұлғаларға аударым жасамаңыз. Есіңізде болсын, осындай жағдайда Сіз алаяқтықтың құрбаны болуыңыз мүмкін. Ақшаны өзіңіз танитын сенімді адамдарға ғана жолдаңыз.
4. Егер бейтаныс адам аударым жолдауға өтініштің көшірмесін немесе операция жөніндегі басқа да ақпаратты беру туралы өтініш жасайтын болса, аталған адаммен қатынасыңызды дереу тоқтатыңыз, өйткені бұл алаяқтық әрекеті болуы ықтимал. Ақша аударымдары төлемге қабілеттілікті растау ретінде ешқандай жағдайда қолданылмайды.
5. Ақша аударымдарын оны алатын уақыттан тым ерте жолдамаңыз, мысалы, шетелдік сапарды жоспарлағанда. Ақша аударымдары қызметі жіберілген ақшаны 10-15 минут ішінде алуға мүмкіндік береді.
6. Аударым жіберу/алу қажеттілігі туралы Банк атынан түскен телефон қоңырауларына/электронды хабарламаларға/смстарға жауап бермеңіз. Банк аударым жіберу/алу жөнінде клиенттерге қоңырау шалмайды және хабарламалар/смстар жібермейді.
7. Сіз лотереяда жеңдіңіз/сыйлық ұтып алдыңыз, оны алу үшін белгілі бір ақша сомасын ресімдеуге, салықтарды, кеден алымдарын және т.с.с. төлеуге жіберуіңіз қажет, деген телефон қоңырауларына/электронды хабарламаларға/смстарға жауап бермеңіз.