Өзін-өзі жұмыспен қамту
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам кім?
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам - өзі үшін жұмыс істейтін және ресми түрде әлеуметтік аударымдар мен жарналарды төлейтін адам. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғалар үшін арнайы салық режимін таңдап, жеке кәсіпкер немесе күрделі есептіліксіз заңды түрде жұмыс істей аласыз.
Бұл бөлімде біз сіздің табысыңызды дұрыс есепке алу және әлеуметтік аударымдар мен жарналарды уақытында төлеу үшін не істеу керектігін түсіндіреміз.
Өзін-өзі жұмыспен қамту режимі кімдерге сәйкес келеді?
Сіз келесі жағдайларда өзіңізді жұмыспен қамтыған тұлға бола аласыз:
• Сіз Қазақстан Республикасының азаматы немесе қандассыз (Қандас - бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болмаған және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).
• Сіз жалданған жұмысшыларсыз жалғыз жұмыс істейсіз
• Сіздің табысыңыз айына 300 АЕК дейін (шамамен 1 297 500 ₸)
• Сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға рұқсат етілген қызмет түрімен айналысасыз (тізімді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді)
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға не істеуі керек?
1. Өз табысыңызды ескеру керек
• Halyk Super App қосымшасын орнатыңыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның жеке картаңызды ашыңыз
• Halyk Super App қосымшасында алған әрбір кірістен түбіртек жасап алыңыз.
• барлық түбіртек автоматты түрде бір тізімде (тізілімде) сақталады
Сізге дәптерлер немесе кестелер жүргізудің қажеті жоқ – қосымша бәрін өзі жасайды.
2. Тек әлеуметтік аударымдар мен жарналарды төлеңіз
• ЖТС (табыс салығы) – 0%, төлем жасаудың қажеті жоқ
• Әлеуметтік төлемдер – табыстың 4%-ы
• МЗЖ– 1% (ең көбі 425 000 ₸)
• ӘА – 1% (макс. 595 000 ₸)
• МӘМС – 1% (макс. 34 000 ₸)
• ЖМЗЖ– 1% (макс. 148 750 ₸)
Төлем мерзімі келесі айдың 25-інен кешіктірілмейді.
3. Қызмет түрін бақылаңыз
• Қызмет өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімінде болуы керек
• Егер сіз басқа қызмет түрін бастасаңыз, табысыңыз 300 АЕК-тен асса немесе жұмысшылар жалдасаңыз — басқа салық режиміне ауысу қажет
4. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға қалай шот пен картаны ашып, оны пайдалана алады?
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға - жеке кәсіпкер емес, жеке тұлға.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаның шоты мен картасы:
• Halyk Super App қосымшасында жеке тұлғаға арналған жеке картасын ашыңыз (картаға шот ашылады)
• МКК-ны шоттың ашылғаны туралы хабардар етудің қажеті жоқ
• Halyk Super App қосымшасында өзін-өзі жұмыспен қамту қызметі үшін төлемдер қабылдап және түбіртектерді шығару үшін картаны пайдаланыңыз
5. Өтпелі кезең: 2026 жылдың қаңтар-ақпаны.
Сіз жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеп жатырсыз. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға болу үшін не істеу керек?
Жауап:
• Жеке кәсіпкерлігіңізді жабыңыз
• Halyk Super App қосымшасында өзін-өі қамтыған тұлғаның шотын ашыңыз
• Алғашқы чектен кейін сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәртебесін аласыз
6. Сізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жатпайтын басқа да табыс бар. Не істеу керек?
• Сіз басқа арнайы салық режимін таңдай аласыз
• Немесе ҚР Салық кодексінде көрсетілгендей, тұрақты салық салу жүйесіне ауысу керек
7. Егер табыс болмаса, бизнесімді тоқтатуым керек пе?
• Жоқ, міндетті емес
• Егер табысыңыз болмаса, салық органдары сізді автоматты түрде тіркеуден шығарады (ҚР Салық кодексінің 716-бабының 13-тармағы)
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаға арналған кеңестер
• Жұмысқа кіріскеннен кейін бірден Halyk Super App мобильді қосымшасын орнатыңыз
• Кірістер есебін күнделікті жүргізіңіз
• Әлеуметтік аударымдар мен жарналарды төлеуді соңғы күнге қалдырмаңыз
Жиі қойылатын сұрақтар
Жұмысшылары жоқ, айына 300 АЕК (1 270 500 ₸) дейінгі табысы бар және рұқсат етілген қызмет түрі бар жеке тұлға.
Жоқ. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам - жеке кәсіпкер емес, жеке тұлға.
Жоқ, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет емес.
Halyk Super App қосымшасы арқылы - әрбір табыс автоматты түрде жасақталып, тізілімге тіркеледі.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам тек әлеуметтік аударымдар мен жарналарды төлейді
ЖТС (табыс салығы) – 0%, төлем жасаудың қажеті жоқ
• Әлеуметтік төлемдер – түскен табыстың 4%-ын төлейсіз
• МЗЖ– 1% (ең көбі 425 000 ₸)
• ӘА – 1% (макс. 595 000 ₸)
• МӘМС – 1% (макс. 34 000 ₸)
• ЖМЗЖ– 1% (макс. 148 750 ₸)
Есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін.
Кәсіпкерлік операцияларды жүргізу құқығы бар өзін-өзі жұмыспен қамтығанға арналған арнайы шот.
Иә, бұл шотта өзін-өзі жұмыспен қамту қызметімен байланысты барлық транзакцияларға рұқсат етіледі.
Егер сіз белсенді жеке кәсіпкер болсаңыз, жеке кәсіпкерлігіңізді жауып, Halyk Super App қосымшасында өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шот ашуыңыз керек, ал алғашқы чегіңізден кейін сізге өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам мәртебесі беріледі.
Жоқ. Мәртебелерді біріктіру мүмкін емес.
Жоқ. Жұмысшылар жалдасаңыз, онда салық режиміңізді өзгертуіңіз керек.
Басқа салық режиміне ауысу керек.
Жоқ. Бекітілген тізбедегі қызмет түрлерімен ғана.
Басқа арнайы режимді таңдаңыз немесе жалпы салық режиміне ауысыңыз.
Жоқ. Декларациялар талап етілмейді — тек табысты есепке алу және төлемдерді төлеу қажет.
Жоқ. Егер табыс болмаса, салық органы сізді автоматты түрде тіркеуден шығарады.
Күн сайын есеп жүргізіңіз, салықтарды уақытында төлеңіз және режим шарттарынан бұзбаңыз.
«Чектер» бөлімі - фискалдық чектерді жасауға арналған қызмет.
Қосымшадағы фискалдық чекті жеке тұлғаға да, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атына да тізімде қызмет/тауарды көрсету арқылы қалыптастыруға болады.
Чекті PDF нұсқасымен бөлісуге және клиентке кез келген мобильді мессенджер (WhatsApp, Telegram, e-mail) арқылы жіберуге болады.
Барлық чектер, чектерді іздеу және кірісті есепке алу «Чектер» бөлімінде көрсетіледі.
Тауарлар жойылған/қайтарылған жағдайда немесе чек қате жасалған болса, чекті 14 күн ішінде (чек берілген күннен бастап) жоюға болады.





