Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

Halyk

Halyk қосымшасымен әрбір адам бөлімшеге келмей-ақ онлайн 100% банк клиенті бола алады: карта ашу, онлайн бөліп төлеуді ресімдеу, 7 000 000 теңгеге дейін онлайн кредит, қызметтерге төлем жасау және тағы басқа көптеген қызметтер

Танымал қызметтер

Halyk Market-те 24 айға дейін сатып алу
Halyk Market-те 24 айға дейін сатып алу
7 000 000 теңгеге дейін онлайн-кредит
7 000 000 теңгеге дейін онлайн-кредит
Онлайн бөліп төлеу
Онлайн бөліп төлеу
Тегін жеткізілетін картаны онлайн ашу
Тегін жеткізілетін картаны онлайн ашу
Телефон нөмірі арқылы аударым жасау
Телефон нөмірі арқылы аударым жасау
7 000 аса қызметке бонустармен төлем жасау
7 000 аса қызметке бонустармен төлем жасау
“Мем.қызметтер” бөлімі
“Мем.қызметтер” бөлімі

Өнімдер мен сервистер онлайн

Сіз бұрын Halyk Bank клиенті болмасаңыз да, енді бөлімшеге келмей-ақ Банк клиенті бола аласыз: Halyk қосымшасын жүктеп алыңыз да Halyk Bank-тің барлық өнімдері мен онлайн сервистеріне қол жеткізіңіз. Осы беттің төмен жағында пайдалы кеңестер мен нұсқаулықтар бар.

Банктің барлық өнімдері онлайн 

  • Halyk Bonus Digital цифрлық картасын онлайн ашу және тегін жеткізіп беру қызметімен пластик картасына онлайн тапсырыс беру
  • 5 минут ішінде 7 000 000 теңгеге дейін онлайн-кредит, кредитті қайта қаржыландыру
  • Дайын және салынып жатқан тұрғын үйге ипотека бойынша онлайн өтінім беру 
  • 5 минут ішінде 10 миллион теңгеге дейін 84 айға дейінгі мерзімге кепілсіз автокредит
  • Банк серіктестерінің бөлшек және интернет-дүкендерінде онлайн бөліп төлеу
  • Маркет – үйден шықпай-ақ бөліп төлеу арқылы тиімді онлайн-сатып алу әлеміндегі жаңа көмекші
  • Депозитті 24/7 онлайн ашу және басқару
  • Бала туу және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақыларды ресімдеу
  • Google Pay, Apple Pay және QR жанасусыз төлемдері


Банктің онлайн сервистеріне қол жеткізу

  • Картаны қайта шығарусыз және бөлімшеге келмей-ақ PIN-код орнату және ауыстыру
  • Halyk Club - Halyk Bank карталарының барлық ұстаушылары үшін артықшылықтар клубы
  • Halyk Info - Сіздің 1 000 аса сұрақтарыңызға жауап беретін дербес көмекшіңіз
  • Картадағы Банк және банкоматтарды іздеу – Halyk қосымшасында жақын жердегі бөлімшені және банкоматтарды жылдам іздеу
  • Картасыз қолма-қол ақша шешу
  • Push-хабарламалар

 

Halyk-та бонустары бар төлемдер*

  • Halyk қосымшасында қызметтерді: коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс, әуе билеттерін, көлік, балабақшалар және 7 000-нан астам басқа сервистерді комиссиясыз төлеңіз 
  • Жинақталған бонустармен мобильді байланыс, коммуналдық қызметтер, көлік және басқа қызметтер үшін төлем жасаңыз

*ерекшеліктер бар

Halyk-та жылдам аударым жасау

  • Face ID және Touch ID функциясы арқылы аударымды растай отырып, Halyk клиенттеріне ұялы телефон нөмірі бойынша аударымдар
  • Ұялы телефон нөмірі бойынша кез келген банктің картасына аударымдар
  • Face ID және Touch ID функциясы арқылы аударымды растай отырып комиссиясыз өз шоттары, карталары мен депозиттері арасындағы аударымдар
  • ҚР басқа банктерінің және шетел банктерінің карталарына аударымдар
  • Картасыз қолма-қол ақша шешіп алу үшін Halyk банкоматына ақша аудару
  • Халықаралық Western Union онлайн-аударымдары
  • Halyk клиенттеріне QR-код арқылы аударым жасау

Halyk қосымшасында онлайн тіркеліңіз

1. Android немесе iPhone смартфондарына арналған Halyk қосымшасын жүктеп алыңыз

2.  «Кіру/Тіркелу» батырмасын басыңыз:

  • SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
  • ЖСН енгізіңіз және Құпиялылық саясатының шарттарымен танысыңыз
  • Нұсқаулыққа сәйкес жеке басыңызды бейне-растаудан өтіңіз
  • Қосымшаға кіру кодын орнатыңыз

Дайын! Тіркелгеннен кейін Сізге автоматты түрде Halyk Bonus Digital цифрлық картасы ашылады, Сіз Halyk-тың барлық қызметін бірден пайдалануды бастай аласыз.


Қажет болса, пластикалық картаға тапсырыс беріңіз:

  • Halyk-та тегін жеткізіліммен: "Шоттар" бөлімінен цифрлық картаны таңдаңыз, содан кейін "Сервистер"/"Картаға тапсырыс беру" деп таңдайсыз.

Пластикалық карта бойынша өз PIN-кодыңызды ойлап тауып, оны Halyk-қа орнатыңыз. Шоттар бөлімінен қажетті картаны таңдаңыз, "PIN-код" қызметін таңдаңыз, содан кейін "PIN-кодты орнату/өзгерту" бөліміне өтіп, нұсқауларды орындаңыз. Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk-та кез келген операцияны жүргізіңіз.

Push-хабарламаларды қосыңыз

Push-хабарламалар - Halyk-тың барлық клиенттеріне қолжетімді, тегін және қауіпсіз сервис. Қызмет Halyk транзакцияларын қорғау дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді, алаяқтық және деректерді иемдену (мысалы, сенімді нөмірді ауыстыру) тәуекелін азайтады.

Push-хабарламалар қол жетімділігі парольмен немесе биометриялық деректермен - смартфон иесінің саусақ ізі немесе бет-әлпеті арқылы сәйкестендірумен (Face ID) қорғалған Halyk қосымшасында сақталады.

Halyk қосымшасында хабарландыруларды қосыңыз және өз шоттарыңыз бен карталарыңыз бойынша барлық банк операциялары туралы ақпарат алыңыз:

Мәзір → Профиль және баптаулар → Хабарландырулар → "Хабарландырулар алу" опциясын қосыңыз.

Депозитті онлайн ашу