Серіктес салондардағы автокредит

Кредит бойынша қойылатын талаптар
1. Сыйақы мөлшерлемесі*:
• 15% (СЖТМ 17,6%-дан бастап) - жалақылық жобаның қатысушылары үшін
• 18% (СЖТМ 21,2%-дан бастап) - қалған клиенттер үшін
2. Кредит валютасы - теңге
3. Кредит мерзімі - 3 айдан 84 айға дейін
4. Кредит сомасы:
• 30 000 000 теңгеге дейін – кірістерді растаумен
• 9 000 000 теңгеге дейін – кірістерді растаусыз
5. Бастапқы жарна:
• жалақылық жобаның қатысушылары үшін 0%-дан бастап
• барлық клиенттер үшін 20%-дан бастап
6. Комиссиялар**:
• қарызды ұйымдастырғаны үшін - кредит сомасының 3,5% + 60 000 теңге
• ағымдағы шотты ашқаны үшін - комиссиясыз
• автосалон шотына қарыз сомасын аударғаны үшін - Банк тарифтеріне сәйкес
7. Сақтандыру Банк есебінен жүзеге асырылады.
** СЖТМ түпкілікті есебі Банк бөлімшелерінде қарыз алған сәтте жүргізіледі.
** "Комиссиясыз" деген қарыз түрі бойынша комиссия көзделмеген.
Кредиттің артықшылықтары
Кредит алып, ай сайын пәтер ұтыс ойынына қатысыңыз. Толық ақпарат halykbank.kz сайтында

30 000 000 теңгеге дейін жаңа автомобидб сатып алуға үлгеріңіз:
• бастапқы жарнасыз
• 30 минут ішінде мақұлдау
• сыйлық ретінде сақтандыру"
Кредиттің нысаналы мақсаты қандай?
"Астана Моторс", "Бипэк АВТО Қазақстан" Банк серіктестерінің сауда ұйымдарында жаңа автокөлік сатып алу.
Кредит бойынша қамтамасыз ету ретінде не болуы керек?
Сатып алынатын автокөлік.
Кредитті рәсімдеу үшін қандай жас мөлшеріне қандай талаптар қойылады?
Кредиттіі өтеу кезінде Өтініш берушінің жасы 21-ден 65 жасқа дейін болуы керек.
Кредит алу үшін ең төменгі айлық кіріс қандай болуы керек?
Ең төменгі жиынтық орташа айлық табыс 60 000 теңгеден басталған болуы тиіс.
Жұмыс өтіліне қандай талаптар қойылады?
кемінде 6 ай.
Кредитті ресімдеуге өтінім берген кезде қандай құжаттар тізбесі қажет?
Өтініш берушінің, қосарлы қарыз алушының (ол қатысқан кезде) жеке куәлігі. Бұл ретте Банк қосымша құжаттарды сұрату құқығын өзіне қалдырады.
Осы бағдарлама бойынша автомобильді қандай салондарда сатып алуға болады?
Осы бағдарлама бойынша Сіз өзіңізге ұнаған кез келген автомобильді "Астана Моторс", "Бипэк АВТО Қазақстан" Банк серіктестерінің сауда ұйымдарынан сатып ала аласыз.
Өтінімді қарау мерзімі қандай?
3 жұмыс күні
Кредитті қалай рәсімдеуге болады?
1. Сайтта, Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесінде немесе 7111 нөмірі бойынша өтінім беріңіз.
2. Жеке басты куәландыратын құжатты алып, Банк бөлімшесіне барыңыз.
Карта отделений
Кредитті төлемнің жоспарлы күні басталғанға дейін немесе төлемнің жоспарлы күні қалай өтеуге болады?

Мерзімін кешіктірмеу және кредит тарихын бұзбау үшін кредитті Halyk Homebank мобильді қосымшасында уақтылы немесе жоспарлы күн басталғанға дейін төлеңіз. Ай сайынғы төлемді өтеу үшін Сізге:
• Halyk Homebank-ті ашу керек
• Басты бетте "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлемді өтегіңіз келетін кредитті таңдау керек
• "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдау және төлем сомасын енгізу керек
• Төлемді растау керек
Назар аударыңыз! Halyk Homebank-те кредитті өтеу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қолжетімді. Ай сайынғы төлемді өтеу Android (нұсқасы 5.4.2-ден төмен емес) және IOS (нұсқасы 5.5.2-ден төмен емес) смартфондарында қолжетімді.

Қосымша:
1) Ай сайынғы төлемді төлеуді бір қарыз бөлінісінде ғана жасауға болады.
2) Сіз ай сайынғы төлемді төлеуге жоспарлы төлеммен салыстырғанда белгіленген сомадан көп ақша салсаңыз, онда ақшаның қалған бөлігі Сізде кесте бойынша келесі ай сайынғы төлемді өтеу үшін шарттың алдын ала төлем шотында қалады.
3) шартты толық өтеген жағдайда, шарттың алдын ала төлем шотындағы артық төленген сома автоматты түрде Сіздің өзекті шотыңызға аударылады.
Кредиттің ішінара (толық) мерзімінен бұрын өтелгені үшін қандай комиссия алынады?
0,1%, бірақ борыш қалдығынан кемінде 30 000 теңге