Золотая корона

"Алтын тәж" аударымы бойынша талаптар
Ресейге және басқа елдерге жылдам ақша аудару.
1. Жолдауға болады- 35 мемлекетке, 50 000 бекеттерге
2. Тек жеке тұлғаларға жіберу
3. Аударым валютасы - KZT, USD, EUR, RUB
4. Жіберу уақыты - бірнеше минут
5. Жіберілімнің максималды сомасы - 10 000 USD (немесе эквивалент басқа валютада)
6. Жіберу және алу тәсілі - Банк бөлімшелерінде
7. Қызмет көрсету пункттері - 50 000-нан астам
8. Клиентке комиссияны "Алтын тәж" жүйесі белгілейді. Аударым комиссиясы және тарифтермен Банк сайтынан таныса аласыз.
Тарифы Банка
"Алтын тәж" аударымының артықшылықтары
Танымал "Алтын тәж" ақша аудару сервисі Halyk Bank бөлімшелерінің көбінде қолжетімді.
Сервис жеке тұлғаларға шотты ашпай-ақ ақшаны жылдам, қауіпсіз және ыңғайлы түрде жіберуге мүмкіндік береді.
•KZT-ге ақша аудару және алу үшін комиссия 0%
• банк бөлімшелерінде және сауда желілерінде 50 000-нан астам қызмет көрсету бекеттері
• аударым бірнеше минут ішінде өтеді
• алушының мекенжайын көрсетудің қажеті жоқ
• аударымның мәртебесін сайтта және "Алтын тәж" қосымшасында тәулік бойы қадағалау мүмкіндігі
• теңгемен, рубльмен, АҚШ долларымен, евромен аударымдар
"Алтын тәж" аударымын қалай жіберуге болады?
1. Банк бөлімшесіне жүгіну қажет
2. Жеке басын куәландыратын құжатты ұсыныңыз
3. Алушының деректерін хабарлаңыз: ТАӘ, аударым алынатын ел мен қала
4. Өз мобильді нөміріңіз бен алушының нөмірін хабарлаңыз
"Алтын тәж" аударымын қалай алуға болады?
1. Банк бөлімшесіне жүгіну қажет
2. Жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну
3. Аударымның бақылау нөмірін атаңыз (оны жіберуші сіздің мобильді нөміріңізге жіберді)
4. Аударымды алғыңыз келетін валютаны хабарлаңыз
"Алтын тәж"арқылы аударымды жіберу үшін қандай құжаттар қажет?
Ақша аударымын жөнелту үшін Сізге Банк бөлімшесіне жүгіну қажет, өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы керек. Сонымен қатар алушының аты-жөнін және аударымды алатын елді білу қажет.
Бейрезиденттерге 2 000 000 теңгеден (эквив. USD, EUR, RUB) жоғары операциялар үшін ҚР Көші-қон қызметі органы берген құжаттың болуы қажет.
"Алтын тәж" аударымын алу үшін қандай құжаттар қажет?
Ақша аударымын Банк бөлімшесінде алу үшін Сізге келесі құжаттар қажет:
• жіберушінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы
• Ақша аударымының сомасы, валютасы, ақша жөнелтушінің ТАӘ
Бейрезиденттерге - 2 млн. теңгеден жоғары операциялар/эквивалент үшін - ҚР Көші-қон қызметі органы берген құжат.
"Алтын тәж" аударымын жасау кезінде қандай қауіпсіздік шараларын білу керек?
Сақ болыңыз, алаяқтардан қаражатты сақтау үшін бірнеше қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
1. Аударымдарды жүзеге асырған кезде аударым жөніндегі деректерді үшінші тұлғаларға (аударым нөмірін қоса алғанда, ішінара да, толық да деректерді)жария етпеңіз.
2. Ақша аударымын ресімдеген кезде аударым туралы ақпаратты ешкім естіп/көріп қоймауын мұқият қадағалаңыз, себебі алаяқтар осы ақпаратты пайдалана отырып, ақша аударымын алу үшін құжаттарды қолдан жасап алуы мүмкін. Аударым туралы деректерді үшінші тұлғалар үшін қолжетімсіз жерде сақтаңыз.
3. Аударымдарды бейтаныс тұлғаларға жіберуден сақ болыңыз. Есіңізде болсы, мұндай жағдайда Сіз алаяқтық құрбаны болып қалуыңыз мүмкін. Ақшалай қаражатты өзіңіз танитын және сенімді тұлғаларға аударыңыз.
4. Егер сіз бейтаныс адамнан ақша аударымын жіберу туралы өтініштің көшірмесін немесе операция туралы басқа ақпаратты беру туралы өтініш алсаңыз – бұл адаммен сөйлесуді дереу тоқтатыңыз, себебі бұл алаяқтық әрекеті болуы мүмкін.Ақша аударымдары ешқандай жағдайда төлем қабілеттілігін растау ретінде пайдаланылмайды.
5. Ақша аударымдарын алғанға дейін көп уақыт болса, әзірше жібермеңіз, мысалы, шетелге сапарды жоспарлау кезінде. Ақша аударымдары қызметтері аударымды 10-15 минут ішінде алуға мүмкіндік береді.
6. Аударымды жіберу/алу қажеттілігі туралы Сізге Банк атынан келіп түскен қоңырауларға/электрондық хабарламаларға/смс-ке жауап бермеңіз. Банк аударымды жіберу/алу туралы клиенттерге қоңырау шалмайды және хабарлама/смс жібермейді.
7. Сіз лотереяда жеңгеніңіз/жүлде ұтып алғаныңыз туралы қоңырауларға/электрондық хабарламаларға/смс хабарламаларға жауап бермеңіз, оны алу үшін рәсімдеу, салықтарды, кедендік алымдарды және т. б. төлеу үшін белгілі бір ақша сомасын жіберуіңіз қажет деген жалған ақпарат.