Сейфтік депозитарий

Сейфтік ұяшықтар бойынша талаптар
Halyk Bank сейфтік депозитарийі-барынша сенімді қойма.
Halyk Bank клиенттеріне ыңғайлы болу үшін әр түрлі сейфтік ұяшықтар ұсынылады: карта мен PIN-код бойынша рұқсаты бар автоматтандырылған ұяшықтар, сондай-ақ арнайы кілт бойынша рұқсаты бар қол ұяшықтары.
Талаптар:
1. Сейфтік ұяшықтардың түрлері:
• механикалық және электрондық-механикалық сейфтік депозитарийдің ұяшықтары
• Алматы, Астана қалалары үшін қол жеткізуді биометриялық бақылайтын автоматтандырылған сейфтік депозитарийдің және сейфтік депозитарийдің ұяшықтары
2. Ұяшықтарды жалдау үшін комиссия:
• Шағын сейф (биіктігі 100 мм дейін) - 250 теңгеден бастап
• Орташа сейф (биіктігі 101мм бастап 294 мм дейін) - 350 теңгеден бастап
• Үлкен сейф (биіктігі 295 мм бастап 600 мм дейін) - 500 теңгеден бастап
Сейфтік депозитарийлердің артықшылықтары
• 1 айдан 1 жылға дейін жалға беру
• 250 теңгеден бастап тарифтер
• әр түрлі көлемді ұяшықтар
• заманауи күзет жүйелері
• жеке ғимарат
• 24/7 ұяшықтар
Құлып/кілттер жоғалған/бүлінген/зақымданған жағдайда құлыпты ауыстыру кезінде қандай комиссия алынады?
17 000 теңге (кілттің телнұсқасын беру қарастырылмаған)
Ұяшықтарда не сақтауға болады?
• Шағын сейфке (биіктігі 100 мм-ге дейін): маңызды құжаттар, қолма-қол ақша қаражаты, электрондық ақпарат тасығыштар сыяды.
• Орташа сейфке (биіктігі 101-ден 294 мм-ге дейін): зергерлік бұйымдар, зергерлік әшекейлер, наградалар, бағалы қағаздар сыяды.
• Үлкен сейфке (биіктігі 295 мм-ден 600 мм-ге дейін): картиналар, өнер туындылары, антиквариаттар сыяды.

*Ұяшықтардың мөлшері сейфтік депозитарийге байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Ұяшықтарда нені сақтауға болмайды?
Жеке банк ұяшықтарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамға және қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін жарылғыш, тез тұтанатын, уытты, радиоактивті, есірткі және басқа заттарды, оның ішінде атыс, газ және суық қаруды сақтауға тыйым салынады.
Сейфтік депозитарий мекенжайларымен қайдан танысуға болады?
Сейфтік депозитарий орналасқан орны және жұмыс кестесімен Банк сайтында төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз.
Сейфовый депозитарий