Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

Kino.kz цифрлық картасы

Сұрақтар және жауаптар

Картаны қалай ашады?

1. Kino.kz сайтына немесе қосымшасына кіріңіз
2. "Афиша", "Профиль" бөлімдерінде немесе билетті сатып алған кезде тапсырысты растағанда «Kino.kz картасы» баннерін басыңыз
3. Картаның талаптарымен танысыңыз және «Карта ашу» батырмасын басыңыз
4. Егер сіз қосымшада пошта арқылы авторизациядан өткен болсаңыз – телефон нөміріңізді және ЖСН енгізіңіз
Егер сіз қосымшада телефон нөмірі арқылы авторизациядан өткен болсаңыз – өзіңіздің ЖСН енгізіңіз және телефон нөміріңіздің дұрыстығына көз жеткізіңіз. Егер нөмір қате енгізілсе, түзетіңіз.
5. Егер сіз ҚР азаматы болсаңыз – «Мен ҚР азаматымын» жолын қанат белгісін қойыңыз және «Әрі қарай» батырмасын басыңыз
6. Сіз көрсеткен телефон нөміріне келетін sms-тен кодты енгізіңіз
7. Жеке басыңызды анықтау үшін бейне тексеруден өтіңіз
8. Дайын болды, сіздің картаңыз ашылды. Сіз билет сатып алу үшін өз картаңызды дереу толықтыра аласыз немесе kino.kz басты бетіне орала аласыз
9. Егер сізде kino.kz порталында бұрын байластырылған карталар болса, онда сізге бұрын байластырылған карталардан толықтыруды таңдау қажет
9. Егер сіз бұрын төлем жасау үшін карталарды байластырмаған болсаңыз, онда сізге аударым жасау экраны көрсетіледі, қалаған соманы енгізіп, толықтыруыңыз керек
10. Толықтыру әдісін таңдаңыз және картаға аударым жасаңыз
11. Дайын, сіздің Kino.kz картаңызға аударым жасалды. Енді сіз билет сатып ала аласыз

Kino.kz картамды қайдан таба аламын?

Сіз Kino.kz порталында, "Профиль" бөліміндегі "Kino.kz картасы" қосымша бетіне өтіп,
немесе Halyk қосымшасында «Шоттар» бөлімінде Kino.kz картаңызды таба аласыз. Картаның дұрыс көрсетілуі үшін сіздің қосымшаңыздың нұсқасы соңғы нұсқа екендігіне көз жеткізіңіз.

Kino.kz картамның деректемелерін қайдан табамын?

1. Halyk қосымшасында авторизациядан өтіңіз  
2. «Шоттар» бөлімінде Kino.kz картасын табыңыз және оны басыңыз
3. Картаның ішінде «Деректемелер» бөлімін басыңыз
4. Әрі қарай «Көрсету», «Картаның нөмірі және CVC/CVV» жолын басыңыз
5. sms-тен келген кодтың көмегімен растаңыз
6. Дайын, сіз картаның нөмірін, қолданылу мерзімін және CVV нөмірін пайдалана аласыз

Kino.kz картасының артықшылықтары
  • Толығымен цифрлық карта
  • Fast Track. Іс-шараларға басымдықпен кіру;
  • Тек карта ұстаушылар үшін эксклюзивті іс-шараларға қатысты алдын-ала сатылымдарға қолжеткізу;
  • Карта ұстаушылар арасында мерч, жабық көрсетілімдерге билеттер және тағы басқа ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігі
  • өзекті ақпаратпен kino.kz порталында танысуға болады
POS-терминалдар арқылы картамен төлем жасай аламын ба?

Сіз картаны Halyk қосымшасы арқылы Apple/Google/ Samsung/Garmin Pay-ға байластырып, POS-терминалдарда төлем жасай аласыз

Apple Pay-ді қалай қосуға болады?

Apple Pay-ді Halyk қосымшасы немесе Wallet қосымшасы арқылы қосуға болады.

Halyk қосымшасы арқылы
1. Halyk қосымшасын ашыңыз
2. «Шоттар» бөлімінде картаны таңдаңыз және «Apple Pay» басыңыз
3. «Apple Wallet-ке қосу» батырмасын басыңыз

Apple Wallet қосымшасы арқылы
1. Wallet-ті таңдаңыз және «+» басыңыз

2. «Жалғастыру» батырмасын басыңыз және картаның деректерін толтырыңыз

3. Банк немесе картаның эмитенті картаны тексеруден өткізгеннен кейін, «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.

