Негізгі 10 сұрақ

Кредитті онлайн рәсімдеуге бола ма?
Кредит алып, ай сайын пәтер ұтыс ойынына қатысыңыз. Толық ақпарат halykbank.kz сайтында

Halyk Homebank қосымшасы арқылы Сіз Банк бөлімшесіне бармай-ақ 7 000 000 теңгеге дейін онлайн-кредит рәсімдей аласыз.

Halyk Homebank-те 7 000 000 теңгеге дейінгі онлайн-кредит
• Басты экранда "Кредиттерді", одан әрі "Онлайн-кредитті" таңдаңыз
• Соманы, мерзімді енгізіңіз және сақтандыруы бар немесе сақтандыруы жоқ талапты таңдаңыз, "Бұдан әріні" басыңыз.
• Бет әлпетін тану рәсімінен өтіп, жеке куәлігіңізді сканерлеңіз
• Шартқа Halyk Homebank ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз
• Қысқаша сауалнаманы толтырып, "Бұдан әріні" басыңыз
• Өзіңіз үшін кредит бойынша қолжетімді шешімді таңдап, "Кредитті алуды растауды" басыңыз
• Кредит алуды SMS-тен келген кодпен растаңыз
Құттықтаймыз! Мақұлданған жағдайда қаражат Сіздің картаңызға аударылады

Онлайн-кредит алуға арналған өтінім күн сайын сағат 21:00-ге дейін қабылданады.
Онлайн-кредит за 5 минут
Halyk Bank арқылы тауарларды бөліп төлеуге рәсімдей аламын ба?
"Иә, Halyk Bank серіктестерімен бірлесіп Halyk Homebank мобильді қосымшасы арқылы тауарларды бөліп төлеуге немесе кредитке лезде рәсімдеу мүмкіндігін іске қосты.
Банк серіктестерінің бөлшек сауда дүкендерінен немесе интернет-дүкендерінен тауарлар сатып алыңыз және Halyk Homebank қосымшасында 24 айға дейінгі онлайн бөліп төлеуді ресімдеңіз:
• Дүкеннен тауарды таңдап, тапсырыс нөмірін алыңыз
• Halyk Homebank басты бетінде "Бөліп төлеуді" басыңыз
• Дүкенді таңдап, тапсырыс нөмірін енгізіңіз
• Таңдалған тауарлар мен соманы тексеріңіз, мерзімін көрсетіп,"Жалғастыруды" басыңыз
• Талаптармен танысыңыз және Банк шығарған ЭЦҚ-ны қойыңыз
• Өз келісіміңізді SMS-тен келген 4 таңбалы кодпен растаңыз

Талаптармен Сіз әр өнімнің арнайы бөлінген бөлімінде немесе Банк сайтында толығырақ таныса аласыз.
Рассрочка от Halyk Bank
Кепілсіз кредит бойынша ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға бола ма?
Иә, Банктің кез келген бөлімшесінде де, сондай-ақ Halyk Homebank қосымшасында да.

Halyk Homebank қосымшасында бұл опция комиссияны алусыз қолжетімді:
1) Halyk Homebank-ті ашыңыз
2) Бас мәзірде "Төлемді өтеу" - "Қолма-қол ақшалай кредит"опциясын таңдаңыз
3) "Алдын-ала төлем" опциясын басыңыз
4) мерзімінен бұрын өтегіңіз келетін кредитті және төлеуге арналған шотты таңдаңыз. Экранда ішінара мерзімінен бұрын өтеуге арналған ең төменгі сома көрсетіледі.
5) "Төлеуді" басыңыз
6) Төлемді тексеріңіз және растаңыз
7) Өз келісіміңізді SMS-тен келген кодпен растаңыз
8) Тарихқа өту кезінде өтінімнің мәртебесін бақылауға болады
Halyk Homebank-те ішінара және толық мерзімінен бұрын өтеу, демалыс/мереке күндерін қоспағанда, мұндай күнге жоспарлы төлем түседі, күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қол жетімді.
Мерзімінен бұрын ішінара өтеудің ең төменгі сомасы - кемінде бір ай сайынғы төлем.

