Шарттары мен артықшылықтары

Депозит талаптары
1. Сыйақы мөлшерлемесі:
• KZT-мен - 8,5% (СЖТМ 9,0%*)
• USD-мен - 1% (СЖТМ 1%)
2. Мерзімі - 12 ай
3. Салымды толықтыру - иә
4. Ішінара шешіп алу - иә
5. Бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері / төмендетілмейтін қалдық-1000 теңге / 10 USD
6. Депозиттің ең жоғары сомасы шектеусіз.
7. Салымшының таңдауына капиталдандырумен немесе капиталдандырусыз ай сайынғы сыйақы төлеу
8. Салымның автоматты түрде мерзімін ұзарту ең көп дегенде 3 рет болады, содан кейін салым Салымшының шотына аударылады.
9. Салым Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған.

* СЖТМ - сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі, тиімді мөлшерлемелер мәнінде ауытқулар болуы мүмкін (жылдығы+/- 0,1%)."
Депозиттің артықшылықтары
Қазақстанның ірі банкіндегі сенімді салымдар!
• сақтандырылған депозит
• ішінара онлайн шешіп алу
• кез келген кезеңділікпен кез келген мөлшерде қосымша ақшалай жарналар енгізу.
• пайыздарды төлеу-ай сайын, капиталдандыру мүмкіндігімен.
Депозит бойынша сыйақыны алдын ала есептеу мүмкін бе?
Иә, Halyk Homebank-те, сондай-ақ Банк сайтының "Депозиттер" бөлімінде депозиттік калькулятор қолжетімді, ол арқылы Сіз депозит бойынша есептеуді жүзеге асыра аласыз.
Раздел «Депозиты»
Банк бөлімшесіне бармай-ақ депозитті қалай толықтыруға болады?
Иә, Сіз Halyk Homebank қосымшасында депозитті өз шоттарыңыздан/ карталарыңыздан комиссиясыз толықтыра аласыз, сондай-ақ банкоматтар, төлем терминалдары арқылы немесе басқа банктерден аударым жасау арқылы депозиттерді толықтыра аласыз.
Halyk Homebank қосымшасында аудару: "Шоттар" бөлімінде депозитті таңдаңыз - "Толықтыру" - аударым жүргізгіңіз келетін картаны таңдаңыз және толтырғыңыз келетін депозитті көрсетіңіз - аударым сомасын енгізіңіз - одан кейін аударымды растаңыз.
Депозиттен онлайн картаға ақша аудара аламын ба?
Иә, сіз ақшаны депозиттен картаға Halyk Homebank арқылы депозиттен ішінара шешіп алу - "Шешіп алу"қызметін пайдалана отырып аудара аласыз.
Картаға ішінара алу төмендетілмейтін қалдыққа дейін қол жетімді екеніне назар аударыңыз (Жеке тұлғаның банктік салымының қосылуы туралы жасалған шарттың талаптарына сәйкес).
Мен баламның атына депозит аша аламын ба?
Иә, Halyk Bank-те Сіз балаңыздың атына ұсынылған топтамадағы кез келген салымды аша аласыз.
Депозиттен Halyk Homebank картасына қаражат аудару сомасы бойынша шектеулер бар ма?
Иә, Halyk Homebank-те депозиттен ішінара шешіп алудың (депозиттен картаға ақша аудару) ең жоғары сомасына шектеу қойылған:
• ең төменгі сома 50 KZT/1 USD/1 EUR;
• сенімді құрылғы арқылы шешіп алудың ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 2 500 USD, тәулігіне - 5 000 USD (сома банкомат арқылы 40 000 000 KZT/ 100 000 USD/ 80 000 EUR дейін ұлғайтылуы мүмкін), айына - жоқ
• сенімсіз құрылғы арқылы шешіп алудың ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD (сома банкомат арқылы 10 000 000 KZT/ 25 000 USD/ 20 000 EUR дейін ұлғайтылуы мүмкін), айына - жоқ

Маңызды! Аударым шоттар мен депозиттердің кейбір түрлері үшін қол жетімсіз (олар ашылмалы тізімде сұр түспен бөлінген).
Шешіп алу сомасы депозиттегі төмендетілмейтін қалдықпен шектеледі.

