«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы
Шарттар
| Қаржыландыру | лимитті «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ операторы бөледі |
| Кредиттеу мақсаты | бастапқы нарықта ипотекаға тұрғын үй сатып алу |
| Мөлшерлемесі | 7% (ЖТСМ 7,24% бастап 7,80% дейін) |
| Тұрғын үйдің ең жоғары құны | 30 000 000 теңге – Астана, Алматы қалалары және ҚР (қала маңындағы аймақтарды қоса алғанда), Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін 25 000 000 теңге – Қарағанды қаласы үшін 20 000 000 теңге – басқа өңірлер үшін |
| Бастапқы жарна | тұрғын үй құнының 20%-ы |
| Заем мерзімі | 25 жылға дейін - меншік құқығы алғаш рет құрылыс салушыдан (тапсырыс берушіден) не құрылыс салушы (тапсырыс беруші) атынан тұрғын үйді сататын өзге де заңды тұлғалардан (тұрғын үй кешенін таңдау бойынша шектеусіз) сатып алынған кезде тіркелетін жылжымайтын мүлік объектісі - бастапқы тұрғын үйді ғана сатып алу |
| Кірісті растау | міндетті түрде |
| Комиссиялар | 0 теңге |
| Қарыз алушыға қойылатын талаптар* | - Қазақстан азаматтығы - Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 18 (он сегіз) ай ішінде меншік құқығындағы (жұбайының/зайыбының) тұрғын үйдің болмауы - ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегі болмауы - бастапқы тұрғын үй ғана сатып алу** (Тұрғын үй кешенін таңдау бойынша шектеулерсіз) - қарыз алушының өзі ғана кепіл беруші бола алады - бір қарыз алушыға кредит беру бір реттен артық жүзеге асырылмайды |
Заемшы - жеке тұлға банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болады.
Заемшы банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда Банктің:
- тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеуге;
- заемшының банктік шоттарындағы ақшадан құн өндіруге;
- коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеуге беруге;
- сотқа талап арыз беруге құқығы бар.
Қалай ресімдеуге болады:
Halyk мобильді қосымшасындағы «Кредиттер → Онлайн кезек» бөлімінде кезекке тұрыңыз
Кезекті Halyk мобильді қосымшасындағы «Кредиттер → Онлайн кезек» бөлімінде тексеріп тұрыңыз
Кезектің келгені туралы хабарламаны күтіңіз
Хабарлама келгеннен кейін кредит алуға өтініш беру үшін Банк бөлімшесіне хабарласыңыз
Сұрақтар мен жауабтар
Онлайн кезекке өтінім беру үшін Halyk қосымшасына өтіңіз:
• қосымшада авторизациядан өтіңіз
• "Кредиттер" - "Онлайн-кезек" бөліміне өтіңіз
• талаптармен танысып, әрі қарай өтіңіз
Кезекке қою онлайн режимде жүзеге асырылады, кезекке қою үшін құжаттар талап етілмейді.
Кезек өтінімнің берілген күні мен уақытына қарай кезек тәртібімен автоматты түрде қалыптастырылады. Кезектегі орынды өзгерту немесе жақсарту мүмкін емес.
Сіз банктен СМС немесе Push хабарлама аласыз. Күнтізбелік 10 күн ішінде кредитке өтінім беру үшін Банк бөлімшесіне хабарласу қажет. Бұл ретте, егер сіз некеде болсаңыз, жұбайыңыздың қатысуы міндетті.
Күту мерзімі бағдарламаның операторы - "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ бөлетін лимитке байланысты.
Жоқ. Бір клиентке кезекке бір ғана өтінім беруге болады.
Болмайды. Сіз тек кезектен бас тарта аласыз - бұл жағдайда Сіздің өтініміңіз жалпы кезектен шығарылады.
Кезек бағдарламаның операторы "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ тарапынан ұсынылатын лимиттің ашылуына қарай жылжиды.
"Иә, болады. Осы бағдарлама бойынша кезектің болуы басқа ипотекалық өнімдерді ресімдеуге тыйым салмайды.
Маңызды! Бұл ретте, бағдарламаның талаптарына сәйкес, соңғы 18 ай ішінде ҚР аумағында меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйдің болмауы, оның ішінде жұбайында/зайыбында тұрғын үйдің болмауы міндетті талаптардың бірі болып табылады.
Бұл Сіздің кезегіңіз келген кезде және қаржыландыруға өтінім берген кезде Банк осы талап бойынша тексеру жүргізеді және заем беруден бас тартуы мүмкін дегенді білдіреді.
Жоқ, кезекті беруге немесе қайта ресімдеуге болмайды. Кезек өтініш берушіге бекітіледі және ерлі-зайыптыларды қоса алғанда, үшінші тұлғаларға берілмейді.
Иә, тұра аласыз. Бұл ретте 7-20-25 бағдарламасына тек бір рет қатысуға болады
Жоқ. Банктің өтінімді біржақты тәртіппен жоюға құқығы жоқ. Кезектен бас тарту тек клиенттің бастамасы бойынша ғана мүмкін болады.
Шектеулі лимит пен жоғары сұранысқа байланысты Банк кредитке өтінім беру мерзімін шектейді.
Иә, кезекке қоюға өтінімді қайтадан іске қосуға болады, бірақ алдыңғы өтінімнен толық бас тартқаннан кейін ғана.
Өтінім бергеннен кейін Сіз өз кезегіңізді Halyk қосымшасында Кредиттер-онлайн кезек бөлімінде өз бетіңізше тексере аласыз
Күнтізбелік 10 күн.
Сіздің кезегіңіз автоматты түрде жойылады. Кезекке қайтадан өтінім беруге болады, бірақ кезектегі орын сақталмайды.
Иә, Сіз Банктің шақыруын алғанға дейін кезектен кез келген уақытта бас тарта аласыз. Бас тартқаннан кейін өтінім кезектен алып тасталады
Жоқ, өтінім бергеннен кейін деректерді өзгертуге болмайды. Қажет болған жағдайда, кезектен бас тартуға және жаңа өтінім беруге болады.
Лимит мөлшерін бағдарламаның операторы "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ белгілейді.
Жоқ. 7-20-25 бағдарламасына тек бір рет қанақатысуға болады




