Push-хабарламалар
Артықшылықтары
Push-хабарламалар - бұл Halyk-тың барлық клиенттеріне арналған қауіпсіз және тегін сервис. Halyk қосымшасында хабарламаларды қосыңыз да барлық шоттарыңыз бен карталарыңыз бойынша банк операциялары жөнінде хабарламалар алыңыз.
Бұл қызмет тегін және Halyk Bank транзакцияларының қорғанысын күшейтуге мүмкіндік береді әрі жеке деректерді [мысалы сенімді нөмірді ауыстыру] пайдалану тәуекелдерін азайтады.
Push-хабарламалар Halyk қосымшасында сақталады және оған тек құпиясөз немесе телефон иесінің саусағының ізі, бет әлпеті (Face ID) арқылы биометриялық деректер арқылы кіруге болады.
Push-хабарламарды қосу үшін Halyk қосымшасын ашыңыз:
1. Мәзір → Профилі және баптаулар → Хабарламалар → Құрылғыны қосу
Қосылуды растау үшін SMS арқылы келген кодты енгізіңіз.
2. Мәзір → Профилі және баптаулар → Хабарламалар → «Хабарламаларды алу» опциясын қосыңыз
"Хабарламаларды қосу" мәзірінде қажетті хабарламаларды қосуға болады:
- хабарламалар, карталар бойынша транзакциялар
- ағымдағы шот/депозит бойынша ақша қозғалысы
- ЖЖЕ айыппұлдары, тыйым салулар/ТТТ
- коммуналдық қызметтер
- жарнама
Орнатқаннан және қосқаннан кейін Сіз төлем терминалы және басқа банктік операциялар арқылы төлегеннен кейін барлық карта операциялары бойынша push-хабарламалар ала аласыз.
Push-хабарламарды қосу үшін
"Мәзірді" басыңыз → Профилі және баптаулар → Хабарламалар → және «Хабарламаларды алу» опциясын қосыңыз
Дайын! Әр операция кезінде сіз смартфоныңызға push-хабарлама алып отырасыз