Alser-де онлайн-бөліп төлеу
Артықшылықтары
Сатып алу талаптары
Бөліп төлеу мерзімі, аймен | 3, 6, 12 |
Кредит мерзімі, аймен | 6, 12, 24, 36, 48, 60 |
Бөліп төлеу бойынша сомасы | 2 000 000 теңгеге дейін |
Кредит бойынша сомасы | 6 000 000 теңгеге дейін |
Комиссия | жоқ |
Мерзімінен бұрын ішінара өтеу | 1 төлемнен кем болмайтын мөлшерде: - Halyk қосымшасында комиссиясыз (мерзімінен бұрын ішінара өтеу мерзімі бойынша шектеусіз) |
Мерзімінен бұрын толық өтеу | - Halyk қосымшасында комиссиясыз (мерзімінен бұрын толық өтеу мерзімі бойынша шектеусіз) |
Заемшы - жеке тұлға банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болады.
Заемшы банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Банк сондай-ақ:
- тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеуге;
- заемшының банктік шоттарындағы ақшадан ақы өндіріп алуға;
- берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және коллекторлық агенттікке реттеуге беруге;
- сотқа талап арыз беруге құқылы
Тауарларды 1 минутта бөліп төлеуге немесе кредитке ресімдеңіз
1. Интернет-дүкеннен тауарды Halyk арқылы қалай бөліп төлеумен сатып алуға болады?
- www.alser.kz сайтына өтіңіз және тауарды таңдаңыз
- «Кредит/бөліп төлеу» төлем әдісін және брокер қызметін таңдаңыз
- Деректерді толтырыңыз, содан кейін «Тапсырыс беру»-ді басыңыз
- SMS арқылы келген кодты енгізіңіз
- Мақұлдауды алғаннан кейін Halyk Bank-ті таңдаңыз
- Halyk-та бөліп төлеуді/кредитті ресімдеуді жалғастыру үшін SMS арқылы келген сілтеме бойынша өтіңіз
- Halyk-тың* логинін және паролін енгізіңіз де, «Кіру» батырмасын басыңыз
- «Тексеру» батырмасын басу арқылы өтінімді жалғастырыңыз
- Таңдалған тауарларды, сомасын тексеріңіз, мерзімін көрсетіңіз және «Ары қарай» батырмасын басыңыз
- Талаптармен танысып, Банктің шығарған ЭЦҚ орналастырыңыз
Дайын!
2. Бөлшек дүкенде тауарды Halyk арқылы қалай бөліп төлеумен сатып алуға болады?
- Alser дүкенінде тауарды таңдаңыз және консультанттан тапсырыс нөмірін алыңыз
- Halyk-ты* ашып, бастапқы бетінен «Бөліп төлеу» таңдаңыз
- Alser таңдап, тапсырыс нөмірін енгізіңіз
- Таңдаған тауар мен соманы тексеріңіз, мерзімін көрсетіп, «Жалғастыруды» басыңыз
- Талаптармен танысып, Банктің шығарған ЭЦҚ қойыңыз
- Өз келісіміңізді SMS-пен келген 4 таңбалы кодпен растаңыз
Дайын!
* бөліп төлеу немесе кредитті ресімдеу үшін, бөлімшеге бармай-ақ жеке басты видеорастаумен Halyk-та онлайн тіркеуден өту қажет
Бөліп төлеу/кредит бойынша берешекті қалай білуге болады?
Берешек пен өтеу кестесі бойынша ақпаратқа Halyk қосымшасында қол жеткізуге болады
Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: «Шоттар» бөлімі, «Кредиттер» бөлігі
Өтеу кестесі: Бөліп төлеу/кредит батырмасын басқан кезде тиісті мәртебедегі ақпаратқа қол жеткізуге болады
Бөліп төлеуді/кредитті өтеу үшін Homebank Wallet электронды әмиянын қалай толықтыруға болады?
Аудару жолымен:
- Halyk арқылы картадан Homebank Wallet электронды әмиянының нөміріне
- Басқа банктердің картасынан Homebank Wallet электронды әмиянының нөміріне аудару жолымен
АТМ арқылы толықтыру жолымен:
- «Төлем картасына ақша салу» батырмасын таңдаңыз
- Homebank Wallet электронды әмиянының нөмірін енгізіңіз және қажетті сомаға толықтырыңыз
Төлем терминалы арқылы толықтыру жолымен:
- «Банктік қызметтер» - «Шотты/картаны толықтыру» - «Картаны толықтыру» функцияларын таңдаңыз
- Ары қарай ЖСН және Homebank Wallet электронды әмиянының нөмірін енгізіңіз
Halyk қосымшасында Homebank Wallet электронды әмиянының деректемелерін біліңіз:
- Басты бетте «Homebank Wallet» батырмасын таңдаңыз
- «Баптаулар» батырмасын ашып, «Сұрату» батырмасын таңдаңыз
Бөліп төлеуді/кредитті өтеу үшін Halyk шотын немесе картасын қалай толықтыруға болады?
Аудару жолымен:
- Halyk-та Halyk Bank шотынан немесе картасынан комиссиясыз
- басқа банктің картасынан аудару арқылы
Толықтыру жолымен:
- Cash-In функциясы бар банкоматтарда
- төлем терминалдарында
- бөлімшелерде касса арқылы