"Баспана Хит" ипотекасы

Кредит бойынша қойылатын талаптар
Баспана Хит бағдарламасы тоқтатылды.
Кредитті төлемнің жоспарлы күні немесе төлемнің жоспарлы күні басталғанға дейін қалай өтеуге болады?

Мерзімін кешіктірмеу және кредит тарихын бұзбау үшін кредитті Halyk Homebank мобильді қосымшасында уақтылы немесе жоспарлы күн басталғанға дейін төлеңіз. Ай сайынғы төлемді өтеу үшін Сізге:
• Halyk Homebank-ті ашу керек
• Басты бетте "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлемді өтегіңіз келетін кредитті таңдау керек
• "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдау және төлем сомасын енгізу керек
• Төлемді растау керек
Назар аударыңыз! Halyk Homebank-те кредитті өтеу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қолжетімді. Ай сайынғы төлемді өтеу Android (нұсқасы 5.4.2-ден төмен емес) және IOS (нұсқасы 5.5.2-ден төмен емес) смартфондарында қолжетімді.

Қосымша:
1) Ай сайынғы төлемді төлеуді бір қарыз бөлінісінде ғана жасауға болады.
2) Сіз ай сайынғы төлемді төлеуге жоспарлы төлеммен салыстырғанда белгіленген сомадан көп ақша салсаңыз, онда ақшаның қалған бөлігі Сізде кесте бойынша келесі ай сайынғы төлемді өтеу үшін шарттың алдын ала төлем шотында қалады.
3) шартты толық өтеген жағдайда, шарттың алдын ала төлем шотындағы артық төленген сома автоматты түрде Сіздің өзекті шотыңызға аударылады.
Кредит үшін ай сайынғы төлемді қалай өтеуге болады?
Сіз кредитті мынадай жолмен төлей аласыз:

• Halyk Homebank-те. Картадан ағымдағы шотқа ақша қаражатын аударыңыз, одан кесте бойынша төлем жасалатын күні кредитке арналған сома автоматты түрде есептен шығарылады
• Төлем терминалы арқылы
• Cash-In функциясы бар банкоматтар арқылы
• Банктің жақын жердегі бөлімшесіндегі касса арқылы

Шарт бойынша төлемдер Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылуы керек. Егер шарт бойынша төлем Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00-ден кейін жүзеге асырылса, мұндай төлем келесі жұмыс күні жасалды деп танылады.
Кредиттің ішінара (толық) мерзімінен бұрын өтелгені үшін қандай комиссия алынады?
•12 айға дейінгі мерзімге берілген қарыз бойынша 6 айға дейін өтеген кезде - борыш қалдығының 0,1% мөлшерінде ішінара/ толық мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия (бірақ 30 000 теңгеден кем емес) + 6 ай үшін (бірақ 6 айдан көп емес) Банк есептеген және толық алмаған сыйақы алынады
• қарыз берілген сәттен бастап 12 айға дейінгі кезеңде кредитті пайдаланудың 6 айы өткеннен кейін толық өтеген жағдайда борыш қалдығының 0,1% мөлшерінде, бірақ 30 000 теңгеден кем емес комиссия алынады
• берілген сәттен бастап 12 айға дейінгі кезеңде кредитті пайдаланудың 6 айы өткеннен кейін ішінара өтеген жағдайда - комиссия алынбайды
• кредит берілген сәттен бастап 12 ай өткеннен кейін толық немесе ішінара өтеген жағдайда - комиссия алынбайды