Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
Сенімді нөмір - бұл Сіздің тіркелген мобильді нөміріңіз, ол Halyk-тағы логин болып табылады, SMS хабарламалар мен байланыс орталығына 7111 нөмірі бойынша қоңырау шалған кезде қызметтерді алу үшін пайдаланылады.
Ұялы телефон нөміріңіз Halyk Bank-те тіркелмеген болса немесе өзгерген болса, оны орнату қажет.
Сенімді нөмірді орнату және ауыстыру:
1) Halyk қосымшасында (жеке басын куәландыратын бейне растау арқылы толық тіркелгеннен кейін);
2) банк бөлімшесінде;
3) Банк бөлімшесінен тыс орналасқан Halyk Bank банкоматтарында:
• картаны банкоматқа салыңыз және PIN-кодты енгізіңіз
• "Қосымша қызметтер", содан кейін "Сенімді нөмір" опциясын таңдаңыз
• телефон нөміріңізді енгізіп, "Жалғастыру" батырмасын басыңыз
• сіздің сенімді нөміріңізге SMS келеді
• SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
American Express White карталарын былайша толтыруға болады:
• Cash-In функциясы бар банкоматтар
• Halyk Bank төлем терминалдары арқылы комиссиясыз
• Halyk арқылы картадан картаға аудару
• картадан картаға аударуға болатын басқа Банктер арқылы
• банк бөлімшелеріндегі кассалар арқылы
Картаны банкоматтар, терминалдар немесе Halyk арқылы аударыммен толтыру үшін комиссия - 0 теңге.
Сіз карта арқылы:
• кез келген жерде сауда ақысын төлей аласыз
• Halyk қосымшасында төлемдер жасай аласыз
• Apple Payмен картасыз смартфон арқылы сауда ақысын төлей аласыз
Егер сіз картаны алған сәттен бастап іске қоспаған болсаңыз, Сіз кредиттік картадан комиссия төлемей бас тарта аласыз.
Иә, смартфонда Halyk қосымшасын пайдаланыңыз. Сізге төлемдер мен аударымдар ғана емес, сондай-ақ жүздеген онлайн операция қолжетімді болады: ақша алу, шоттарды/карталарды/депозиттерді толтыру, кредит, бөліп төлеу арқылы тауар алу, турларды сатып алу және тағы басқалар.

Halyk мобильді қосымшасында тіркелу:
1. Halyk қосымшасын Android үшін Play Market-тен немесе iOS (iPhone) үшін App Store-дан жүктеп алыңыз
2. Қосымшаны ашып, "Кіру/Тіркелу" батырмасын басыңыз:
• Мобильді нөмірге жіберілген SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
• Өз ЖСН енгізіп, Құпиялылық саясатының талаптарымен танысыңыз
• Нұсқаулыққа сай жеке бастың бейне-растауынан өтіңіз
• Қосымшаға әрі қарай кіру үшін оған 4 таңбалы саннан тұратын кіру кодын орнатыңыз
Дайын! Halyk-тың барлық артықшылығын бүкіл әлем бойынша 24/7 пайдаланыңыз.

Жеке басын куәландыратын құжаты (жеке куәлігі, шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхаты, ҚР төлқұжаты) жоқ клиенттерге Halyk-та тіркелу уақытша қолжетімсіз.

Төлқұжат деректерімен Android платформасында 5.16.0 нұсқасынан бастап тіркелу қолжетімді.
Картадағы қолжетімді сома мен бонустар санын:
* Halyk мобильді қосымшасында
* Halyk Bank-тің кез келген банкоматында "Картадағы қолжетімді сома" опциясын таңдау арқылы
* Байланыс орталығында 7111 нөмірі бойынша "Картадағы қолжетімді сома/Бонустар саны" қызметін сұрау және картаның соңғы 4 санын енгізу арқылы тексере аласыз
Иә, Сіз сауда ақысын Apple Pay арқылы картасыз, смартфонмен төлей аласыз.
Арнайы бөлімдерде толығырақ танысыңыз.
Иә болады.
Сақтандыру компаниясымен байланысуға арналған телефондар:
• Шетелден: +90 212 337 26 73, +90 212 337 26 74, +90 216 528 3005, +90 216 528 3006;
• Қазақстанда: +7 (727) 295-22-33, байланыс орталығы: 2250
Берешекті Сіз Halyk арқылы немесе байланыс орталығына 7111 нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыз.
Кредиттік карталар алынған күннен бастап 5 жыл бойы жарамды.
Сіз бұғатталған немесе мерзімі өткен картаны Halyk Bank банкоматтары арқылы карта шотыңыз белсенді болғанда толықтыра аласыз.
Кредиттік лимит берешек өтелгеннен кейін келесі күні автоматты түрде ашылады. 90 немесе одан да көп күндік кешіктіру өтелген жағдайда, кредиттік лимитті автоматты түрде ашу мүмкін емес.
Жасаған саудаңызды бонустармен төлеңіз!
• Halyk Club серіктестер желісінде жасаған саудаңыз бен қызметтердің ақысын бонустармен толық немесе жартылай төлеңіз.
• Halyk Super App-та коммуналдық қызметтерді, ұялы байланысты, интернетті және басқа қызметтерді төлеңіз.

