Заңнама талаптарына сәйкес, мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда, Банк төлем талабын қоюға және оны Заң шеңберінде клиенттің шотына түскен қаражаттың 50%-дан аспайтын мөлшерде орындауға құқылы. Бұл ретте клиенттің ағымдағы шотында сақталатын ақша сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен кем болмауы керек.
Осыған байланысты, мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда, Банк мерзімі өткен берешек мөлшеріндегі сомаға ағымдағы және карточкалық шоттар бойынша төлем талабын (ТТ) қояды. Клиенттің ағымдағы шотында ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен аз сома болған жағдайда төлем талабын орындау жүргізілмейді.
Ішінара орындалған төлем талабын кейіннен орындау, ағымдағы шотта ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес соманың қамтамасыз етілуін ескере отырып, клиенттің ағымдағы шотына түскен әрбір ақша сомасының 50% шегінде ағымдағы шотқа ақшаның түсуіне қарай жүргізіледі.
1) Банктегі барлық шоттардан мерзімі өткен берешекті толық көлемде (100%) өтеуге ақша жөнелтушінің тұрақты өкімін ресімдеу, оны мыналар арқылы беруге болады:
• Төлем терминалы: "Банк операциялары" бөлімінде "Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімін ресімдеу" бетбелгісінде;
• Банк бөлімшелері.
2) Егер клиент мерзімі өткен берешекті толық көлемде өтеуге тұрақты өкім ресімдемеген болса, клиент заңға сәйкес берешекті өтеу үшін талап етілетін ақша қаражатының жеткілікті сомасын қамтамасыз етуі қажет:
• егер борыш сомасы ең төмен күнкөріс деңгейі сомасынан аз болған жағдайда, ол өз шотын "ең төмен күнкөріс деңгейі" сомасына + борыш сомасына толықтыруы керек;
Мысал:
Борыш сомасы = 20 000 теңге, ең төмен күнкөріс деңгейі де 20 000 теңге болады. Шотта клиент кемінде 49 698 теңгені қамтамасыз етуі тиіс.
• егер борыш сомасы ең төмен күнкөріс деңгейі сомасынан артық болса, клиент борыштың екі еселенген сомасын қамтамасыз етуі тиіс, өйткені бұл жағдайда ТТ қою бойынша 50% туралы норманы ескеру қажет.
Мысал:
Борыш сомасы = 35 000 теңге, ТТ да 35 000 теңге болады. Шотта клиент кемінде 70 000 теңге қамтамасыз етуі керек.