Құрылғыны сенімді ету үшін Halyk Homebank қосымшасының "Мәзір" бөліміндегі "Толық тіркеуден өтуді" басу немесе қосымшаны толығымен жабу керек, кіру экранындағы "Тіркелу" батырмасынн басып, нұсқауларды орындаңыз. Тіркелу кезінде Сізге жеке куәлік қажет болуы мүмкін, оның бар екеніне көз жеткізіңіз.
Депозиттен картаға ақша аудару үшін шектеулерді қалай алып тастауға болады?
Депозиттен картаға ақша аудару лимитінің мөлшерін Halyk Bank банкоматы арқылы өзгертуге болады:
1. Картаны банкоматқа қойып, "Қосымша қызметтерді" таңдаңыз
2. "Депозиттен шешіп алу лимитін ұлғайтудыө" таңдаңыз және қажетті соманы енгізіңіз
Депозитті картадан толықтыру бойынша шектеулер бар ма?
Иә, Halyk Homebank-те депозитті толықтырудың ең төменгі сомасына шектеулер белгіленген:
1. Картадан депозитке:
• ең төменгі сома 50 KZT/1 USD/1 EUR
• ең жоғарғы сома - шектеусіз

Депозитті кредиттік карталардан толықтыру мүмкін емес.
2. Шоттан депозитке :
• ең төменгі сома 50 KZT/1 USD/1 EUR
• ең жоғарғы сома - шектеусіз
Депозитті карталық /ағымдағы шоттардан соманы бір мезгілде айырбастау мүмкіндігімен онлайн толтыру мүмкін бе?
Ия, депозитті толықтыру үшін Сізге:
• Halyk Homebank-ті ашу және "Аударымдар" бөліміне өту керек
• "Өз шоттарыңыз арасынданы" таңдау керек.
• есептен шығару шотын (карталық/ағымдағы шот) және ақша аудару қажет депозитті таңдау керек
• әрі қарай аударым валютасын көрсету керек, бұл ретте Сізге ыңғайлы болу үшін айырбастау бағамы автоматты түрде көрсетіледі
• "Бұдан әріні" басу керек
Дайын!

Операция жасалған кезде операция жүргізілген сәтте қолданыстағы қолма-қол ақшасыз айырбастау бағамы қолданылатын болады.
Депозиттен карточкалық/ ағымдағы шотқа соманы бір мезгілде айырбастау мүмкіндігімен ішінара шешіп алу мүмкін бе?
Ия, депозиттен ішінара шешіп алу үшін Сізге:
• Halyk Homebank-ті ашу және "Аударымдар" бөліміне өту керек
• "Өз шоттарыңыз арасынданы" таңдау керек.
• ақша аудару қажет депозит пен шотты таңдау керек
• әрі қарай аударым валютасын көрсету керек, бұл ретте Сізге ыңғайлы болу үшін айырбастау бағамы автоматты түрде көрсетіледі
• "Бұдан әріні" басу керек
Дайын!

