Money Gram

Money Gram аударымы бойынша талаптар
Әлемнің 200-ден астам елінде, компанияның 350 000 бөлімшесінде жылдам және сенімді ақша аудару.
1. Жөнелту географиясы - әлемнің 200-ден астам елі, 350 000 бөлімше
2. Жеке тұлғалар мекенжайына жіберу
3.Аударым валютасы - USD, EUR
4. Алу уақыты - бірнеше минут ішінде*
5. Жіберудің максималды сомасы - 9 999 USD/7 000 EUR, бір күнде клиент осы сома шегінде екі аударым жібере алады
6. Жіберу және алу тәсілі - Банк бөлімшелерінде
7. Қызмет көрсету бекеттері - 350 000-нан астам
8. Клиент үшін комиссияны MoneyGram белгілейді. Комиссиямен және аударым тарифтерімен Банктің сайтында танысыңыз.
*Ақша аударымын бірнеше минут ішінде алу мүмкіндігі агенттердің алу жағындағы жұмыс сағаттарына және жергілікті заңнамаға байланысты.
Тарифы Банка
Money Gram аударымының артықшылықтары
Артықшылықтар:
• бірнеше минутта алу
• алушыға арналған тегін хабарлама
• комиссия жіберу кезінде 1 рет
Money Gram аударымын қалай жіберуге болады?
1. Банк бөлімшесіне жүгіну қажет
2. Жеке басын куәландыратын құжатты ұсыныңыз
3. Алушының ТАӘ, соманы, аударым алынатын валюта мен елді хабарлаңыз
Money Gram аударымын қалай алуға болады?
1. Банк бөлімшесіне жүгіну қажет
2. Жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну
3. Бақылау нөмірін, жіберушінің ТАӘ, соманы, валютаны және аударым жіберілетін елді хабарлаңыз
Money Gram арқылы аударымды жіберу үшін қандай құжаттар қажет?
Ақша аударымын жөнелту үшін Сізге Банк бөлімшесіне жүгіну қажет, өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы керек. Сонымен қатар алушының аты-жөнін және аударымды алатын елді білу қажет.
Бейрезиденттерге 2 000 000 теңгеден (эквив. USD, EUR, RUB) жоғары операциялар үшін ҚР Көші-қон қызметі органы берген құжаттың болуы қажет.
Money Gram аударымын алу үшін қандай құжаттар қажет?
Ақша аударымын Банк бөлімшесінде алу үшін Сізге келесі құжаттар қажет:
• жіберушінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы
• Ақша аударымының сомасы, валютасы, ақша жөнелтушінің ТАӘ
Бейрезиденттерге - 2 млн. теңгеден жоғары операциялар/эквивалент үшін - ҚР Көші-қон қызметі органы берген құжат.
"MoneyGram" аударымын жасау кезінде қандай қауіпсіздік шараларын білу керек?
Алаяқтардан қаражатты сақтау үшін бірнеше қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
1. Аударымдарды жүзеге асырған кезде аударым жөніндегі деректерді үшінші тұлғаларға (аударым нөмірін қоса алғанда, ішінара да, толық да деректерді)жария етпеңіз.
2. Ақша аударымын ресімдеген кезде аударым туралы ақпаратты ешкім естіп/көріп қоймауын мұқият қадағалаңыз, себебі алаяқтар осы ақпаратты пайдалана отырып, ақша аударымын алу үшін құжаттарды қолдан жасап алуы мүмкін. Аударым туралы деректерді үшінші тұлғалар үшін қолжетімсіз жерде сақтаңыз.
3. Аударымдарды бейтаныс тұлғаларға жіберуден сақ болыңыз. Есіңізде болсы, мұндай жағдайда Сіз алаяқтық құрбаны болып қалуыңыз мүмкін. Ақшалай қаражатты өзіңіз танитын және сенімді тұлғаларға аударыңыз.
4. Егер сіз бейтаныс адамнан ақша аударымын жіберу туралы өтініштің көшірмесін немесе операция туралы басқа ақпаратты беру туралы өтініш алсаңыз – бұл адаммен сөйлесуді дереу тоқтатыңыз, себебі бұл алаяқтық әрекеті болуы мүмкін.Ақша аударымдары ешқандай жағдайда төлем қабілеттілігін растау ретінде пайдаланылмайды.
5. Ақша аударымдарын алғанға дейін көп уақыт болса, әзірше жібермеңіз, мысалы, шетелге сапарды жоспарлау кезінде. Ақша аударымдары қызметтері аударымды 10-15 минут ішінде алуға мүмкіндік береді.
6. Аударымды жіберу/алу қажеттілігі туралы Сізге Банк атынан келіп түскен қоңырауларға/электрондық хабарламаларға/смс-ке жауап бермеңіз. Банк аударымды жіберу/алу туралы клиенттерге қоңырау шалмайды және хабарлама/смс жібермейді.
7. Сіз лотереяда жеңгеніңіз/жүлде ұтып алғаныңыз туралы қоңырауларға/электрондық хабарламаларға/смс хабарламаларға жауап бермеңіз, оны алу үшін рәсімдеу, салықтарды, кедендік алымдарды және т. б. төлеу үшін белгілі бір ақша сомасын жіберуіңіз қажет деген жалған ақпарат.