Картаны қалай алуға болады?

Halyk Homebank қосымшасында цифрлық картаны қалай ашуға болады?
Halyk Homebank қосымшасында картаны онлайн ашу үшін:
* Негізгі экранда "Карталар" батырмасын таңдаңыз
* "Halyk Bonus Digital" батырмасын таңдаңыз
* Картаның түрін, валютасын таңдап, "Картаны ашу" батырмасын басыңыз
* Картаның ашылуын растау үшін SMS-тен кодты енгізіңіз
Картаны іске қосу - шығарылған сәттен бастап карта белсенді
Дайын! Карта Сіздің шоттарыңызда бірден пайда болады және сіз картаны пайдалана бастай аласыз.
Halyk Homebank қосымшасында цифрлық картаға пластик картаны қалай ашуға болады?
Halyk Homebank қосымшасына онлайн пластик картаға тапсырыс беру үшін:
* "Шоттар" бөлімінде "Halyk Bonus Digital" картасын таңдаңыз
* "Қызметтер" бөліміне өтіп, "Пластик картаға тапсырыс беру" батырмасын басыңыз
Дайын!

Картаны жеткізу:
* Сіздің картаңыз келесі жұмыс күні жеткізуге дайын болады.
* Жеткізу тегін және жұмыс күндері жүзеге асырылады (сенбі, жексенбі – демалыс күндері), курьердің қоңырауын күтіңіз.
* Картаны жеткізу картаны шығаруға тапсырысты ресімдеу кезінде Halyk Homebank қосымшасында көрсетілген қа??алар шегінде ғана жүзеге асырылады.
* Картаны жеткізу мәртебесі туралы қосымша өзіңіздің мобильді нөміріңізге SMS хабарлама аласыз.
Halyk Bank бөлімшесінде цифрлық картаны қалай ашуға болады?
Картаны ашуға өтінімді Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесінде беруге болады.
Карта отделений
Пластик картаға тапсырыс берілген жағдайда оны жеткізу қандай мерзімде жүзеге асырылады?
Halyk Homebank қосымшасында тапсырыс беру кезінде картаны жеткізу мерзімі:
1. Сіздің картаңыз келесі жұмыс күні жеткізуге дайын болады.
2. Жеткізу тегін және жұмыс күндері (сенбі, жексенбі – демалыс күндері) жүзеге асырылады, курьердің қоңырауын күтіңіз.
3. Сіз halykbank.kz сайтында Карталар - > Тегін жеткізу бөлімінде
картаны жеткізу мәртебесі туралы сұрау жібере аласыз
Картаны жеткізу Halyk Homebank қосымшасында көрсетілген қалалар шегінде ғана картаны шығаруға тапсырысты ресімдеу кезінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, сіз өзіңіздің картаңыздың жеткізу күйі туралы SMS хабарлама аласыз.

Егер Сізге карта бүгін қажет болса, оны банктің кез келген бөлімшесінде 5 минут ішінде шығаруға болады. Бөлімшелердің тізімімен Сіз halykbank.kz сайтында картадағы Банк бөлімінде таныса аласыз.

Картаны жеткізу кешіктірілген жағдайда, Сіз өтінішіңіздің мәртебесін төмендегі сілтеме арқылы біле аласыз.
Статус заявки