Золотая Корона
Артықшылықтары
Сервис туралы
Танымал «Золотая Корона» ақша аудару қызметі Halyk Bank бөлімшелерінің көпшілігінде қолжетімді: ең жақын бөлімшені таңдаңыз, сонымен қатар Halyk қосымшасында қолжетімді.
Сервис жеке тұлғаларға шот ашпастан жылдам, қауіпсіз әрі ыңғайлы ақша жіберуге мүмкіндік береді
- банктердің бөлімшелерінде және сауда нүктелерінде 50 000 аса қызмет көрсету пункттері
- аударым бірнеше минутта өтеді
- алушының мекенжайын көрсету қажет емес
- аударым мәртебесін сайтта және «Золотая Корона» қосымшасында тәулік бойы қадағалау
- аударымдар теңгемен, рубльмен, АҚШ долларымен, еуромен жүргізіледі
Кімге жіберуге болады | тек жеке тұлғаларға |
Қайда жіберуге болады | әлемнің 35 еліне, 50 000 пункт |
Валютасы | KZT, USD, EUR, RUB |
Аударымның ең жоғары сомасы | 10 000 USD (немесе басқа валютадағы баламасы) |
Жіберу уақыты | бірнеше минут |
Мұқият болыңыз, қаражатыңызды алаяқтардан қорғау үшін қарапайым бірнеше қауіпсіздік шарасын сақтаңыз:
1. Аударым жасаған кезде аударымның деректерін (толық, ішінара деректерді, сондай-ақ аударым нөмірін) үшінші тұлғаларға айтпаңыз.
2. Аударымды ресімдеген кезде өте мұқият болыңыз, аударым туралы ақпаратты ешкім естімейтіндей/көрмейтіндей болсын, себебі алаяқтар аталған ақпаратты пайдалану арқылы аударымды алу үшін құжаттарды қолдан жасауы мүмкін. Аударым туралы деректерді үшінші тұлғалардан жасырын жерде сақтаңыз.
3. Аударымды бейтаныс адамдарға жібермеңіз. Мұндай жағдайда Сіз алаяқтық құрбаны болуыңыз мүмкін екенін есте ұстаңыз. Ақшаны тек білетін және сенетін адамыңызға жіберіңіз.
4. Егер бейтаныс адамнан аударымды жіберу өтінішінің көшірмесін немесе операция туралы басқа ақпаратты беру өтінішін алсаңыз, дереу ол адаммен байланысты тоқтатыңыз, себебі бұл алаяқтық әрекеті болуы мүмкін.
Ақша аударымы ешбір жағдайда төлем қабілеттілігін растау ретінде пайдаланылмайды.
5. Ақша аударымын көп уақыт бұрын жібермеңіз, мысалы, шетелге қыдыруды жоспарлаған кезде. Ақша аударымының қызметтері аударымды 10-15 минут ішінде-ақ алуға мүмкіндік береді.
6. Аударым жіберу/алу қажеттілігі туралы Банк атынан түскен телефон қоңырауларына/электронды хабарламаларға/смстарға жауап бермеңіз. Банк аударым жіберу/алу жөнінде клиенттерге қоңырау шалмайды және хабарламалар/смстар жібермейді.
7. Сіз лотереяда жеңдіңіз/сыйлық ұтып алдыңыз, оны алу үшін белгілі бір ақша сомасын ресімдеуге, салықтарды, кеден алымдарын және т.с.с. төлеуге жіберуіңіз қажет, деген телефон қоңырауларына/электронды хабарламаларға/смстарға жауап бермеңіз.
Жіберу және алу
Алушының деректерін: ТАӘ, аударымды алу елі мен қаласын хабарлаңыз
Өзіңіздің мобильді нөміріңізді және алушының нөмірін хабарлаңыз
Аударымның бақылау нөмірін айтыңыз (оны сіз жіберушіден мобильді нөміріңізге алғансыз)
Аударымды қай валютада алғыңыз келетінін хабарлаңыз