Операция жасалған кезде операция жүргізілген сәтте қолданыстағы қолма-қол ақшасыз айырбастау бағамы қолданылатын болады.
Қазақстан Республикасының резиденті емес есептелген сыйақыдан салық төлеуге тиіс пе?
2018 жылғы 01 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты резидент еместер депозиттер бойынша ай сайынғы сыйақыдан 15% мөлшерінде салық төлеуге міндетті.
Клиентке салық органдарының Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаты болған кезде салық резиденті мәртебесі берілуі мүмкін. Мұндай клиенттер сыйақы түріндегі табыстан Қазақстан Республикасының салық заңнамасының нормаларына сәйкес төлем көзінен салық төлеуден босатылады.
Депозит бойынша есептелген сыйақы сомасын қайдан біле аламын?
Сіз Halyk Homebank қосымшасының үзінді көшірмесін Банк бөлімшесіне келмей-ақ кез келген уақытта қарай аласыз.
Үзінді көшірмені Halyk Homebank қосымшасында PDF форматында онлайн алуға болады:
• Депозитті таңдаңыз
• үзінді көшірменің кезеңін таңдап, PDF белгішесін басыңыз
Депозиттен ішінара шешіп алған кезде шығындар болады ма?
Сіз есептелген сыйақыны жоғалтпай кез келген уақытта төмендетілмейтін қалдық мөлшеріне дейін депозиттен ішінара (Жеке тұлғаның банктік салымының қосылуы туралы жасалған шарттың талаптарына сәйкес) шешіп алуды жүргізе аласыз.
Бұл жағдайда сыйақы ақшаның депозитте болған нақты уақыты үшін есептеледі және төленеді.
Банк бөлімшесінде ақшаны шешіп алу кезінде депозитті толтырғаннан кейін 15 күн өткен соң ақшаны комиссиясыз шешіп алуға болады. Депозиттік қаражатты Halyk Homebank-тегі "Шешіп алу" фнукциясы арқылы аударған кезде комиссия алынбайды.
Долларлық депозитті терминал арқылы толықтыра аламын ба?
Жоқ, терминалдар арқылы депозитті тек теңгемен тегін толықтыруға болады. Банк бөлімшелерінде доллармен толықтыруға болады
Егер менде сенімхатта доллардағы салымым ғана көрсетілсе, мен теңгедегі салымнан сенімхат бойынша ақша қаражатын ала аламын ба?
Сенімхат бойынша берілген өкілеттіктің болмауына байланысты Сіз шетел валютасындағы салым бойынша ақшаны шешіп ала алмайсыз.
Менің депозитіме қандай себеппен тыйым салынғанын қалай білуге болады?
Сіздің депозитіңізге үш негізгі себеп бойынша тыйым салынуы мүмкін:
1. Мемлекеттік органдар алдындағы міндеттемелерді орындамау (мысалы, салықтар бойынша берешек);
2. Банктер алдындағы мерзімі өткен кредит немесе басқа да міндеттемелер;
3. Сот қаулысы.
Шоттарға тыйым салу туралы нақты ақпаратты мемлекеттік органдардың сайттарынан (салық берешегі туралы мәліметтер, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі) немесе Halyk Homebank-тің веб-нұсқасынан, "Көрсетілетін қызметтер" - "Шоттардағы шектеулерді тексеру" бөлімінен алуға болады."
Депозитке тыйым салынған жағдайда мен сыйақы алып тұра аламын ба және менің депозитімнің мерзімі ұзартыла ма?
Егер Салымға үшінші тұлғалардың нұсқаулары бойынша тыйым салынса, онда Банк Шоттағы ақшаға тыйым салады, бұл ретте Салым талаптары бұзылған болып есептелмейді. Егер тыйым салу мерзімі, Банк белгілеген мерзімін ұзартулар санын ескере отырып, Салым мерзімінен асып кетсе, онда Салымның мерзімін соңғы ұзартқаннан кейін Банк тыйым салу мерзімі аяқталғанға дейін 0% сыйақы мөлшерлемесі бойынша Салымның мерзімін ұзартуды жалғастырады.
Мен тыйым салынған депозиттен ақша алып, оны толықтыра аламын ба?
Сіз өз депозитіңізді толықтыра аласыз, бірақ шығыс операциялары тыйым салу алынып тасталғаннан кейін ғана мүмкін болады.
Депозитке тыйым салынған кезде мен депозитті жаба аламын ба?
Банк депозитті оған тыйым салынған жағдайда жаба алмайды. Жабу тыйым салу алынып тасталғаннан кейін ғана мүмкін болады.
Депозит мерзімінен бұрын бұзылған кезде сыйақы қалай есептеледі?
Депозит мерзімі аяқталғанға дейін депозит бұзылған жағдайда, сыйақы салымды сақтау мерзіміне байланысты төленеді:
• 1 айға дейін - төленбейді
• 1 айдан бастап (қоса алғанда) 6 айға дейін - номиналды мөлшерлеменің 1/8
• 6 айдан бастап (қоса алғанда) 12 айға дейін - номиналды мөлшерлеменің 1/4
• 12 айдан бастап (қоса алғанда) және одан астам - номиналды мөлшерлеменің 1/2
Мен Банктік салым шартымен қайдан таныса аламын?
Сіз Шарттың талаптарымен Банк сайтының "Депозиттер" бөлімінде, сондай-ақ Halyk Homebank-те депозит ашқан кезде таныса аласыз.
Банк бөлімшесіне бармай-ақ депозитті жаба аламын ба?
Депозитті тек банк бөлімшесінде ғана жабуға болады, өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.