Шарттары мен артықшылықтары

Депозит талаптары
1. Сыйақы мөлшерлемесі:
• KZT - 12,1%-ға дейін (ЖТСМ 13%*-ға дейін)
• USD - 1%-ға дейін (ЖТСМ 1% дейін)
2. Ай бойынша мерзім:
• KZT - 6, 12, 24
• USD - 6, 12, 24
3. Салымды толықтыру-жоқ
4. Ішінара алу-жоқ
5. Бастапқы жарнаның минималды мөлшері-15 000 теңге/50 USD.
6. Депозиттің максималды сомасы - шектеусіз.
7. Пайыздарды төлеу - ай сайын, капиталдандыру мүмкіндігімен.
8. Банк бөлімшесіне жүгіну және Өтінішке қол қою арқылы шартты бұзғанға дейін 30 күнтізбелік күн бұрын Банкті міндетті түрде хабардар ету керек.
9. Салым мерзімін автоматты түрде ұзарту - қарастырылмаған. Салым мерзімі өткеннен кейін салым сомасы салымшының шотына аударылады.
10. Салым Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған.

* ЖТСМ - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, тиімді мөлшерлеме мәнінде ауытқулар болуы мүмкін (жылдық+/- 0,1%).
Депозиттің артықшылықтары
Қазақстанның ірі банкіндегі сенімді салымдар!
• сыйақының ең жоғарғы мөлшерлемесі
• сақтандырылған депозит
• пайыздарды төлеу - ай сайын, капиталдандыру мүмкіндігімен.
Депозит бойынша алдын ала сыйақы мөлшерін есептеуге бола ма?
Иә, Halyk Homebank-те, сондай-ақ Банк сайтында «Депозиттер» бөлімінде депозиттік калькулятор бар. Ол арқылы Сіз депозит бойынша есептерді жүзеге асыра аласыз.
Раздел «Депозиты»
Депозит бойынша ақша сомасын толықтыру немесе ішінара алу операциялары көзделген бе?
Жоқ, депозиттің бұл түрі бойынша қосымша ақшалай жарналар енгізу және ішінара алу қарастырылмаған.
Мен баламның атына депозит аша аламын ба?
Иә, Halyk Bank-те Сіз ұсынылған топтамада бар кез келген салымды балаңыздың атына аша аласыз.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті есептелген сыйақыдан салық төлеуге тиіс пе?
2018 жылғы 01 қаңтарда Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты бейрезиденттер депозиттер бойынша ай сайынғы сыйақыдан 15% мөлшерінде салық төлеуге міндетті.
Клиентке салық органдарының Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаты болған кезде салық резиденті мәртебесі берілуі мүмкін. Мұндай клиенттер Қазақстан Республикасының салық заңнамасының нормаларына сәйкес сыйақы түріндегі түсімнен төлем көзінен салық төлеуден босатылады.
Депозит бойынша үзінді көшірмені қайдан ала аламын/депозит бойынша есептелген сыйақы сомасын қайдан біле аламын?
Банк бөлімшесіне келмей-ақ, кез келген уақытта Halyk Homebank қосымшасында үзінді көшірмесін көре саласыз.
Үзінді көшірмені Halyk Homebank қосымшасында PDF форматында онлайн алуға болады:
• Депозитті таңдаңыз
• Қажетті кезеңді таңдап, PDF белгішесін басыңыз
Салымды мерзімінен бұрын бұзу үшін айыппұл көзделген бе?
Депозит мерзімі аяқталғанға дейін оны мерзімінен бұзу кезінде салым бойынша сыйақы төленбейді.
Мен Банктік салым шартымен қайдан таныса аламын?
Сіз Шарттың талаптарымен Банк сайтының "Депозиттер" бөлімінде, сондай-ақ Halyk Homebank-те депозит ашқан кезде таныса аласыз.
Депозитті Банк бөлімшесіне бармай-ақ жабуға болады ма?
Депозитті тек банк бөлімшесінде жабуға болады, өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы керек.
Бұл ретте Банкті шартты бұзуға дейін 30 күнтізбелік күн бұрын Банк бөлімшесіне келіп, Өтінішке қол қою арқылы ескерту қажет.