Technodom-да онлайн бөліп төлеу
Тауаурларды 1 минутта* бөліп төлеуге немесе кредитке алыңыз
Артықшылықтары
Үйден шықпай-ақ онлайн сатып алу
Halyk Bank пен Technodom-нан онлайн сатып алудың жаңа сервисін пайдаланыңыз: банк бөлімшесіне бармай-ақ бөліп төлеуге немесе кредитке жылдам сатып алуды ресімдеңіз.
Тиімді талаптар
Бөліп төлеу мерзімі (аймен)
|
3, 6 12, 24 (Technodom-да акция күндері) |
Кредит мерзімі (аймен)
|
6, 12, 24, 36, 48, 60
|
Бөліп төлеу бойынша сомасы
|
2 000 000 теңгеге дейін
|
Кредит бойынша сомасы
|
6 000 000 теңгеге дейін
|
Комиссия
|
жоқ
|
Мерзімінен бұрын ішінара өтеу
|
3 төлемнен кем болмайтын мөлшерде:
- Homebank қосымшасында комиссиясыз (мерзімінен бұрын ішінара өтеу мерзімі бойынша шектеусіз) |
Мерзімінен бұрын толық өтеу
|
- Homebank қосымшасында комиссиясыз
(мерзімінен бұрын толық өтеу мерзімі бойынша шектеусіз) |
* Әрбір өтінім жеке қаралады
Тауарды бөліп төлеуге немесе кредитке ресімдеңіз
1. Интернет-дүкеннен тауарды Halyk Bank арқылы қалай бөліп төлеумен сатып алуға болады?
Technodom қосымшасын орнатыңыз (iPhone немесе Android үшін)
- Қажет тауарларды таңдаңыз
- Төлеу әдісін (бөліп төлеу немесе кредит) төлеу мерзімін және жеткізу тәсілін таңдаңыз
- Тапсырыстың ресімделуін растаңыз
- Тапсырыс туралы мәліметтерді Банктің алуына қолжетімділік беріңіз
- Homebank-тегі логиніңіз мен пароліңізді енгізіңіз* және «Кіру» батырмасын басыңыз
- Авторизациядан сәтті өткеннен кейін Сіздің өтініміңіз өңделе бастайды
- «Растау» батырмасын басыңыз
- Растау үшін сізге SMS жолданады
2. Бөлшек дүкенде тауарды қалай бөліп төлеумен сатып алуға болады?
- Technodom дүкенінде тауарды таңдаңыз және консультанттан тапсырыс нөмірін алыңыз
- Homebank-ті* ашыңыз, «Мәзір» бөлімінде «Бөліп төлеуге/кредитке тауарларды» таңдаңыз
- Technodom таңдап, тапсырыс нөмірін енгізіңіз
- Таңдаған тауар мен соманы тексеріңіз, мерзімін көрсетіп, «Жалғастыруды» басыңыз
- Талаптармен танысып, Банктің шығарған ЭЦҚ орналастырыңыз
- Өз келісіміңізді SMS-пен келген 4 таңбалы кодпен растаңыз
Дайын!
* егер Сіз Homebank-те тіркелмеген болсаңыз, «Мен жаңа клиентпін» батырмасын басыңыз және Homebank-те тұлғаңызды бейне растау арқылы тіркеуден өтіңіз.
Кредит бойынша берешекті қалай білуге болады?
Берешек және өтеу кестесі бойынша ақпаратқа Homebank қосымшасында қол жеткізуге болады
- Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: «Шоттар» бөлімі, «Кредиттер» бөлігі
- Өтеу кестесі: Кредит батырмасын басқан кезде тиісті мәртебедегі ақпаратқа қол жетімді болады
Бөліп төлеуді/кредитті өтеу үшін Homebank Wallet электронды әмиянын қалай толықтыруға болады?
Аудару жолымен:
- Homebank арқылы картадан Homebank Wallet электронды әмиянының нөміріне
- Басқа банктердің картасынан Homebank Wallet электронды әмиянының нөміріне аудару жолымен
АТМ арқылы толықтыру жолымен:
- «Төлем картасына ақша салу» батырмасын таңдаңыз
- Homebank Wallet электронды әмиянының нөмірін енгізіңіз және қажетті сомаға толықтырыңыз
Төлем терминалы арқылы толықтыру жолымен:
- «Банктік қызметтер» - «Шотты/картаны толықтыру» - «Картаны толықтыру» функцияларын таңдаңыз
- Ары қарай ЖСН және Homebank Wallet электронды әмиянының нөмірін енгізіңіз
Homebank қосымшасында Homebank Wallet электронды әмиянының деректемелерін біліңіз:
- Басты бетте «Homebank Wallet» батырмасын таңдаңыз
- «Баптаулар» батырмасын ашып, «Сұрату» батырмасын таңдаңыз
Бөліп төлеуді/кредитті өтеу үшін Halyk Bank шотын немесе картасын қалай толықтыруға болады?
Аудару жолымен:
- Homebank-те Halyk Bank шотынан немесе картасынан комиссиясыз
- басқа банктің картасынан аудару арқылы
Толықтыру жолымен:
- Cash-In функциясы бар банкоматтарда
- төлем терминалдарында
- бөлімшелерде касса арқылы