Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Проблемалық берешекті реттеу

Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз заемшыға қатысты қолданылатын шаралар

Банкке қандай себептермен жүгінуге болады?

  • Жұмыссыз қалғанда (қысқарту, өз еркімен жұмыстан шығу);
  • Жалақы(ны) азайғанда/кешіктіргенде, жалақы сақталмайтын демалысқа шыққанда;
  • Декреттік немесе бала күтімі бойынша демалысқа шыққанда;
  • Қарыз алушының сырқаттануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы;
  • Асыраушысыз қалғанда (жақын туыстарының қайтыс болуы, ажырасу және т. б.);
  • Өзге де мән-жайлар, оның ішінде форс-мажорлық мән-жайлар/төтенше жағдайларда.

Берешек мәселесін шешудің қандай тәсілдері бар?

Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 36-бабында көзделген.

Қалай өтініш беруге болады?

1. Банктік заем талаптарын өзгерту бойынша өтінішті Банк бөлімшесіне бару және/немесе жазбаша нысанда не Банктік заем шартында көзделген тәсілмен беріңіз

2. №1 қосымшаға сәйкес табыстың төмендегенін және берешекті төлей алмайтыныңызды растайтын құжаттарды ұсыныңыз: (құжаттар тізбесінің №1 қосымшасына сілтеме)

3. Өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Банк:

1) банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы;

2) банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары жөнінде;

3) мұндай бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту туралы жауаптарын ұсынады.

Қарыз алушы талаптарды орындамаған жағдайда Банк қабылдайтын шаралар:

1) Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес даусыз тәртіппен, оның ішінде төлем талаптарын қою арқылы өндіріп алу;

2) Банктік қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап арызбен жүгіну, сондай-ақ кепілге салынған мүлікті соттан тыс тәртіппен (Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алу;

3) Берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеуге коллекторлық агенттікке беру;

4) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 36 және 36-1-баптарында белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) беру.

Байланыс деректері

Банк бөлімшесіне, сондай-ақ 8 (727) 259 03 73 нөмірі арқылы проблемалық берешекті реттеу мәселелері бойынша кеңес беру немесе 7111 байланыс орталығына «Кредиттер» бөліміне хабарласу.

Қарызды қайта құрылымдау жөнінде консультация алу үшін өтінімді толтырыңыз

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде