Push-хабарламалар

Push хабарландырулары дегеніміз не?
Push-хабарландырулар - бұл Halyk Homebank қосымшасы арқылы біздің Банкте ашылған Сіздің шоттарыңыз бойынша барлық операцияларды көрсететін, Банк іске қосқан науқандар мен жаңа қызметтер туралы хабарлайтын ұялы телефоныңыздағы қалқымалы терезелер.
Хабарландырулар көбінесе экранның жоғарғы жағындағы жылжымалы панельде "пердеде", сондай-ақ бұғаттау экранында пайда болады.
PUSH-хабарландыру қызметін пайдаланғаны үшін абоненттік төлем/комиссия бар ма?
Қызмет тегін.
Push-хабарландыруларын қалай қосуға болады?
Push-хабарландыруларын қосыңыз:
1. Halyk Homebank-ті ашыңыз, "Мәзір" бөліміне өтіңіз
2. "Профиль және баптауларды", содан кейін "Менің құрылғымды" таңдаңыз
3. Сіздің сенімді нөміріңізге коды бар SMS келеді
4. SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
5. Сенімді құрылғы жолында жаңа қосылған құрылғы көрсетіледі
6. Әрі қарай, артқа оралып, "Хабарландыруларды" таңдаңыз
7. "Хабарландырулар алу" опциясын таңдап, төменде қажетті опцияларды таңдаңыз
PUSH-хабарландыруларында қандай ақпарат аламын?
Сіз транзакциялық PUSH-хабарландыруларды, яғни депозитті шешіп алуды және толықтыруды, карталар бойынша операцияларды, ТТ-ға жасалған төлемдер және т. б. аласыз. Сондай-ақ Halyk Homebank қосымшасында "хабарландыруларды баптау" мәзірінен тізімнен қажетті хабарландыруларды (хабарламалар, карталар бойынша транзакциялар, ағымдағы шот/депозит бойынша қозғалыстар, ЖҚЕ айыппұлдары, тыйым салулар/ТТТ, коммуналдық қызметтер, жарнамалық жіберілімдер) таңдай аласыз.
Push-хабарландыруларының тарихын қайдан көруге болады?
Push-хабарландырулар тарихы Halyk Homebank қосымшасында сақталады:
1. Halyk Homebank-ті ашып, "Мәзір" бөліміне өтіңіз
2. "Хабарландыруларды" таңдаңыз
Егер Сіз оларды экранда көргіңіз келмесе, құрылғы баптауларында экрандағы бейнелеуді өшіруге болады, бұл ретте діріл мен дыбыстық ескертуді сақтауға болады.
Егер Halyk Homebank қосымшасы ашық болмаса, маған push-хабарландыру келе ме?
Ия, мобильді құрылғыға push хабарландыруларын алу қосымшаны үнемі ашуды қажет етпейді. Тиісті ақпаратты беру үшін тек интернет желісіне қосылу талап етіледі.
Мен Halyk Homebank қосымшасында push-хабарландыру қызметін орнаттым, бірақ хабарландырулар келмейді?
Сізге телефон баптауларында push-хабарландыруларының қосылуын баптау керек. (Баптаулар-хабарландырулар-Сіз хабарлама алғыңыз келетін Halyk Homebank қосымшасын таңдаңыз, содан кейін Halyk Homebank қосымшасында push-хабарландырулардың қосылуын тексеріңіз)