БЖЗҚ-дан БЗТ төлеу
Halyk Bank – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін бөлінетін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) мақсатты пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор
БЖЗҚ-дан БЗТ алу мақсаттары
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңыздың бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана аласыз, атап айтқанда:
- Тұрғын үй жағдайларын бір шарттың шеңберінде тұрғын үй және (немесе) жөндеу жүргізумен тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мақсатында бастапқы жарна енгзу арқылы жақсарту
- Тұрғын үй және (немесе) жөндеу жүргізумен тұрғын үй сатып алуға Halyk Bank-те алынған ипотекалық қарызды ішінара немесе толық көлемде өтеу
- Тұрғын үй және (немесе) жөндеу жүргізумен тұрғын үй сатып алуға басқа банкте алынған ипотекалық қарызды ішінара немесе толық көлемде өтеу
- Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру
БЗТ қолжетімді мөлшерін анықтап алыңыз
Өтінім бергенге дейін Сізге міндетті түрде жинақталған зейнетақы қаражатыңызды ішінара алу үшін оның қолжетімді мөлшерін мына тәсілдердің бірімен алдын ала анықтап алу қажет:
- www.enpf.kz сайты арқылы тіркеліңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз
- https://cabinet.enpf.kz/porog ресурсы арқылы mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы алынған бір реттік парольді пайдалана отырып
- https://egov.kz сайты арқылы
БЗТ алуға өтінім беру жолы
БЖЗҚ-дан БЗТ алуға өтінімді Halyk Homebank қосымшасы арқылы 24/7 онлайн беруге болады:
1. Halyk Bank-тің жаңа клиенттері үшін:
- Android үшін Google Play немесе iOS (iPhone) үшін App Store арқылы Halyk Homebank қосымшасын жүктеңіз
- Halyk Homebank ашыңыз «Тіркелу» түймесін басыңыз
- Бас экрандағы «Мәзір» бөлімінде «БЖЗҚ төлемдері» таңдаңыз және экрандағы нұсқаулықты орындаңыз
2. Halyk Homebank қосымшасында тіркелген клиенттер үшін:
- Android үшін Google Play немесе iOS (iPhone) үшін App Store арқылы Halyk Homebank қосымшасын соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз
- Halyk Homebank қосымшасына кіріңіз
- Бас экрандағы «Мәзір» бөлімінде «БЖЗҚ төлемдері» таңдаңыз және экрандағы нұсқаулықты орындаңыз
Егер Сіз БЗТ есепке алу үшін арнайы шотты алдын ала ашпаған болсаңыз, Банк БЗТ алуға өтінім қабылдау барысында аталған шотты автоматты түрде ашады.
Жинақталған зейнетақы қаражатын жақын туыстарға беру
Сіз өзіңіздің БЗТ-ны жақын туысқандарыңызға немесе жұбайыңызға ішінара немесе толығымен бере аласыз. Жақын туыстар дегеніміз - ата-ана, балалар, асырап алушылар, асырап алынған балалар, асырап алынған қыздар, ата-анасы бір/ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, атасы, әжесі.
Сіз:
- БЗТ-ны бірнеше алушыға бере аласыз
- Сіз зейнетақы қаражаттарыңыздың бір бөлігін пайдаланған болсаңыз да БЗТ-ны бере аласыз
Жинақталған зейнетақы қаражатын жақын туыстарыңызға/жұбайыңызға (зайыбыңызға) беру үшін мыналар қажет:
- БЗТ-ны алуға арналған өтінімде деректерді толтырыңыз және «Жұбайыңызға (зайыбыңызға) /жақын туыстарыңызға төлемдерді беруді» таңдаңыз
- Пайдасына жинақталған зейнетақы қаражаты берілетін клиенттің ЖСН мен ұялы телефон нөмірін толтырыңыз
- Бұдан әрі экрандағы нұсқауды орындаңыз
- Өтінім ресімделгеннен кейін БЗТ-ны алушыға SMS-хабарлама келіп түседі
Маңызды! Зейнетақы төлемдерін алушы Halyk Homebank қосымшасында тіркелуі тиіс
Егер сіздің пайдаңызға тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін БЖЗҚ-дан БЗТ-ны беруге арналған өтінімге бастамашылық жасалса:
- Halyk Homebank қосымшасына кіріңіз
- Басты экранда немесе «Мәзір» бөлімінде «БЖЗҚ төлемдерін» таңдаңыз
- Жіберуші және берілген БЗТ сомасы туралы ақпаратты қосымшада құжаттарға қол қойған кезде БЗТ-ны беру туралы келісімде тексере аласыз
Егер Сіз БЗТ-ны есепке жатқызуға арналған арнайы шотты алдын ала ашпаған болсаңыз, Банк оны ЗТБ алуға арналған өтінімді беру процесінде автоматты түрде ашады.
БЖЗҚ-дан БЗТ алуға өтінімді қарау мерзімі
- өтінім БЖЗҚ тарапынан 5 жұмыс күні ішінде қаралады, осыдан кейін клиентке SMS-хабарлама жолданады
- Банк біржолғы зейнетақы төлемдерін БЗТ сомалары клиенттің арнайы шотына есепке қосылған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады
- егер қаражат 3 жұмыс күні ішінде таңдалған мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған болса, бөлінген ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады
Қажетті құжаттардың толық тізімі және оларды тапсыру тәртібі:
- Halyk (Homebank) қосымшасының бас парақшасындағы «Инфо» бөлімінде
- halykbank.kz сайтының Halyk Info бөлімінде орналастырылған
Толығырақ Halyk Info бөлімінде