Картаны қалай пайдалануға болады?

PIN-кодты қалай орнатуға және картаны іске қосуға болады?
Цифрлық карта шығарылған сәттен бастап іске қосылады. Halyk Homebank қосымшасында есте сақтауға ыңғайлы PIN-кодты орнатыңыз:
* Halyk Homebank-ті ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "Қызметтер" бөліміне өтіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту" батырмасын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген операцияны жүргізіңіз.
Картаны қалай толтыруға болады?
Halyk карталарын мыналар арқылы толтыруға болады:
* Cash-In функциясы бар банкоматтар
* Halyk Homebank арқылы картадан картаға аудару
* картадан картаға ақша аударуды қолдайтын басқа банктер
* банк бөлімшелеріндегі кассалар арқылы
Банкоматтар, терминалдар немесе аударым арқылы картаны толтыру үшін комиссия - 0 теңге.
Карта отделений
Halyk Bonus Digital цифрлық картасымен қайда төлеуге болады?
Сіз сандық картамен:
* төлемдерді Halyk Homebank қосымшасында жүзеге асыра аласыз
* картасыз Homebank Pay, Apple Pay, Samsung Pay және QR-коды бар смартфонмен сатып алу ақысын төлейсіз
Толығырақ арнайы бөлінген бөлімдерден біліңіз.
Halyk Bonus Digital пластик картасымен қайда төлеуге болады?
Сіз картамен:
* кез келген жерде сатып ала аласыз
* төлемдерді Halyk Homebank қосымшасында жүзеге асыра аласыз
* картасыз Homebank Pay, Apple Pay, Samsung Pay және QR-коды бар смартфонмен сатып алу ақысын төлей аласыз

Толығырақ арнайы бөлінген бөлімдерден біліңіз.
Картадағы бонустардың қолжетімді сомасы мен санын қалай тексеруге болады?
Картадағы қолжетімді сома мен бонустар саны:
* Halyk Homebank мобильді қосымшасында
* Halyk Bank-тің кез келген банкоматында "Картадағы қолжетімді сома" опциясын таңдаңыз
* Байланыс орталығында 7111 нөмірі бойынша "Картадағы қолжетімді сома/Бонустар саны" қызметін сұраңыз және картаның соңғы 4 санын енгізіңіз
Сенімді нөмірді қалай орнатуға немесе өзгертуге болады?
Сенімді нөмір - бұл сіздің тіркелген мобильді нөміріңіз, ол Halyk Homebank-тегі логин болып табылады, SMS хабарламалар мен байланыс орталығына 7111 нөмірі бойынша қоңырау шалған кезде қызметтерді алу үшін пайдаланылады.
Егер сіздің мобильді нөміріңіз Halyk Bank-те тіркелмеген немесе өзгерген болса, оны орнату қажет.
Сенімді Нөмірді орнату және ауыстыру Halyk Bank-тің кез келген банкоматында қолжетімді:
1. Картаны банкоматқа салыңыз және PIN-кодты енгізіңіз
2. "Қосымша қызметтер", содан кейін "Сенімді нөмір" опциясын таңдаңыз
3. Телефон нөміріңізді енгізіп,"Жалғастыру" батырмасын басыңыз
4. Сіздің сенімді нөміріңізге SMS келеді
5. SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
Halyk Bank банкоматында картасыз қолма-қол ақшаны қалай алуға болады?
Қолма-қол ақшаны картасыз алу үшін Сізге Halyk Homebank қосымшасында "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank кез келген банкоматында)" қызметін пайдалану қажет (Сash by code қызметі):
* Halyk Homebank қосымшасында "Аударымдар" бөлімін ашыңыз
* "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank-тің кез келген банкоматында)" таңдаңыз
* Алу сомасын және мобильді нөміріңізді енгізіңіз
* SMS арқылы аударымды растаңыз
* Сіз банкоматтан алу үшін қажетті екі SMS-кодты аласыз
* Halyk Bank банкоматынан қолма-қол ақша алу үшін кез келген батырманы басыңыз
* "Код бойынша қолма-қол ақша алуды" таңдаңыз
* Банкоматқа жіберілген соманы және SMS-тен кодтың екі бөлігін енгізіңіз
Дайын! Сіз қолма-қол ақшаны картасыз алдыңыз

Halyk Bank банкоматтарынан қолма-қол ақшаны картасыз алу шарттары:
* Комиссия:
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозит қаражаты - 0%;
- басқа да түсімдер: айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден артық - транзакция сомасының 1%
• сенімді құрылғы арқылы ең жоғары ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
* Ең төменгі алу сомасы - 2 000 теңге
* Алу сомасы 1 000 теңгеге еселік болуы тиіс (3 000 теңге алу үшін қолжетімсіз)
* Код 24 сағат ішінде жарамды
Картаның көмегімен аударымдарды жүзеге асыру кезінде қандай комиссиялар бар?
• 0 теңге - Halyk Homebank арқылы Halyk Bank карталары арасында
• Halyk Homebank арқылы Halyk Bank картасынан ҚР басқа банкінің картасына 150 теңге*
• Halyk Homebank арқылы ҚР басқа банктерінің карталары арасында 150 теңге*
• Halyk Bank картасынан халықаралық карталарға 2 USD (аударым валютасындағы баламасы)
• «Картасыз ақша алу (Halyk Bank-тің кез келген банкоматынан)» қызметі:
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозит қаражаты – 0%;
- басқа да түсімдер: айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден артық – транзакция сомасының 1%
• ҚР кез келген банкінің картасынан халықаралық карталарға (аударым валютасының баламасында) минимум - 1% (мин. 2 USD)

*Halyk Homebank-те тіркелмеген пайдаланушылар үшін (немесе басқа банктердің карталары үшін) - 0,85%, мин. 250 теңге, макс. 700 теңге
Банкомат арқылы ақша аудару кезінде қандай комиссиялар бар?
Карталар арасындағы аударымдар (Visa немесе MasterCard бір төлем жүйесі шеңберінде):
* ҚР кез келген басқа банкінің картасынан Halyk Bank картасына - 0 теңге
* Банк картасынан ҚР кез келген басқа банк картасына - 1% + 200 теңге
* ҚР басқа банкінің карталары арасында - 1% + 200 теңге
* шетелдік банк картасының қатысуымен аударымдар - 1% + 2 USD

Halyk Bank/Агент банк/Серіктес банк карталары арасында Card2Card аударымдары*:
* агент банктің картасынан Банктің/агент банктің картасына - 150 теңге
* Банк картасынан агент банктің картасына - 150 теңге

* Агент банктердің және Серіктес банктердің тізімімен Банк сайтының "Тарифтер" бөлімінде (процессингтік қызметтерді пайдаланатын банктердің тізімі) танысыңыз.
Банк бөлімшесінде ақша алу үшін қандай комиссия бар?
Банк желісіндегі карта бойынша қолма-қол ақша беру:
* Банк пен заңды тұлға арасында жалақы, зейнетақы, басқа да төлемдерді төлеу жөнінде жасалған шарт бойынша карт-шотқа түскені - Шартқа сәйкес;
* Банк пен заңды тұлға арасында жасалған шартсыз карт-шотқа түскені (өзге есепке жатқызулар) - 1%
Басқа банктің банкоматынан ақша алу үшін қандай комиссия бар?
Дебеттік карталар бойынша комиссия 0,9% + 50 теңгені, кредиттік карталар бойынша - 3% (мин. 550 теңге) құрайды.
Егер мен банкоматта пластик картаны ұмытып қалсам не істеуім керек?
Егер Сізге жедел карта керек болса, Сіз Halyk Bank картасын банктің кез келген бөлімшесінде 5 минутта, бұрынғы қызмет көрсету талаптарын сақтай отырып қайта шығара аласыз және бірден пайдалана бере аласыз, картаңыздағы қаражат қолжетімді болады.
PIN-кодты Сіз Halyk Homebank қосымшасында оңай орната аласыз: қажетті картаны таңдаңыз ® «Сервистерге» өтіңіз және «PIN код орнату/ауыстыру» батырмасын таңдаңыз
Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.

Сондай-ақ, Сіз ұсталған картаңыздың банк бөлімшесіне жеткізілуін күте аласыз:
• 5 жұмыс күні ішінде Сізге бөлімшенің мекенжайы көрсетілген SMS жіберіледі, онда Сіз өз картаңызды ала аласыз. Сіздің қалаңыздағы ұсталған карталарды беру бөлімшелерінің тізімімен төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз.
• Картаны алғанға дейін Сіз Halyk Homebank қосымшасында уақытша бұғатты алдын ала алып тастай отырып, өз картаңызды пайдалануды жалғастыра аласыз: банкоматта қалдырған картаны таңдаңыз ® «Баптаулар» бөлімінде "Уақытша бұғаттау" опциясын өшіріңіз.
Бұғаттауды, сондай-ақ Байланыс орталығына 7111 нөміріне қоңырау шалу арқылы алып тастауға болады.
Картаны бұғаттан шығарғаннан кейін және оны алғанға дейін Сізге барлық операцияларды жасауға болады:
- Картаны Homebank Pay (тек Visa карталары үшін), Apple Pay, Samsung Pay карталарына байлаңыз және смартфонмен төлеңіз.
Жанасусыз төлемдерді орнату нұсқаулығымен арнайы бөлінген бөлімдерде танысыңыз.
- Halyk Homebank қосымшасында мобильді байланыс, интернет, кабельді теледидар, коммуналдық және 6000 астам басқа қызметтерді комиссиясыз төлеңіз және бонустар алыңыз.
- Halyk Homebank-те кез келген картаға және телефон нөмірі бойынша ақша аударыңыз
- Halyk Bank банкоматынан картасыз қолма-қол ақша алыңыз
Егер сіз картаны басқа банктің банкоматында ұмытып қалсаңыз: картаны ұмытып кеткен банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.
Карта отделений
Картаны Halyk Homebank-ке байлауға бола ма?
Иә, смартфонда Halyk Homebank қосымшасын немесе Halyk Homebank веб-нұсқасын пайдаланыңыз. Сізге картаның балансы ғана емес, сондай-ақ жүздеген онлайн операциялар қолжетімді болады: ақша алу, шоттарды/карталарды/депозиттерді толтыру, кредит, бөліп төлеу арқылы тауар алу, турларды сатып алу және тағы басқалар.

1. Halyk Homebank қосымшасын Android үшін Play Market-тен немесе iOS үшін App Store-дан (iPhone) жүктеп алыңыз
2. Қосымшаны ашып,"Тіркелу" батырмасын басыңыз:
* Телефон нөмірін енгізіңіз
* Мобильді нөмірге жіберілген SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
* Өзіңіздің ЖСН енгізіңіз және Құпиялылық саясатының талаптарымен танысыңыз
* Нұсқаулыққа сәйкес жеке басыңыздың бейне-растауынан өтіңіз
* Сұралған жағдайда, жеке куәлікті сканерл??ңіз*
* Қосымшаға әрі қарай кіру үшін қосымшаға 4 таңбалы цифрлық кіру кодын орнатыңыз
Дайын! Halyk Homebank барлық артықшылығын бүкіл әлем бойынша 24/7 пайдаланыңыз.

* Жеке куәлігі немесе тұруға ықтиярхаты жоқ клиенттерге Halyk Homebank-те тіркелу уақытша қолжетімсіз.
Смотреть видео-инструкцию
Halyk Bank картасы бойынша үзінді көшірмені қалай алуға болады?
Карта бойынша үзінді көшірмені сіз PDF форматында онлайн ала аласыз:
* Halyk Homebank веб-нұсқасында
- Қажетті картаны таңдап, "Үзінді көшірмені" басыңыз.
- Үзінді көшірме кезеңін таңдап, "Үзінді көшірмені PDF форматында жүктеу" батырмасын басыңыз.

* Halyk Homebank мобильді қосымшасында
- Үзінді көшірме кезеңін таңдап, PDF белгішесін басыңыз
Мөр басылған үзінді көшірмені алу үшін банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз.
IBAN-шотты (20-таңбалы шот), 20-таңбалы шотты ашу туралы хабарламаны қалай алуға болады?
Өз шотыңыздың нөмірін/IBAN-ды Halyk Homebank қосымшасында білуге болады:
• "Шоттар" бөлімінде шотты таңдаңыз
• "Баптаулар"-ды басыңыз да, IBAN жолындағы шот нөмірін көшіріп алыңыз

Егер сізге 20 таңбалы шотты ашу туралы хабарлама қажет болса, «Шоттар» бөлімінен шотты таңдап, «Шот туралы хабарлама» батырмасын басыңыз
Басқа валютамен төлеген кезде айырбастау қалай өтеді?
Банк қаражатты есептен шығару сәтіндегі төлемнің ағымдағы бағамы бойынша соманы айырбастауды жүзеге асырады.
Halyk Bank картасына қосымша карта аша аламын ба?
Иә, Halyk Bank карталарына қосымша карталар ашып, банк бөлімшесінде өтінім бере аласыз.
Қосымша карта - бұл Карт-шот иесі болып табылмайтын адамға (Карт-шот иесінің отбасы мүшелеріне және т.б.) немесе Карт-шот иесіне қызметтер топтамасы шеңберіндегі негізгі картаға Карт-шот иесіне қосымша шығарылған карта.
Картаны қанша жастан ашуға болады?
Негізгі картаны 14 жастан бастап ашуға болады.
Негізгі картаға қосымша картаны кез келген жаста ашуға болады.
Төлем валютасы - KZT-ны таңдаған кезде шетел картасынан ақша төлегенде немесе қолма-қол ақшаға айналдырғанда қосымша комиссия алынуы мүмкін бе?
Иә, комиссия алынуы мүмкін, өйткені операция DCC ("Валютаны динамикалық айырбастау", Dynamic Currency Conversion) қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызметтің мәні клиентке оның таңдауы бойынша эмитент Банкі елінің валютасы - қазақстандық теңгемен төлем/қолма-қол ақша жасауды ұсыну болып табылады. Бұл жағдайда қосымша айырбастау өтеді, комиссияны эквайер Банкі алады.
Төлем валютасы - келген елдің валютасын таңдау кезінде шетел картасынан ақша төлеу немесе қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде қосымша комиссия алынуы мүмкін бе?
Жоқ, бұл жағдайда қосымша комиссиялар алынбайды. Карталық шотты жүргізу валютасы мен төлем валютасы сәйкес келмеген кезде валютаны сатып алу үшін стандартты комиссиялар және Банктің бағамы мен тарифтеріне сәйкес шетелде қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін комиссиялар алынады. Моновалюталық карталар бойынша ақшаны есептен шығару эквайер Банкінен операция ??үргізілгенін растайтын қаржылық құжат түскен сәтте қолданылатын бағам бойынша өтеді. Мультивалюталық карталар бойынша - картадағы шоттар арасында қаражат жинау сәтіндегі бағам қолданылады.
Мен картаны on-line (онлайн) режимінде жаба аламын ба?
Картаны жабу үшін Банктің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласу қажет. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Бір клиентке қанша Halyk Bonus Digital картасын ашуға болады?
Сенімді құрылғыдан - Halyk Bonus Digital 4 цифрлық картасынан артық емес, сенімсіз құрылғыдан - 1 цифрлық картадан артық емес.
Құрылғыны сенімді ету үшін Сіз Halyk Homebank-те толық тіркеуден өтіп, сенімді құрылғыны орнатып, жеке басыңызды бейне растауыңыз керек.