MoneyGram
Әлемнің 200-ден астам елдеріндегі Компанияның 350 000 астам бөлімшелеріне жылдам және сенімді ақша аудару
Артықшылықтары
Шарттары
Жөнелтілуі мүмкін | жеке тұлғалардың атына |
Жөнелтілім географиясы | әлемнің 200 астам елінде, 350 000 бөлімше |
Аударым валютасы | USD
EUR |
Аударымның ең жоғары сомасы | 9 999 USD/7 000 EURO, клиент тәулігіне осы соманың ішінде екі аударым жібере алады
|
Алу уақыты*
|
бірнеше минуттың ішінде |
Аударымды жөнелту және алу тәсілі | банк бөлімшелерінде |
*Ақша аударымын бірнеше минут ішінде алу мүмкіндігі алушы тараптағы агенттердің жұмыс уақытына және жергілікті заңдарға байланысты.
Білу маңызды
Ақша аударымдарын жүргізу барысында алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары
Құрметті «Қазақстан Халық Банкі» АҚ клиенттері, ақша аударымдары бойынша алаяқтық операциялардың алдын алу мақсатында келесі қарапайым қауіпсіздік шараларын қолдануыңызды сұраймыз:
1. Аударымдар жүргізу барысында аударымға қатысты деректерді (ішінара, сонымен қатар аударым нөмірімен қоса толық деректерді) үшінші тұлғаларға жария етпеңіз.
2. Аударымды ресімдеу барысында мұқият болыңыз, аударым туралы ақпаратты ешкімнің көріп/естіп алмауын бақылаңыз, өйткені алаяқтар осындай ақпаратты қолданып, аударымды алуға қажетті құжаттарды қолдан жасап алуы мүмкін. Аударымға қатысты деректерді үшінші тұлғаларға жария болмайтын жерде сақтаңыз.
3. Өзіңіз танымайтын тұлғаларға аударым жолдаудан аулақ болыңыз. Есіңізде болсын, осындай жағдайда Сіз алаяқтардың заңсыз әрекеттерінен зардап шегуіңіз мүмкін. Ақшаңызды өзіңіз танитын сенімді адамдарға ғана жолдаңыз.
4. Егер бейтаныс адам аударым жолдауға өтініштің көшірмесін немесе операция жөніндегі басқа да ақпаратты беру туралы өтініш жасайтын болса, аталған адаммен қатынасыңызды дереу тоқтатыңыз, өйткені бұл алаяқтық әрекеті болуы ықтимал. Ақша аударымдары төлемге қабілеттілікті растау ретінде ешқандай жағдайда қолданылмайды.
5. Ақша аударымдарын оны алатын уақыттан тым ерте жолдамаңыз, мысалы, шетелдік сапарды жоспарлағанда. Ақша аударымдары қызметі жіберілген ақшаны 10-15 минут ішінде алуға мүмкіндік береді.
6. Банк тарапынан аударымды жіберу/алу қажеттігі туралы қоңырау соғылған/ электронды/смс хабарлама жолданған болса, осындай ақпаратқа назар аудармаған жөн. Өйткені Банк аударымды жіберу/алу жөнінде клиенттерге қоңырау соқпайды, хабарлама жолдамайды.
7. Лотереяда қомақты ұтысқа ие болғаныңыз/жүлде ұтып алғаныңыз жөнінде, осыған қоса аталған жүлдені алу үшін ресімдеу, салықты төлеу, кеден алымдарына және т.б. қажетті белгілі бір ақша сомасын жолдауыңыз қажет екендігі хабарланған қоңырау соғуларға/электронды/смс хабарламаларына сенбеңіз.
Бөлімшені іздеу
Аударым қалай жіберіледі және алынады
-
Банк бөлімшесіне жүгіну қажет
-
Жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет
-
Алушының ТАӘ; - сомасын - валютасын; - алушы елді көрсету керек
-
Банк бөлімшесіне жүгіну қажет
-
Жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет
-
Бақылау нөмірін; - жөнелтушінің ТАӘ; - сомасын - валютасын; - аударым жіберілген елді көрсету керек