Банк бөлімшесінде кепілсіз кредитті ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеген кезде өтеу жасаған кезде шектеулер бар.
Кредит бойынша берешекті қалай білуге болады?
Кредит бойынша берешекті сіз мына жерден біле аласыз:
1. Сізге кредит беру кезінде берілген Банктік қарыз шартына өтеу кестесінде
2. Halyk Homebank қосымшасында:
• Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: "Шоттар" бөлімі,"Кредиттер" блогы
• Өтеу кестесі: кредитті басқан кезде тиісті мәртебесі бар ақпарат қол жетімді болады
Кредит бойынша ай сайынғы төлемді қалай енгізуге болады?
Кредит бойынша ай сайынғы төлемді өтеу үшін төменде көрсетілген тәсілдердің бірін пайдаланыңыз: Кредитті Halyk Homebank мобильді қосымшасында төлеңіз:
• Halyk Homebank-ті ашыңыз
• Басты бетте "Төлемді өтеуді" басыңыз
• Төлемді өтегіңіз келетін кредитті таңдаңыз
• "Төлемді өтеуді" басыңыз
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдаңыз және төлем сомасын енгізіңіз
• Төлемді растаңыз
Назар аударыңыз! Ай сайынғы төлемді өтеу Android (нұсқасы 5.4.2-ден төмен емес) және IOS (нұсқасы 5.5.2-ден төмен емес) смартфондарында қолжетімді. Ай сайынғы төлемді төлеуді бір шарт бойынша да, сондай-ақ бір үлгідегі бірнеше шарт бойынша да жасауға болады. 2. Кредитті өтеу мақсатында шотты немесе картаны толықтырған кезде, жоспарлы төлем күні сома автоматты түрде кредитке байланған Halyk Bank шотынан немесе картасынан есептен шығарылады. Сіз шотты немесе картаны мынадай жолмен толықтыра аласыз:
1) Halyk Homebank мобильдік қосымшасында ақша аудару арқылы:
- Halyk Homebank-тегі шоттан немесе картадан комиссиясыз
- басқа банктің картасынан
3) Толықтыру арқылы:
• Cash-In функциясы бар банкомат арқылы:
- картамен: картаны банкоматқа салыңыз және PIN-кодты енгізіңіз - "Қолма-қол ақша енгізу" - ақша енгізіңіз
- картасыз: банкоматтың кез келген батырмасын басыңыз - "Картаға енгізу" - картаның нөмірін енгізіңіз - ақша енгізіңіз
• төлем терминалы арқылы: "Банк операциялары" - "Карталар мен шоттарды толықтыру" - "картаны толықтыру" функцияларын таңдаңыз - бұдан әрі ЖСН мен картаның соңғы 4 цифрын енгізіңіз - соманы енгізіңіз
* бөлімшелердегі касса арқылы

Шарт бойынша төлемдер Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылуы керек. Егер шарт бойынша төлем Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00-ден кейін жүзеге асырылса, мұндай төлем келесі жұмыс күні жасалды деп танылады.
Мен жылжымайтын мүлікті Halyk Bank-тен қайталама нарықта сатып ала аламын ба?
Иә, Halyk Bank-те бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алуға Банктің жеке ипотекалық кредит беру бағдарламасы.
Кепілмен қамтамасыз етуді бағалауды кім жүргізеді?
Кепілмен қамтамасыз етуді бастапқы бағалауды тәуелсіз бағалау ұйымдары жүзеге асырады.
Екінші бағалауды тәуелсіз бағалаушының бағалауының барабарлығын анықтау үшін Филиалдардың бағалау қызметі кепіл мәнінің орналасқан жеріне барып жүзеге асырады.
Ипотекалық орталық қайда орналасқан?
Алматыда мына мекенжайлар бойынша Halyk Bank-тің ипотекалық орталықтары ашылды:
• Алматы қ., Бостандық ауд., Әуезов к-сі, №175 үй, + 7 727 259 00 00 (ішкі 08473, 08478, 08471)
• Алматы қ., Алмалы ауд., Төле би к-сі, №101 үй, + 7 727 259 00 00 ( ішкі 07724, 02763, 08698)
Орталық мамандары қолайлы тұрғын үйді таңдауға көмектеседі және Сізді ең жақсы талаптармен ипотеканы рәсімдеудің барлық процесі арқылы өткізеді.
Неге шотта ақша қаражаты болған/ шотқа ақша қаражаты түскен кезде, мерзімі өткен берешек толық көлемде өтелмеген?
Заңнама талаптарына сәйкес, мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда, Банк төлем талабын қоюға және оны Заң шеңберінде клиенттің шотына түскен қаражаттың 50%-дан аспайтын мөлшерде орындауға құқылы. Бұл ретте клиенттің ағымдағы шотында сақталатын ақша сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен кем болмауы керек.
Осыған байланысты, мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда, Банк мерзімі өткен берешек мөлшеріндегі сомаға ағымдағы және карточкалық шоттар бойынша төлем талабын (ТТ) қояды.
Бұл ретте, егер клиент шотта ТТ орындау үшін жеткілікті соманы қамтамасыз етсе, Банк құжатты орындай алмайды, өйткені ол қалдықтан/түсімнен 50%-дан аспайтын сомаға есептен шығаруы, оның ішінде шотта ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес соманы сақтауы тиіс.
Берешекті толық көлемде өтеу үшін клиент мерзімі өткен берешекті өтеуге тұрақты өкім ресімдеуі қажет. Өкімді Halyk Homebank-тің веб-нұсқасында, төлем терминалдары арқылы және Банк бөлімшелерінде ресімдеуге болады.

Осы құжатты ресімдегеннен кейін Банктегі ағымдағы шотта берешек мөлшерінде ақшаны қамтамасыз ету жеткілікті болады (ең төменгі күнкөріс деңгейінің болуын бақылау жүргізілмейді).
Мен басқа банкте рәсімделген ипотеканы қайта қаржыландыра аламын ба?
Иә, банк кредит бойынша мерзімі өткен берешегі болмаған кезде басқа банктердегі қарыздар бойынша қайта қаржыландыруды жүзеге асырады. Бірнеше қарызды біріктіріп, аз төлеуге болады.

Қайта қаржыландыру үшін Halyk Bank-тің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласу қажет.