Негізгі 10 сұрақ

Halyk Club дегеніміз не?
Halyk Club – Halyk Bank карталарын ұстаушыларға арналған артықшылықтар клубы.

Сатып алулар жасап, бонустар алыңыз!
• 25% – Halyk Club серіктестерінің 22 000-нан астам нүктелері желісінде максималды бонус
• 10% – арнайы бағдарламалар мен акциялар бойынша максималды бонус
• 1% – барлық сатып алулар мен төлемдерге максималды бонус*

Сатып алуларыңызды бонустармен төлеңіз!
• Halyk Club серіктестерінің 22 000-нан астам нүктелері желісінде сатып алулар мен қызметтерді ішінара немесе толықтай бонустармен төлеңіз
• Halyk Homebank қосымшасында коммуналдық қызметтерді, мобильді байланысты, интернте пен басқа да 6000-нан астам қызметтерді төлеңіз

Бөліп төлеу арқылы сатып алыңыз!
• Halyk Light серіктестерінің 10 000-нан астам нүктелері желісінде пайызсыз және артық төлемсіз 4 айға бөліп төлеу
• Кез келген басқа POS-терминал арқылы немесе Halyk Light серіктестерінің желісінен тыс онлайн-дүкендерінде 4 айға сатып алу сомасынан 1% ай сайынңы комиссиямен бөліп төлеу

* Шетелдік сайттарда және Halyk Club серіктестерінің желісінде тұрақты бонусы бар төлемдерді қоса алғанда шетел транзакциялары бойынша төлемдерді қоспағанда з
Бонустар есептеу тәртібі
Правила бонусного клуба для физических лиц
Порядок начисления бонусов
Halyk Club серіктестерінің тізімімен қайда танысуға болады?
Банктің серіктестерімен төмендегі сілтеме бойынша Банк сайтында да, Halyk Homebank мобильді қосымшасында да таныса аласыз:
• Halyk Homebank-ті ашыңыз
• Басты бетте «Клуб» белгішесін басыңыз
• Банк сайтының ашылған бетінле Банктің барлық серіктестерімен таныса аласыз
Список партнеров
Бонустарды қалай алуға болады?
(1 бонус = 1 теңге)
• Барлық сатып алуларды Halyk Bank картасымен төлеңіз және сатып алу сомасынан максималды 1% бонус алыңыз
• Halyk Homebank қосымшасында төлемдер жүргізіңіз және төлем сомасынан кепілдендірілген 1% бонус алыңыз
• Halyk Club серіктестерінің желісінде тауар ақысын төлеңіз де, сатып алу сомасынан 25% дейін бонус алыңыз
• Банктің сайтында жоғары бонустары бар акцияларды бақылаңыз!
1 клиентке барлық карталар бойынша барлық төлемдер мен сатып алулар бойынша жиынтықта айына бонустардың максималды сомасы - 30 000 бонус.
Айына 1 клиентке мобильді байланыс төлемі үшін бонустардың максималды сомасы - 200 бонус.

Клиент сатып алуды толық немесе ішінара қайтарған кезде, сатып алудың барлық сомасына бұрын есептелген бонустарды клиенттің бонустық шотынан толық мөлшерде есептен шығару жүргізіледі.
Порядок начисления бонусов
Мен бонустарды қайда жұмсай аламын?
1. Halyk Club серіктестерінің 22 000-нан астам нүктелері бойынша желіде сатып алулар мен қызметтерді төлеңіз.
2. Halyk Bank серіктестерінің тауарлары мен қызметтері үшін төлем жүргізу кезінде кассирге бонустармен төлеу туралы хабарлаңыз.
із бонустарды, кредиттік және өз қаражатыңызды үйлестіре аласыз.
Мысалы, егер Сіз өзіңізге қолжетімді бонустар есебінен сатып алуды төлегіңіз келсе, бірақ ол бүкіл соманы төлеу үшін жеткіліксіз болса, ақшаның жетіспейтін бөлігі автоматты түрде Сіздің картаңыздың шотынан есептен шығарылуы мүмкін (бонустар да есептен шығарылған ақша бөлігіне есептеледі).
3.Halyk Homebank қосымшасында коммуналдық қызметтерді, мобильді байланысты, интернте пен басқа да 6000-нан астам қызметтерді бонустармен төлеңіз .
Мен бонустарды қолма-қол ақшаға айналдыра аламын ба?
Жоқ, бонустарды Halyk Club серіктестерінің 22 000-нан астам нүктелері желісінде сатып алулар мен қызметтерді төлеу кезінде және Halyk Homebank-тегі қызметтерді төлеу кезінде ғана жұмсауға болады.
Список партнеров
Halyk Bank-тің қай карталары бойынша бонустар есептеледі?
Бонустар корпоративтік, сыйлық карталарын, Altyn Plus/AltynPlus UPI карталарын және арнайы шоттардың карталарын қоспағанда, Halyk Bank-тің барлық карталарына есептеледі.
Порядок начисления бонусов
Бөліп төлеу арқылы қайда сатып алулар жасауға болады?
• Halyk Light карталары бойынша Сізге бағдарлама серіктестерінің 10 000-нан астам нүктелерінен 4 айға пайызсыз және артық төлеусіз бөліп төлеу қолжетімді. Сатып алмас бұрын серіктестен/дүкеннен Halyk Light-пен өзекті серіктестік мәртебесін нақыталып біліп алыңыз.
Мысалы:
Сіз серіктестен 10 000 теңге сомаға Halyk Light бөліп төлеу картасымен сатып алуды төледіңіз. Ай сайынғы төлем 2 500 теңгені құрайды.