4. Apple Wallet талаптары мен ережелерімен танысып, «Қабылдау» батырмасын басыңыз

5. Дайын, сіздің картаңыз Apple Pay-ге қосылды. Енді сіз Apple Pay арқылы сатып ала аласыз

Kino.kz қосымшасы арқылы  

1. kino.kz қосымшасын ашыңыз

2. «Профиль» бөліміне өтіңіз

3. «Kino.kz картасы» бөліміне өтіңіз

4. «Apple / Google pay-ге байластыру» батырмасын басыңыз

5. Сіз Halyk қосымшасына өтесіз. Егер сізде Halyk қосымшасы орнатылмаған болса, сізді Halyk қосымшасын жүктеу және орнату үшін AppStore немесе PlayMarket қосымшасына бағыттайды.

6. Halyk қосымшасын орнатып, онда тіркелгеннен кейін «Шоттар» бөліміне өтіңіз, картаны таңдаңыз және «Apple Pay» басыңыз

7. «Apple Wallet-ке қосу» батырмасын басыңыз

Дайын! Енді Сіз Apple Pay арқылы сатып ала аласыз

Google Pay-ді қалай қосады?

Google Pay-ді Halyk қосымшасы немесе Google Pay қосымшасы арқылы қосуға болады

Kino.kz қосымшасы арқылы 

1. Kino.kz қосымшасын ашыңыз

2. «Профиль» бөліміне өтіңіз  

3. «Kino.kz картасы» бөліміне өтіңіз

4. «Apple / Google pay-ге байластыру» батырмасын басыңыз  

5. Сіз Halyk қосымшасына өтесіз. Егер сізде Halyk қосымшасы орнатылмаған болса, сізді Halyk қосымшасын жүктеу және орнату үшін AppStore-ға немесе PlayMarket-ке бағыттайды.

6. Halyk қосымшасын орнатып, онда тіркелгеннен кейін «Шоттар» бөліміне өтіңіз, картаны таңдаңыз және «Google Pay» басыңыз

7. «G Pay-ге қосу» батырмасын басыңыз

Halyk қосымшасы арқылы

1. Halyk қосымшасын ашыңыз

2. «Шоттар» бөлімінде картаны таңдаңыз және «Google Pay» басыңыз

3. «G Pay-ге қосу» батырмасын басыңыз

Google Pay қосымшасы арқылы 

1. Google Pay қосымшасын ашыңыз немесе жүктеп алыңыз

2. «Төлеу»/«Төлеу тәсілін қосу» батырмасын, содан кейін «Төлеу тәсілдері» батырмасын таңдаңыз

3. Картаның* деректерін енгізіңіз және Пайдалану талаптарын қабылдаңыз

4. Деректерді растаңыз

Дайын! Енді Сіз Google Pay арқылы сатып ала аласыз

Samsung Pay-ді қалай қосуға болады?

Орнату үшін Samsung Pay функциясын қолдайтын смартфон қажет.
1. www.samsung.com/kz_ru сайтында Samsung account-та есептік жазба құрыңыз/кіріңіз
2. Samsung Account үшін өзіңіздің email және смартфонның моделін енгізіңіз.
3. Galaxy Store-да Samsung Pay парағы ашылады, «Орнату» басыңыз.
4. Samsung Pay қосымшасын ашыңыз.
5. Өзіңізге қолайлы авторизация тәсілін баптаңыз: саусақ таңбасы арқылы, көздің нұрлы қабығы арқылы немесе қосымшаның PIN-коды бойынша.
6. «Төлеу» бөлімінде «Картаны қосу» таңдаңыз.
7. Картаны сканерлеу арқылы/картаның нөмірін қолмен енгізу арқылы қосыңыз немесе смартфонға қойып, жанасусыз картаны қосыңыз.
8. «SMS» арқылы растау әдісін таңдаңыз.
9. SMS арқылы алынған кодпен қосылуды растаңыз және қол қойыңыз.

