Halyk Bank ипотекасы

Кредит бойынша қойылатын талаптар
1. Сыйақы мөлшерлемесі:

Кірісті растауы бар комиссиямен:
• жалақылық жобаға қатысушылар үшін - 13%-дан бастап (СЖТМ 14%-дан бастап)*
• жалақылық жобаға қатыспағандар үшін - 14%-дан бастап (СЖТМ 15,1%-дан бастап)*

Кірісті растауы жоқ комиссиямен - 14%-дан бастап (СЖТМ 15,1%-дан бастап)*

Табысты растауға қарамастан комиссиясыз - 20% (СЖТМ 22,2%)*

2. Кредит мерзімі - 6 айдан 240 айға дейін
3. Кредиттің ең жоғары сомасы - Өтініш берушінің төлем қабілеттілігіне байланысты
4. Қамтамасыз ету - коммерциялық/коммерциялық емес мақсаттағы және Банк талаптарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік/жер телімдері
5. Комиссиялар:
• өтінімді қарағаны үшін - 0%
• қарызды ұйымдастырғаны үшін * * - кредит сомасының 1% + 20 000 теңге
• кредитті шотқа аударғаны үшін - 0%
* СЖТМ түпкілікті есептеу банк бөлімшелерінде қарыз алған сәтте жүргізіледі.
** Комиссиялар мен өзге төлемдерді ұстаусыз кредит беру бағдарламалары бойынша жоқ
Кредит бойынша артықшылықтары
• ең аз құжаттар топтамасы
• қысқа кредит алу мерзімі
• сомасы - Өтініш берушінің төлем қабілеттілігіне байланысты
Кредитті қалай рәсімдеуге болады?
Кредит алуға арналған өтінімді Halyk Bank бөлімшесінде беруге болады.
Карта отделений
Кредитттің мақсаты қандай?
Ипотекалық кредит берудің мақсаты:
• пайдалануға дайын жылжымайтын мүлікті және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін сатып алу
• салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатып алу
• жеке құрылыс (құрылысты аяқтау) және коммерциялық емес мақсаттағы тұрғын жылжымайтын мүлікті жөндеу
Кредитті рәсімдеу үшін қандай жас мөлшеріне қандай талаптар қойылады?
Кредитті өтеу кезінде Өтініш берушінің жасы 21-ден 60 жасқа дейін болуы керек.
Жұмыс өтіліне қандай талаптар қойылады?
кемінде 6 ай.
Өтініш берушіге кіріс бойынша қандай талаптар қойылады?
Ия, ең төменгі жиынтық орташа айлық табыс мынадай болуы керек:
1) жалақылық жобаға қатысушылар үшін:
• Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары үшін 200 000 теңге, бастапқы жарна 40%-дан басталған кезде;
• Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары үшін 300 000 теңге, бастапқы жарна 20%-дан басталған кезде;
• Барлық қалған қалалар үшін 150 000 теңге, бастапқы жарна 20%-дан басталған кезде.
2) жалақылық жобаға қатыспағандар үшін:
• Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары үшін 200 000 теңге, бастапқы жарна 50%-дан басталған кезде;
• Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары үшін 300 000 теңге, бастапқы жарна 30%-дан басталған кезде;
• Барлық қалған қалалар үшін 150 000 теңге, бастапқы жарна 30%-дан басталған кезде.
Осы бағдарлама бойынша кірістерді растаусыз кредиттің берілуі мүмкін бе?
Иә
Кірісті растау үшін қандай құжаттар қажет?
• жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы алты айдағы үзінді көшірмесі
• соңғы алты айдағы жалақы туралы анықтама. Бұл ретте, егер өтініш беруші "жалақылық жобаның" қатысушысы болып табылса, онда Банк өтініш берушінің шотынан соңғы 6 айдағы үзінді көшірме бойынша төлем қабілеттілігін есептеуді соңғысының жалақы туралы анықтаманы қосымшаберуінсіз жүргізе алады

