Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Visa Infinite Ultra

Жайлылықтың жаңа деңгейін сезініңіз!
Картаның артықшылықтары
Қолма-қол ақшаны тегін алу

Бүкіл әлем бойынша банкоматтардан ақшаны комиссиясыз шешіп алыңыз

Жоғары бонустар – 6%

Бонустар жинаныз және кез келген тауарды бонустармен төлеңіз

Валюталар

KZT, USD, EUR, AED, GBP

Тегін қызмет көрсету

Талаптарды орындау кезінде жыл сайынғы тегін қызмет көрсету

Visa және Банктің эксклюзивті артықшылықтары
Dragon Pass
Бүкіл әлем бойынша Dragon Pass бизнес залдарына кіру
Багажды орау
Әуежайларда багажды орау
Fast Track
Әуежайда формальдылықтың жедел өтуі
Roaming (AirAlo)
Сапардағы роуминг
Әуежай трансфері
Алматы әуежайынан премиум трансфер
Әуежайлардың VIP және CIP залдары
Қазақстан бойынша әуежайлардың VIP-залдары мен CIP-залдарына кіру

Visa-дан Консьерж қызметі

Сіздің көмекшіңіз 24/7

Visa.Concierge чат-боты - кез келген нәрсені 24/7 ұйымдастыратын, табатын және жеткізетін көмекшіңіз. Visa премиум карталарын ұстаушыларға картасының артықшылықтары туралы бәрін бір жерден білуге мүмкіндік береді.

Қалай пайдалануға болады?
  1. Егер Сіз Visa Concierge чат-ботына тіркелмеген болсаңыз, онда тіркеліңіз.
  2. Чат-ботта "Concierge" немесе "360 қолдау" бөлімін таңдаңыз.
  3. Сұрауыңызды жазыңыз.

Visa Concierge қызметі туралы толығырақ Visa Concierge сілтемесі арқылы танысуға болады.

Сақтандыру
2 500 000 долларға дейін сақтандыру
Саяхаттау кезінде отбасыңызды сақтандыру
Сатып алған тауарды сақтандыру
Сатып алған тауарыңызды зақымданудан және ұрлықтан сақтандыру
Шетелге шығатындар үшін сақтандыру
«HALYK» сақтандыру компаниясынан сақтандыру
Жазатайым оқиғалардан сақтандыру
«HALYK LIFE» сақтандыру компаниясынан сақтандыру

Кеңес алу

Талаптар

Шығарылым

30 000 теңге

ВалютаKZT, USD, EUR, AED, GBP
Жылдық қызмет көрсету

Мына талапты орындаған жағдайда, тегін:

  • 80 000 000 теңгеден басталатын депозиттердегі қалдықтар (клиенттің депозиттік шоттарындағы айына орташа күндік қалдықтар есепке алынады)

Қалған жағдайларда - айына 10 000 теңге

Бонустар

Барлық сатып алуларға 6% + Halyk+ бағдарламасы бойынша қосымша бонустар

Бүкіл әлем бойынша банкоматтардан қолма-қол ақша алу
белгіленген лимит шеңберінде
Картадан Halyk Bank картасына аударымдар
0 теңге
Картадан басқа банктердің карталарына аударымдар
200 теңге

"Халық" сақтандыру компаниясы" АҚ-дан сақтандыру сертификаты

110 360 EUR дейін

"Halyk Life" АҚ-дан сақтандыру сертификаты

10 000 000 теңгеге дейін

Halyk Club: бонустар аумағы ниеттестік бағдарламасының шарттары

Картаны қалай жасауға болады

2

Жиі қойылатын сұрақтар

Картаны шығару және техникалық қызмет көрсету қанша тұрады?

Картаны шығару - 30 000 теңге.

Қызмет көрсету - айына 10 000 теңге, 80 000 000 теңгеден басталатын салым болған жағдайда - тегін.

Картаны қалай алуға болады?

Карта банк бөлімшелерінде шығарылады. Картаның дайындық мерзімі аймаққа байланысты және 10 жұмыс күніне дейін мерзімді құрайды.

Мен қанша Visa Infinite Ultra картасын аша аламын?

Бір клиентке тек 1 карта шығарылады.

Мен картаны алдым, оны қалай пайдалануға болады?

1. Halyk мобильді қосымшасын жүктеңіз және тіркеліңіз.

2. Картаға жеке ДСН-код орнатыңыз. Бұл ДСН енгізу (сатып алу, қолма-қол ақшаны алу) қажет болуы мүмкін операциялар кезінде сәтсіздіктерді болдырмайды.

3. Картаны Halyk-тегі Apple Pay/Google Pay әмиянына байлап, смартфонмен немесе интернетте төлеңіз - тез, қауіпсіз, ыңғайлы.

4. Картаны толықтырып, сауда жасаңыз.

Неліктен мультивалюталық картаны пайдалану тиімді?

Карта 5 валютада шығарылады - KZT, USD, EUR, AED және GBP. 

Егер сіз шетелге сапар шегуді жоспарласаңыз, шотты қажетті валютада толтырып, операциялар жүргізіңіз. Сатып алу сомасы сіздің валюталық шотыңыздан KZT-ке айырбастаусыз есептен шығарылатын болады.

Dragon Pass бағдарламасы бойынша бизнес-залдарға қонақ шақыруға бола ма?

Иә, Visa Infinite Ultra картасын ұстаушы жылына 12 қонақты тегін өткізуге құқылы.

Қазақстан бойынша әуежайлардағы VIP/CIP залдарына қонақ шақыруға бола ма?

Жоқ, карта ұстаушының қонақтары үшін Қазақстан бойынша әуежайлардың VIP/CIP залдарына өту ақылы болып табылады. Dragon Pass бағдарламасына кіретін бизнес-залдарды қоспағанда.

Halyk СК сақтандыруының шарттары қандай?

Halyk СК сақтандыру сертификаты карта шығарылған кезде тегін беріледі және шетелге шығатындар үшін жарамды (шұғыл медициналық көмек, өмір мен денсаулыққа зиян келтіру, мүліктік құқықтар, сот шығындары). 

Сақтандыруды пайдалану үшін әуе/теміржол билеттерін сатып алу немесе шетелде тұру шығындарын картамен төлеудің қажеті жоқ. 

Қамтудың максималды сомасы - 110 360 EUR дейін.

Halyk Life СК сақтандыруының шарттары қандай?

Halyk Life СК сақтандыру - бұл I немесе II топтағы мүгедектікке әкеліп соқтырған және сақтанушының өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиғалардан сақтандыру. Карта шығарылған кезде тегін беріледі. 

Қамтудың ең жоғары сомасы - 10 000 000 теңгеге дейін. 

Бір айға бонустардың ең көп мөлшері қандай?

Бір айға бонустардың ең көп сомасы - 100 000 теңгеге дейін. 

Бұл ретте Сіз Halyk+ бонустық бағдарламасының қатысушысы бола аласыз және айына қосымша 100 000 теңгеге дейін табыс таба аласыз. Бағдарламаның шарттарымен Halyk Club бөлімінде сілтеме бойынша танысуға болады.

Егер карта бойынша сұрақтар туындаса, қайда баруым керек?

7111 нөміріне қоңырау шалыңыз (ұялы телефоннан тегін).

Біз сізге қуана көмектесеміз.