Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
Google Pay — Android смартфондарымен Google арқылы сатып алуға арналған, жылдам және ыңғайлы төлеуге мүмкіндік беретін қызмет.
• Halyk POS-терминалдарында смартфондар және QR арқылы сатып алу үшін бонустар
• интернетсіз жұмыс істейді
• комиссиясыз
• бір рет түрту
• қауіпсіз
• бүкіл әлем бойынша
• Android* OЖ нұсқасындағы құрылғылар Lollipop 5.0-ден ескі емес
• NFC-модулі бар құрылғылар
• Halyk Bank-тің Visa, Mastercard карталарын пайдаланыңыз

* Ерекшелік: Google қызметтерін қолдамайтын Huawei смартфондары
Google Pay қосымшасы арқылы картаңызды қосыңыз:
Құрылғыңызда Android 5.0 (Lollipop) немесе одан жоғары нұсқасы жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
1. Google Pay қосымшасын жүктеңіз және ашыңыз
2. "Төлем"/"Төлем тәсілін қосу" батырмасын, одан әрі "Төлем тәсілі" бөлімін таңдаңыз
3. Карта деректерін енгізіп, Қолдану шарттарын қабылдаңыз
4. Деректерді растаңыз
Дайын! Енді Google Pay арқылы жасаған саудаңыз үшін төлей аласыз

* цифрлық карта бойынша деректемелерді Halyk қосымшасында білуге болады: цифрлық картаны таңдаңыз > «Деректемелер» > Картаның деректемелері > Сіздің сенімді нөміріңізге жіберілген SMS-тегі кодты енгізіңіз

МАҢЫЗДЫ! Картаны Gpay қызметіне қосу Halyk жаңа нұсқасында қолжетімді болады.
1. Телефонды ұйқы режимінен шығарып, бұғатта тұрған экранды ашыңыз. Google Pay қосымшасын ашу міндетті емес.
2. Құрылғыны артқы жағымен жанасусыз төлем терминалына жақындатыңыз.
3. Егер төлем өтсе, телефон экранында көк белгі пайда болады.
4. Кейбір дүкендерде картаның PIN-кодын енгізу қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Маңызды! Құрылғы емес, картаның PIN-кодын енгізу керек.
1. “Баптаулар”* мәзіріне өтіп, “Құрылғы туралы” бөлімде Android нұсқасын тексеріңіз.
2. “Қосылу” бөлімінде NFC модулінің болуын тексеріңіз. Егер бар болса, смартфон NFC-мен жұмыс істейді.

* Android смартфондарының баптауларында бөлімдер әртүрлі аталуы мүмкін, бастысы: смартфонның баптауында NFC таратылымды қосыңыз және телефон баптауында Жанасусыз төлем бөлімінде Google Pay-дың таңдалғанына көз жеткізіңіз.
Google Pay арқылы қауіпсіз төлеп сатып алу үшін экранның бұғатталуын қосу және орнату қажет.
Android телефонын немесе планшетін қорғау үшін экранның бұғатталуын орнатуға болады. Құрылғыны қосқанда немесе ұйқы режимінен шыққан кезде, мысалы, PIN кодын, парольді немесе графикалық кілтті енгізу арқылы экран бұғатын ашу қажет болады. Кейбір құрылғылардың бұғатын саусақ ізімен ашуға болады.
Маңызды! Жоғарыда аталған кейбір қадамдарды тек Android 10 және одан кейінгі нұсқалары бар құрылғыларда орындауға болады.
Маңызды! Картаны тек Gpay қосымшасында жоюға болады.

1. GPay қосымшасын ашыңыз
2. Алып тастайтын картаны таңдаңыз
3. Карта мәзірі ашылады, үш нүкте бар түймені басыңыз
4. «Төлем тәсілін жою» түймесін басыңыз.
5. Картаны алып тастауды растаңыз

Карта сәтті алынды.
1. Google Pay негізгі мәзірінде негізгі жасағыңыз келетін картаны таңдап, оны басыңыз.
2. Карта мәзіріне өтіңіз. «Байланыссыз төлем үшін негізгі карта ретінде орнату» түймесін басыңыз.
3. Төлем жасау үшін карта негізгі болып таңдалды.
• Құрылғының орнын өзгертіп көріңіз. NFC антеннасы оның жоғарғы жағында немесе астында орналасуы мүмкін.
• Телефонды терминалға жақындатыңыз.
• Телефонды терминал жанында әдеттегіден ұзағырақ ұстаңыз.
• Егер белгі пайда болса, бірақ кассирдің айтуы бойынша сатып алу төленбеген болса, дүкен Google Pay арқылы төлемдерді қабылдайтынына көз жеткізіңіз (кассирден сұраңыз).
Клиент бұрын Google Play дүкенінде картамен сатып алған болса, карта деректері көрсетілуі мүмкін.
1. Google Pay қосымшасын ашыңыз
2. Сіз картаны көресіз
3. Қаласаңыз, оны төлемге байланыстыра аласыз
4. Ол үшін қажетті картаны таңдап, «Баптау» түймесін басыңыз
5. Карта деректерін енгізіп, Қолдану шарттарын қабылдаңыз
4. Деректерді растаңыз
Дайын! Енді Google Pay арқылы сатып алулар үшін төлей аласыз

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде