"Halyk Sale" ипотекасы

Кредит бойынша қойылатын талаптар
1. Сыйақы мөлшерлемесі:
• кірісті растаумен: 11% (СЖТМ 11,6%-дан бастап)*
• кірісті растаусыз: 6 айдан 18 айға дейін - 10% (СЖТМ 10,5%), 18 айдан 240 айға дейін - 12% (СЖТМ 12,7%)
2. Кредит валютасы - теңге
3.Кредит мерзімі - 6 айдан 240 айға дейін
4. Кредиттің ең жоғары сомасы - Өтініш берушінің төлем қабілеттілігіне байланысты (кірісті растаумен)
5. Бастапқы жарна:
• кірісті растаумен - кепіл мүлкінің нарықтық құнының 20%-дан бастап
• кірісті растаусыз - кепіл мүлкінің нарықтық құнының 50%-дан бастап
6. Комиссиялар:
• өтінімді қарағаны үшін - 0%
• кредитті ұйымдастырғаны үшін - 0%
• кредитті шотқа аударғаны үшін - 0%"
Кредиттің артықшылықтары
Кредит алып, ай сайын пәтер ұтыс ойынына қатысыңыз. Толық ақпарат halykbank.kz сайтында

Жеңілдікті талаптармен кредит беру бағдарламасы!
• комиссиясы - 0
• қарыз мерзімі 20 жылға дейін
• жеделдетілген тәртіппен қарау
Кредитті қалай рәсімдеуге болады?
1. halykzalog.kz сайтындағы тізімнен сату нысанын таңдаңыз
2. Банк бөлімшесінде кредит алуға арналған өтінімді қарау үшін құжаттар топтамасын беріңіз
Карта отделений
Кредиттің нысаналы мақсаты қандай?
Кредит кепіл мүлкін және Банктің меншігіндегі мүлікті (пайдалануға дайын жылжымайтын мүлікті және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін сатып алуға) сатып алуға беріледі.
Кредит бойынша қамтамасыз ету ретінде не болуы керек?
1) Негізгі қамтамасыз ету ретінде кепілге пайдалануға дайын коммерциялық емес мақсаттағы сатып алынатын және (немесе) меншігінде бар жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін
2) Қосымша қамтамасыз ету ретінде кепілге жеке тұлғаларға тиесілі коммерциялық немесе коммерциялық емес мақсаттағы жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін
Кредитті рәсімдеу үшін қандай жас мөлшеріне қандай талаптар қойылады?
Кредитті өтеу кезінде Өтініш берушінің жасы 21-ден 60 жасқа дейін болуы керек.
Жұмыс өтіліне қандай талаптар қойылады?
кемінде 6 ай.
Өтініш берушіге кредит бойынша кіріс бойынша қойылатын талаптар бар ма?
Иә, ең төменгі жиынтық орташа айлық табыс кемінде 100 000 теңге болуы тиіс.
Сақтандыру міндетті болып табыла ма?
Кепіл мәнін сақтандыру Банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жеке (өмірді/жазатайым оқиғадан) сақтандыру қарыз алушының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Кредиттік өтінімді қарау мерзімі қандай?
Өтінім 7 жұмыс күні қаралады.
Кредит бойынша қандай комиссиялар бар?
Комиссиялар:
• өтінімді қарағаны үшін - 0%
• кредитті ұйымдастырғаны үшін - 0%
• кредитті шотқа есепке жатқызғаны үшін - 0%
Кредитті төлемнің жоспарлы күні басталғанға дейін немесе төлемнің жоспарлы күні қалай өтеуге болады?

Мерзімін кешіктірмеу және кредит тарихын бұзбау үшін кредитті Halyk Homebank мобильді қосымшасында уақтылы немесе жоспарлы күн басталғанға дейін төлеңіз. Ай сайынғы төлемді өтеу үшін Сізге:
• Halyk Homebank-ті ашу керек
• Басты бетте "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлемді өтегіңіз келетін кредитті таңдау керек
• "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдау және төлем сомасын енгізу керек
• Төлемді растау керек
Назар аударыңыз! Halyk Homebank-те кредитті өтеу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қолжетімді. Ай сайынғы төлемді өтеу Android (нұсқасы 5.4.2-ден төмен емес) және IOS (нұсқасы 5.5.2-ден төмен емес) смартфондарында қолжетімді.

Қосымша:
1) Ай сайынғы төлемді төлеуді бір қарыз бөлінісінде ғана жасауға болады.
2) Сіз ай сайынғы төлемді төлеуге жоспарлы төлеммен салыстырғанда белгіленген сомадан көп ақша салсаңыз, онда ақшаның қалған бөлігі Сізде кесте бойынша келесі ай сайынғы төлемді өтеу үшін шарттың алдын ала төлем шотында қалады.
3) шартты толық өтеген жағдайда, шарттың алдын ала төлем шотындағы артық төленген сома автоматты түрде Сіздің өзекті шотыңызға аударылады.
Кредит үшін ай сайынғы төлемді қалай өтеуге болады?
Сіз кредитті мынадай жолмен төлей аласыз:

• Halyk Homebank-те. Картадан ағымдағы шотқа ақша қаражатын аударыңыз, одан кесте бойынша төлем жасалатын күні кредитке арналған сома автоматты түрде есептен шығарылады
• Төлем терминалы арқылы
• Cash-In функциясы бар банкоматтар арқылы
• Банктің жақын жердегі бөлімшесіндегі касса арқылы

Шарт бойынша төлемдер Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылуы керек. Егер шарт бойынша төлем Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00-ден кейін жүзеге асырылса, мұндай төлем келесі жұмыс күні жасалды деп танылады.
Кредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеу сомасы бойынша шектеулер бар ма?
кемінде 3 ай сайынғы төлем мөлшері
Кредиттің ішінара (толық) мерзімінен бұрын өтелгені үшін қандай комиссия алынады?
•12 айға дейінгі мерзімге берілген қарыз бойынша 6 айға дейін өтеген кезде - борыш қалдығының 0,1% мөлшерінде ішінара/ толық мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия (бірақ 30 000 теңгеден кем емес) + кредитті 6 ай пайдаланғаны үшін Банк есептеген және толық алмаған сыйақы алынады
• қарыз берілген сәттен бастап 12 айға дейінгі кезеңде кредитті пайдаланудың 6 айы өткеннен кейін толық өтеген жағдайда борыш қалдығының 0,1% мөлшерінде, бірақ 30 000 теңгеден кем емес комиссия алынады
• берілген сәттен бастап 12 айға дейінгі кезеңде кредитті пайдаланудың 6 айы өткеннен кейін ішінара өтеген жағдайда - комиссия алынбайды
• кредит берілген сәттен бастап 12 ай өткеннен кейін толық немесе ішінара өтеген жағдайда - комиссия алынбайды