Дайын! Енді Сіз Samsung Pay арқылы сатып ала аласыз

Kino.kz цифрлық картасы бойынша комиссиялар

1. Жылдық қызмет көрсету - 0 теңге
2. Осы карта бойынша картадан ақша шешіп алу мүмкін емес (оның ішінде QR және Cash by Code бойынша). Қаражатты шешіп алу үшін басқа картаға аударым жасау қажет.
3. Аударымдар:
• Halyk карталары арасында - 0 теңге
• Halyk арқылы Halyk картасынан ҚР басқа банкінің картасына* - 150 теңге
• Halyk арқылы ҚР өзге банктерінің карталары арасында* - 150 теңге
• Halyk картасынан халықаралық карталарға (аударым валютасындағы балама) - 2 USD
• ҚР басқа банктерінің қосымшалары арқылы VISA және Master Card карталары бойынша Halyk карталарынан аударымдар - 0,95% (мин 150 тг)

*Тарифтерге сілтеме

Kino.kz картасы бойынша қандай бонустар алуға болады?
  • 5% – Halyk QR арқылы төлемдерге
  • 1% – Halyk POS-терминалдарында смартфонмен (Apple Pay, Samsung Pay және Google Pay) төлемдерге тұрақты бонус*
  • 1% – Halyk қосымшасындағы төлемдерге тұрақты бонус*
  • 10% – арнайы бағдарламалар мен акциялар бойынша ең жоғары бонус
  • 30% – Halyk Club серіктестер желісіндегі ең жоғары бонус

*бонустарды есептеу бойынша ерекшеліктер бар  

Бонустарды қалай жұмсауға болады?

Бонустарды Halyk POS терминалдарында және Halyk қосымшасында тауарлар мен қызметтерді сатып алуға төлеп жұмсауға болады. Сондай-ақ Halyk QR, Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay, Garmin Pay арқылы төлем жасау мүмкіндігі бар

Карта бойынша деректерді қалай білуге болады?

Онлайн төлеу үшін цифрлық карта бойынша деректерді қалай білуге болады?
Kino.kz цифрлық картасы: Halyk қосымшасы -> «Шоттар» бөлімі -> картаны таңдау -> «Баптаулар»/ - Деректемелер (сұрату)/ Картаның деректемелері

IBAN-шотты (20 таңбалы шот) қалай аласыз/ашасыз

Halyk қосымшасында шотыңыздың/ IBAN нөмірін біліңіз:

  • Картаңызды таңдаңыз
  • «Баптаулар» опциясын басыңыз және IBAN жолындағы шот нөмірін көшіріп алыңыз


Halyk қосымшасында шот нөмірін/IBAN ашыңыз:

  • «Шоттар» бөліміне өтіңіз
  • Қажетті картаны таңдаңыз, оны басыңыз
  • «Баптаулар» опциясын таңдаңыз және әрі қарай «Шот туралы хабарлама» батырмасын басыңыз

«Шот нөмірлері» (IBAN) жолында нөмірді көшіріп алу мүмкіндігі бар 20 таңбалы шот нөмірі көрсетіледі.

Kino.kz картасын неше жастан ашуға болады?

Kino.kz картасын 16 жастан ашуға болады.

Kino.kz картасының мүмкіндіктері
  • Kino.kz ішінде төлемдер жасау
  • Halyk қосымшасында төлемдер/аударымдар жасау
  • Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және QR-коды бар смартфонмен картасыз сауда ақысын төлеу
Картаны қалай жабады?

Картаны жабу үшін Банктің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласу қажет. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет.

Картаны қалай толықтырады?

Сіз картаны:

1. Kino.kz қосымшасының ішінде

«Профиль», «Kino.kz картасы» бөліміне өтіңіз. «Картаны толықтыру» батырмасын басыңыз. Картаны 2 тәсілмен толықтыруға болады:

  • картаны kino.kz қосымшасында сақталған картадан толықтыру
  • кез келген басқа картадан толықтыру – бұл жағдайда толықтыру жасалатын картаның деректерін енгізу қажет: Картаның нөмірі, Картаның мерзімі, CVV коды


2. Cash-In функциясы бар банкоматтар арқылы

  • Halyk арқылы картадан картаға аудару жолымен
  • Halyk төлем терминалдары арқылы
  • картадан картаға аударымды қолдайтын басқа банктер арқылы
  • Halyk бөлімшелерінде касса арқылы толықтыра аласыз

Картаны банкоматтар, терминалдар немесе Halyk карталарынан аудару арқылы толықтырғаны үшін комиссия - 0 теңге.