• Серіктестен тыс нүктелерде (кез келген басқа POS-терминалда) Halyk Light картасымен сатып алулар үшін 4 айға бөліп төлеу қолжетімді.
Мысалы:
Сіз Halyk light бағдарламасының серіктесінен тыс Halyk Light картасымен 10 000 теңге сомаға сатып алуыңызды төледіңіз. Ай сайынғы төлем 2 600 теңгені құрайды, 4 ай үшін жалпы артық тө??еу сомасы - 400 теңге.

Бонус балансын қайдан тексеруге болады?
Бонустық шотқа аударылған бонустарды қарау серіктестің сауда нүктесінде POS-терминал экранында немесе транзакция жасау кезінде клиентке берілетін чекте көрінеді.

Бонустар балансын келесі тәсілдермен тексеруге болады:
• Halyk Homebank ашыңыз, бонустар "Шоттар" бөлімінде көрінеді
• 7111 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып, бонус қалдықтары бойынша қызметті сұратыңыз, картаның соңғы 4 циярын енгізіңіз
Бонустармен төлемді қалай жүзеге асыру керек?
1. Halyk Bank серіктестерінің тауарлары мен қызметтері үшін төлем жүргізу кезінде кассирге бонустармен төлеу туралы хабарлаңыз..
2. Halyk Homebank қосымшасында қызметтерді төлеу кезінде:
• Halyk Homebank-ті ашыңыз және "Төлемдер" бөліміне өтіңіз
• Қызмет түрін таңдаңыз (мысалы "Мобильді байланыс) және төлем тәсілі "Бонустар"-ды таңдаңыз
Список партнеров
1% бонусты есептеу бойынша шектеулер бар ма?
Максималды сіз барлық төлемдер үшін айына 30 000 бонусқа дейін ала аласыз (мобильді байланыс қызметтерін төлеген жағдайда, барлық карталар бойынша 1 (бір) клиентке бонустарды есептеудің максималды мөлшері айына 200 бонусты құрайды), мыналардан басқа қызметтер үшін:
• кез келген аудару арқылы іске асқан операциялар
• сақтандыру қызметтері бойынша төлемдер
• депозитті толықтыру/алу
• қаржылық қызметтерді төлеу (оның ішінде жалға алуды төлеу үшін де)
• кредиттер, микрокредиттер, Банк, қаржылық ұйымдар, мемлекет алдындағы міндеттемелер бойынша берешекті өтеу
• салықтар мен айыппұлдарды төлеу
• электронды әмияндарды толықтыру
• сайттарда және ойынханада, интернет-ойынханасында, букмекерлік ұйымдарда, тотализаторларда, лотерея, интернет-ойындар, ломбардтарда төлемдер мен сатып алулар
• бонустармен төлеу
• сыйлық картасымен төлем жүргізу
• ЖК корпоративтік картасымен төлемдер жүргізу
• арнайы шоттарға шығарылған карталармен төлем жүргізу
• кедендік төлемдер
• Тұрақты бонус беретін Halyk Club бейілділік бағдарламасы серіктестерінің желісінде
• Шетел сайттарында төлем жүргізуді қоса алғанда ҚР тыс жерде төлем жүргізу
Порядок начисления бонусов