Банк қосымша құжаттарды сұрату құқығын өзіне қалдырады."
Кредит бойынша ең төменгі бастапқы жарна қандай болуы тиіс?
• 0% - қосымша кепіл берілген кезде;
• 10% - Банкпен ынтымақтастық туралы шарт жасасқан Компаниялар қызметкерлері үшін сатып алынатын мүлік құнынан (қорландыру)
• 20% - барлық клиенттер үшін сатып алынатын мүлік құнынан
Кредитті рәсімдеуге қойылатын ең төменгі талаптар қандай?
Ең төменгі қойылатын талаптар қарыз түріне байланысты. Әрбір өтінім жеке қаралады.
Кредит беруге арналған өтінімді беру үшін Сізде өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы керек (қажет болған жағдайда менеджер қосымша құжаттарды сұрата алады).
Кредиттік өтінімді қарау мерзімі қандай?
7 жұмыс күні
Кредиттің ішінара (толық) мерзімінен бұрын өтелгені үшін қандай комиссия алынады?
•12 айға дейінгі мерзімге берілген қарыз бойынша 6 айға дейін өтеген кезде - борыш қалдығының 0,1% мөлшерінде ішінара/ толық мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия (бірақ 30 000 теңгеден кем емес) + кредитті 6 ай пайдаланғаны үшін Банк есептеген және толық алмаған сыйақы алынады
• қарыз берілген сәттен бастап 12 айға дейінгі кезеңде кредитті пайдаланудың 6 айы өткеннен кейін толық өтеген жағдайда борыш қалдығының 0,1% мөлшерінде, бірақ 30 000 теңгеден кем емес комиссия алынады
• берілген сәттен бастап 12 айға дейінгі кезеңде кредитті пайдаланудың 6 айы өткеннен кейін ішінара өтеген жағдайда - комиссия алынбайды
• кредит берілген сәттен бастап 12 ай өткеннен кейін толық немесе ішінара өтеген жағдайда - комиссия алынбайды
Ішінара мерзімінен бұрын өтеу сомасы бойынша шектеулер бар ма?
кемінде 3 ай сайынғы төлем мөлшері
Кепілмен қамтамасыз етуді бағалауды кім жүргізеді?
Кепілмен қамтамасыз етуді бастапқы бағалауды тәуелсіз бағалау ұйымдары жүзеге асырады.
Екінші бағалауды тәуелсіз бағалаушының бағалауының барабарлығын анықтау үшін Филиалдардың бағалау қызметі кепіл мәнінің орналасқан жеріне барып жүзеге асырады.
Ипотекалық орталық қайда орналасқан?
Алматыда мына мекенжайлар бойынша Halyk Bank-тің ипотекалық орталықтары ашылды: Алматы қ., Бостандық ауд., Әуезов к-сі, №175 үй, Алматы қ., Алмалы ауд., Төле би к-сі, №101 үй, №1 тұрғын емес үй-жай. Орталық мамандары қолайлы тұрғын үйді таңдауға көмектеседі және Сізді ең жақсы талаптармен ипотеканы рәсімдеудің барлық процесі арқылы өткізеді.
Кредитті төлемнің жоспарлы күні немесе төлемнің жоспарлы күні басталғанға дейін қалай өтеуге болады?

Мерзімін кешіктірмеу және кредит тарихын бұзбау үшін кредитті Halyk Homebank мобильді қосымшасында уақтылы немесе жоспарлы күн басталғанға дейін төлеңіз. Ай сайынғы төлемді өтеу үшін Сізге:
• Halyk Homebank-ті ашу керек
• Басты бетте "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлемді өтегіңіз келетін кредитті таңдау керек
• "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдау және төлем сомасын енгізу керек
• Төлемді растау керек
Назар аударыңыз! Halyk Homebank-те кредитті өтеу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қолжетімді. Ай сайынғы төлемді өтеу Android (нұсқасы 5.4.2-ден төмен емес) және IOS (нұсқасы 5.5.2-ден төмен емес) смартфондарында қолжетімді.

Қосымша:
1) Ай сайынғы төлемді төлеуді бір қарыз бөлінісінде ғана жасауға болады.
2) Сіз ай сайынғы төлемді төлеуге жоспарлы төлеммен салыстырғанда белгіленген сомадан көп ақша салсаңыз, онда ақшаның қалған бөлігі Сізде кесте бойынша келесі ай сайынғы төлемді өтеу үшін шарттың алдын ала төлем шотында қалады.
3) шартты толық өтеген жағдайда, шарттың алдын ала төлем шотындағы артық төленген сома автоматты түрде Сіздің өзекті шотыңызға аударылады.
Кредит үшін ай сайынғы төлемді қалай өтеуге болады?
Сіз кредитті мынадай жолмен төлей аласыз:

• Halyk Homebank-те. Картадан ағымдағы шотқа ақша қаражатын аударыңыз, одан кесте бойынша төлем жасалатын күні кредитке арналған сома автоматты түрде есептен шығарылады
• Төлем терминалы арқылы
• Cash-In функциясы бар банкоматтар арқылы
• Банктің жақын жердегі бөлімшесіндегі касса арқылы

Шарт бойынша төлемдер Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылуы керек. Егер шарт бойынша төлем Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00-ден кейін жүзеге асырылса, мұндай төлем келесі жұмыс күні жасалды деп танылады.
Басқа банкте рәсімделген ипотека бойынша кредиттті қайта қаржыландыра аламын ба?
Иә, банк кредит бойынша мерзімі өткен берешегі болмаған кезде басқа банктердегі қарыздар бойынша қайта қаржыландыруды жүзеге асырады. Бірнеше қарызды біріктіріп, аз төлеуге болады.

Қайта қаржыландыру үшін Halyk Bank-тің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласу қажет.
Егер кредит бойынша төлемді мерзімінде төлеп үлгермесем, не істеуім керек?
Ипотека бойынша төлемнің мерзімін өткізіп алған жағдайда мерзімін өткізіп алу сомасын білу қажет. Төлем сомасын Сіз Halyk Homebank-тен тексере аласыз.
Halyk Bank-те екінші кредиттті рәсімдей аламын ба?
Екінші кредит төлем қабілеттілігі және кепілмен қамтамасыз ету сәйкес келген жағдайда беріледі.
Кредитті мерзімінен бұрын (ішінара/толық) қай??а өтей аламын?
Кредитіңізді ішінара/толық мерзімінен бұрын Сіз Сатудан кейінгі қызмет көрсету орталығында төлей аласыз. Мекенжайларын Сіз halykbank.kz сайтынан және 7111 телефоны арқылы біле аласыз.
Сақтандыру міндетті болып табыла ма?
Кепіл мәнін сақтандыру Банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жеке (өмірді/жазатайым оқиғадан) сақтандыру қарыз алушының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Кредит бойынша төлемдер мерзімінің ұзартылуын ала аламын ба?
Ия, мерзімін ұзартуға арналған өтінімді беру үшін Сізге банктің жақын жердегі бөлімшесінде өтініш жазу керек. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет.