Мезеттік карталарды шығару бойынша терминал

Мезеттік карталарды шығару терминалы дегеніміз не?
Мезеттік карталарды шығару терминалы (өзіне-өзі қызмет ететін эмбоссер киоскі) - бұл нақты уақыт режимінде карталарды құруға және банк саласында карталарды шығаруға мамандандырылған құрылғы.
Месторасположение терминалов по выпуску карт
Halyk Bank мезеттік карталарын шығару бойынша терминалдардың қандай артықшылықтары бар?
• Ыңғайлы - кезектердің болмауы
• Қолжетімді - ешкімнің көмегінсіз картаны шығару мүмкіндігі
• Жылдам – картаны бір мезетте шығару
• Halyk Bonus қосымша картасын шығару мүмкіндігі (карт-шот иесінің атына)
• Қауіпсіз – қауіпсіздіктің жоғары талаптарымен жұмыс істейді
Мезеттік карталарды шығару терминалы арқылы картаны қалай шығаруға болады?
Сізде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек:
• Өзіңізге ыңғайлы құрылғы тілін және қажетті карта түрін таңдаңыз
• Картаның артықшылықтарымен танысып, ресімдеуді бастаңыз
• ЖСН енгізіңіз немесе куәлігіңіздегі штрих-кодты сканерлеңіз
• Телефон нөмірін және СМС арқылы келген кодты енгізіңіз
• Бейне сәйкестендіру рәсімін өтіңіз
• Жеке куәлікті кард ридерге салыңыз
• Бұдан әрі нұсқауларды орындаңыз

Дайын!
Halyk Bank мезеттік картасын шығару терминалдары қайда орналасқан?
Терминалдардың орналасқан жері туралы төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз.
Месторасположение терминалов по выпуску карт
Егер картаны шығару кезінде қателік туындаса кімге хабарласу керек?
Егер картаны шығару процесінде қателік туындаса, Банк маманына хабарласыңыз.