Сатып алу және сату
Алтын бағамы
Сатып алуға немесе сатуға өтінім
Алтын құймаларын Астана уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін ғана сатып алуға немесе сатуға болады.
Сұрақтар және жауаптар
Құймаларды сату сатып алу және сату алдын ала берілетін өтінім бойынша жүзеге асырылады, оны Банктің сайтында рәсімдеу қажет. Тапсырыс өңделгеннен кейін Банк менеджері клиентпен байланысып, құйманың бар екенін хабарлайды және сатып алу мен сатуды жүзеге асыруға болатын бөлімшенің мекенжайын айтады.
Жоқ, Банк тек алтын құймаларды сатады.
Өтінімді жоспарланған сатып алу күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей рәсімдеу ұсынылады. Сатып алу-сату операциялары тек жұмыс күндері жүзеге асырылады.
Операциялар мәміле жасалған кезде қолданылатын бағам бойынша жүргізіледі.
Иә, клиент сатып алынған құйманы өз қалауынша пайдалануға құқылы.
Егер клиент болашақта құйманы Банкке сатуды жоспарласа, ораманы ашуға немесе құйманы бүлдіруге жол берілмейді. Қаптаманың тұтастығы бұзылған жағдайда, сатып алу бағасы айтарлықтай төмендеуі мүмкін.
Егер клиент Банкке кері сатуды жоспарламаса, құйманы ол өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
Жоқ. Төлем тек теңгемен жүргізіледі. Қажет болса, шетел валютасын Банкте айырбастауға болады.
Балама ретінде Банк металл шоттарын ұсынады. Толығырақ.
Төлем қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады. Картаны немесе ағымдағы/депозиттік шотты пайдаланып төлеген кезде кассир екі операция жасайды: ақшаны шешіп алу, одан кейін құйманы сатып алу. Осыған байланысты Банктің тарифтеріне сәйкес қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия алынуы мүмкін. Басқа банктердің карталарымен төлеу қарастырылмаған. Кредиттеу және бөліп төлеу ұсынылмайды.
Жоқ. Клиент сатып алғаннан кейін құймаларды өзі алып кетуге міндетті. Дегенмен, сейф ұяшығын жалға алып, сақтауға да болады. Толығырақ
Жеке басын куәландыратын құжат. Шетел азаматтары үшін қосымша құжат — жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН).
Жоқ. Қазіргі уақытта құймаларды әкетуге Қазақстан Республикасы Президентінің қолданыстағы Жарлығына сәйкес тыйым салынады.
ҚР Салық кодексіне сәйкес инвестициялық алтынды сату кезінде құн өсімінен түсетін кіріс клиеттің өз бетінше салық салуына жатады. Салықтарды декларациялау және төлеу бойынша толық ақпарат алу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне өтініш білдіру қажет.
Алдыңғы дизайн буклеттері сілтемесі бойынша Басқа қызметтер бөлімінде орналастырылған.




