PIN кодты орнату және ауыстыру
Жаңа карта бойынша PIN кодты қалай орнатуға болады
Жаңа карта бойынша PIN кодты Halyk Bank-тің кез келген банкоматында орнатуға болады.
Бұл өте оңай және оған бар болғаны бірнеше минут қажет:
- EPIN1234 мәтінімен (1234 сандарының орнына картаңыздың соңғы 4 цифрын жазыңыз) 7111 нөміріне SMS жіберіңіз
- Сізге жауап ретінде 2 сағат жарамды болатын уақытша EPIN кодпен SMS келеді
- Картаңызды Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және SMS-пен келген уақытша EPIN-ді енгізіңіз
- Банкомат мәзірінен "PIN-кодты орнату|ауыстыру"-ды таңдаңыз және өзіңіздің меншікті PIN кодыңызды енгізіңіз
Дайын! PIN код орнатылды, Сіз енді картаны пайдалана аласыз.
Егер Сіз банкоматта 2 сағат ішінде уақытша ePIN-ді тұрақты PIN кодқа ауыстырып үлгермесеңіз төмендегі тәсілдердің бірін пайдалану арқылы ePIN-ді қайта алыңыз:
- SMS арқылы: 7111 нөміріне EPIN**** (**** – картаның соңғы 4 цифры) мәтінімен SMS жіберіңіз. Мысалы: EPIN1234
- Байланыс орталығы арқылы: 7111 нөміріне қоңырау соғыңыз және «Карта бойынша сервис көрсету» → «Карта бойынша уақытша PIN код алу»-ды таңдаңыз
Halyk-та PIN кодты өзгерту
Егер Сіз PIN кодты есіңізде сақтамаған болсаңыз немесе басқасын орнатқыңыз келсе, Halyk қосымшасын пайдаланыңыз:
- Halyk-ты ашып, картаны таңдаңыз
- "Баптау"-ға өтіңіз, ары қарай "PIN кодты ауыстыру"
- Жаңа PIN код ойлап табыңыз және SMS-пен келген код арқылы орнатуды растаңыз
Маңызды! Жаңа PIN кодты іске қосу үшін картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және жаңа PIN кодты пайдаланыңыз
Банкоматта PIN кодты өзгерту
Сіз PIN-ді Halyk-тың кез келген банкоматында өзгерте аласыз: картаны салып, қолданыстағы PIN кодты енгізіңіз:
- Картаны салып, қолданыстағы PIN кодты енгізіңіз
- "PIN-кодты орнату|ауыстыру" бөліміне өтіңіз
- Жаңа PIN код ойлап табыңыз
Дайын! Банкомат PIN кодтың сәтті орнатылғаны жөнінде чек береді
Қате енгізу әрекеттерін алып тастау
6 қате енгізу әрекетінен кейін карта автоматты түрде бұғатталады. Сіз PIN кодты қате енгізу әрекеттерін алып тастай аласыз:
- Halyk арқылы:
Картаны таңдаңыз және «Баптау»-ға өтіңіз, «PIN кодты қате енгізу әрекеттерін алып тастау»-ды таңдаңыз
- Байланыс орталығы арқылы:
Ұялы телефоныңыздан 7111 нөміріне қоңырау соғыңыз және картаңыздың соңғы 4 цифрын хабарлаңыз