Ағымдағы шот бойынша талаптар

Ағымдағы шоттар бойынша талаптар
1. Ағымдағы шоттың валютасы - теңге, АҚШ доллары, еуро, ресей рублі, швейцария франкі, ағылшын фунт стерлингі
2. Комиссиялар:
• шот ашу үшін - 0 теңге
• шотты жабу үшін - 0 теңге
• ақшаның клиент шотына есептелуі - 0 теңге
• қозғалмайтын шотты жүргізу (клинет немесе оның өкілі соңғы 12 ай ішінде шот бойынша кіріс/шығыс операцияларын орындамаған шоттар) - шотта қалған сома, бірақ ай сайын 200 теңгеден артық емес.
• қолма-қол ақша беру:
- Банк пен заңды тұлға арасында жалақы, зейнетақы, және басқа да төлемақыларды төлеу жөнінде жасалған шарт бойынша шотқа түсетін - 0 теңге
- Банк пен заңды тұлға арасында жалақы, зейнетақы, және басқа да төлемақыларды төлеу жөніндегі шартсыз шотқа түсетін (басқа да есептеулер) - 1%
Ағымдағы шотты ашуға қандай құжаттар қажет?
Ағымдағы шот жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы негізінде ашылады.
Шетел мемлекеттерінің азаматтары шот ашу кезінде мыналарды ұсынады:
1. Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт)
2. Қазақстан Республикасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған тіркеу куәлігі.
Сенімхат бойынша шот ашу үшін қандай құжаттар қажет?
Сенімхат бойынша шот ашу үшін мына құжаттарды ұсыну керек:
1. Сенімхаттың түпнұсқасы;
2. Сенім білдірушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
3. Сенімгер тұлғаның жеке куәлігінің түпнұсқасы.
Банкте шоттан аударым жасағанда қандай комиссия бар?
Аударымдар үшін ұсталатын комиссия тарифтерімен Сіз төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз.
Тарифы Банка
Мерзімі өтіп кеткен сенімхат бойынша қызмет көрсетіледі ме?
Сізге мерзімі өтіп кеткен сенімхат бойынша қызмет көрсетілмейді. Сенімхатты жаңа мерзімге қайта ресімдеуіңіз керек.
Ағымдағы шоттар бойынша қандай операцияларға қолжетімді?
• Клиент, сол сияқты үшінші тұлғалар Банк кассасына қолма-қол ақшаны Шотқа есептеу, сондай-ақ Шоттан Клиентке қолма-қол ақша беру;
• Клиенттің Банктегі және басқа да банктердегі өзге банк шоттарынан аударылатын, сондай-ақ үшінші тұлғалар Клиент пайдасына аударатын ақшаны Шотқа есептеу;
• Клиенттің төлем тапсырмасы бойынша Шоттан Клиенттің Банкте және басқа да банктерде ашылған өзге банк шоттарына, сондай-ақ үшінші тұлғалардың пайдасына аудару;
• Банктік салым шарты бойынша Клиенттің Банктегі мерзімді салымдарына Шоттан ақша аудару;
• Клиенттің белгіленген үлгідегі өтініші бойынша валюта айырбастауды жүзеге асыру;
• Клиенттің талабы бойынша Шот бойынша үзінді көшірме беру.
Менің шотыма қандай себеппен тыйым салу қойылғанын қалай біле аламын?
Сіздің шотыңызға негізгі үш себеп бойынша тыйым салу қойыла алады:
1. Мемлекеттік органдар алдында міндеттемелерді орындамау (мысалы, салық бойынша берешек);
2. Банктер алдында кредиттің мерзімін өткізіп алу немесе басқа да міндеттемелерді орындамау;
3. Сот қаулысы.
Шотқа тыйым салу қойылғандығы туралы нақты ақпаратты мемлекеттік органдардың сайтынан алуға болады (салық берешегі туралы мәлімет, атқару ??ндірісі бойынша борышкерлер тізілімі).
Тыйым салу қойылған шоттан ақша алып және толықтыра аламын ба?
Сіз ағымдағы шотыңызды толықтыра аласыз, алайда шығыс операциялар тек тыйым салу алынғаннан кейін ғана мүмкін болады.   
Тыйым салу қойылған ағымдағы шотымды жаба аламын ба?  
Банк тыйым салу қойылған ағымдағы шотты жаба алмайды.
Шотты жабу тек қана тыйым салу алынғаннан кейін мүмкін болады.
IBAN- шоттың (20 таңбалық шоттың), 20 таңбалық шоттың ашылғандығы туралы хабарламаны қалай алуға болады?
Өз шотыңыздың нөмірін/IBAN-ды Halyk Homebank қосымшасында білуге болады:
• "Шоттар" бөлімінде шотты таңдаңыз
• "Баптаулар"-ды басыңыз да, IBAN жолындағы шот нөмірін көшіріп алыңыз

Егер сізге 20 таңбалы шотты ашу туралы хабарлама қажет болса, «Шоттар» бөлімінен шотты таңдап, «Шот туралы хабарлама» батырмасын басыңыз
Шот бойынша үзінді көшірмені қайдан алуға болады?
Сіз Банк бөлімшесіне келмей-ақ, кез келген уақытта Halyk Homebank қосымшасында үзінді көшірмені көре аласыз.
PDF форматында онлайн үзінді көшірмені алыңыз:
• Шотты таңдаңыз
• Үзінді көшірме кезеңін таңдаңыз да, PDF белгішесін басыңыз
Halyk Homebank-те ағымдағы шоттан картаға және керісінше онлайн аударым жасау үшін қандай шектеулер бар ?
Ағымдағы шоттан картаға/картадан ағымдағы шотқа аударым жасауға шектеулер:
Аударым сомасының максималды сомасы:
• Бір клиенттің шоттары арасында (картадан/шоттан) жүргізілетін аударымдар: тәулігіне - 30 000 USD дейін, айына - 1 000 000 USD.
• Ағымдағы шоттан үшінші тұлғаның ЕДБ-тегі 20- таңбалы шотына аударым: 1 операцияға - 3 500 USD,
тәулігіне - 7 000 USD
• Ағымдағы шоттан үшінші тұлғаның Банктегі 20 таңбалы шотына аударым: 1 операцияға - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD.

Маңызды! Аударым карта мен шоттардың кейбір түрлеріне қолжетімсіз (олар Halyk Homebank қосымшасында тізімде сұр түспен белгіленеді).