Банктің сайтында және Halyk Super App-та жоғары бонустары бар науқандарды қадағалаңыз.

*Бонустарды есептеудің ерекшеліктері мен айрықша шарттары бар
Картадан үзінді көшірмені PDF форматында онлайн режимінде алуға болады:
• Halyk веб-нұсқасында
- Қажетті картаны таңдап, «Үзінді көшірме» батырмасын басыңыз
- Үзінді көшірме кезеңін таңдағаннан кейін, «Үзінді көшірмені PDF форматында жүктеу» батырмасын басыңыз

• Halyk мобильді қосымшасында
- Үзінді көшірме мерзімін таңдағаннан кейін PDF белгішесін басыңыз
Мөрі бар үзінді көшірмені алу үшін Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз.
Қызметтерді онлайн төлеген кезде, сома 15 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге "бұғатталған" күйінде болуы мүмкін. Төлем басқа ұйымдардың пайдасына болғандықтан, Банк растайтын қаржылық төлем құжатын күтеді. Растауды 15 күнтізбелік күн ішінде алған кезде сома есептен шығарылады және аударылады. Егер растау 15 күн ішінде алынбаған жағдайда, 16-шы күні бұғатталған сома толық көлемде осы төлем жүргізілген картаға қайтарылады.
Сұрақтар туындаған жағдайда бірыңғай байланыс орталығына 7111 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Өз шотыңыздың нөмірін/IBAN-ды Halyk қосымшасында білуге болады:
• Өз картаңызды таңдаңыз
• «Баптаулар» опциясын басыңыз және IBAN өрісінде шот нөмірін көшіріңіз
Сондай-ақ осы бөлімде Сіз карта деректемелерін сұрата аласыз.

Егер Сіз 20 таңбалы шоттың ашылғаны туралы хабарлама алғыңыз келсе, «Шоттар» бөлімінде картаны таңдап, оны басыңыз, «Баптаулар» опциясын таңдаңыз, содан кейін «Шот туралы хабарлама» түймесін басыңыз.
Қолма-қол ақшаны картасыз алу үшін Сізге Halyk қосымшасында "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank кез келген банкоматында)" қызметін пайдалану қажет:
• Halyk қосымшасында "Аударымдар" бөлімін ашыңыз
• "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank кез келген банкоматында)" таңдаңыз
• Алу сомасын және мобильді нөміріңізді енгізіңіз
• SMS арқылы аударымды растаңыз
• Сіз банкоматтан алу үшін қажетті екі SMS-кодты аласыз
• Halyk Bank банкоматынан қолма-қол ақша алу үшін кез келген батырманы басыңыз
• "Код бойынша қолма-қол ақша алуды" таңдаңыз
• Банкоматқа жіберілген соманы және SMS-тен кодтың екі бөлігін енгізіңіз
Дайын! Сіз қолма-қол ақшаны картасыз алдыңыз

Halyk Bank банкоматтарынан қолма-қол ақшаны картасыз алу шарттары:
• Комиссия - 1%;
• сенімді құрылғы арқылы ең көп ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең көп сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1 200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
• Алуға болатын ең аз сома - 2 000 теңге
• Алу сомасы 1 000 теңгеге еселік болуы тиіс (3 000 теңге алу үшін қолжетімсіз)
• Код 24 сағат ішінде жарамдыж
Қазақстан Республикасынан шыққан кезде төмендегі сілтеме бойынша фродо-қауіпті мемлекеттер тізімімен (карта бойынша алаяқтық қаупі жоғары елдер) танысу қажет.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде