Негізгі 10 сұрақ

Halyk Bank-те дебеттік карталардың қандай түрлері бар?
Дебеттік карталардың бірнеше түрін ашуға болады:
• Halyk Bonus Digital цифрлық картасы
• Sinooil картасы
• Black Card картасы
• Diamond Card
Тегін жылдық қызмет көрсету қай картада жарамды?
Halyk Bank-тің келесі дебеттік карталары бойынша тегін жылдық қызмет көрсетіледі:
- Halyk Bonus Digital цифрлық картасы
- Sinooil картасы*

* қызмет көрсетудің 1-ші жылында
Halyk Homebank арқылы телефон нөмірі бойынша картаға аударуға бола ма?
"Мобильді телефон нөмірі бойынша аудару шарттары:
• аударым Halyk Bank клиентінің мобильді нөміріне жіберіледі, қаражат алушының Halyk Bank негізгі картасына аударылады.
• негізгі карта - басты бетте дербес таңдалады және мобильді нөмір бойынша аударымдарды алуға арналған карта болып табылады. Әдепкіде негізгі карта ең белсенді болып табылады.

Halyk Bank карталары арасында аударымдар комиссиясыз жүргізіледі.
• Halyk Homebank-те басты экранда "Аударымдар" батырмасын басыңыз, "Телефон нөмірі бойынша" батырмасын таңдаңыз
• Алушының ұялы нөмірін ен??ізіңіз немесе мекенжай кітабынан таңдаңыз
• Аударым сомасын енгізіп, аударым жасаңыз
Дайын! Сізге есептен шығару туралы хабарлама келеді және ақша алушының шотына түседі. сіз сондай-ақ жіберушіден алынған хабарламаға жауап бере аласыз.

Кеңестер:
1) Егер сіз бір адамға жиі ақша аударатын болсаңыз, мекенжай кітабындағы телефон нөмірін іздемеу үшін алушыны тізімге сақтай аласыз.
Мұны істеу үшін, аударғаннан кейін "Алушыны сақтау" белгісін қоюды ұмытпаңыз және енді телефон нөмірін енгізудің қажеті болмайды.
2) сондай-ақ, "Тарих" қосымша бетінде Сіз жасаған аударымды көре аласыз, түбіртекті экранға шығарып, аударымды қайталай аласыз немесе бөлісе аласыз."
Онлайн картаны қалай ашуға болады?
Картаны ашуға өтінімді Halyk Homebank арқылы онлайн беруге болады.
Halyk Homebank қосымшасында картаны онлайн ашу үшін:
• Негізгі экранда "Карталар" батырмасын басыңыз
• Карталардың бірін таңдаңыз - Halyk Bonus Digital цифрлық картасы / Sinooil картасы / Жәрдемақыларға арналған арнайы карта
• Карта түрін таңдап, нұсқауларды орындаңыз
• Картаның ашылуын растау үшін SMS-тен кодты енгізіңіз
Картаны күн ағымында іске қосуға болады.
Дайын! Карта күн ағымында Шоттарда пайда болады және Сз картаны пайдалана бастай аласыз.

1) Пластикалық карталарды жеткізу тек келесі қалаларға ғана жүзеге асырылады: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Семей, Өскемен, Қостанай, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Түркістан, Жаңаөзен, Жезқазған, Теміртау, Екібастұз, Балқаш, Байқоңыр
2) Карталарды жеткізу тек жұмыс күндері жүзеге асырылады. Картаны шығаруға өтінім бірінші жұмыс күні қаралады.

Карталардың басқа түрлеріне Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесінен тапсырыс беруге болады.
Карта отделений
Карта бойынша PIN-кодты қалай орнатуға болады?
1. Halyk Homebank қосымшасы арқылы:
• Halyk Homebank қосымшасын ашып, қажетті картаны таңдаңыз
• "Қызметтер" бөліміне өтіңіз
• "PIN код орнату/өзгерту" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
• SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген операцияны жүргізіңіз.

2. Банкомат арқылы:
• EPIN**** мәтінімен (**** – картаның соңғы 4 саны) 7111 нөміріне SMS жіберіңіз. Мысалы, EPIN1234
• Сіздің нөміріңізге 2 сағат бойы әрекет ететін ePIN коды бар SMS келеді*
• Картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және алынған ePIN енгізіңіз
• Банкоматта "PIN-кодты орнату / өзгерту" бөлімін таңдап, жеке PIN-кодты орнатыңыз
Дайын! PIN коды орнатылды.

• Егер сіз банкоматта 2 сағат ішінде ePIN-ді PIN-кодқа өзгертуге уақытыңыз болмаса, келесі әдістердің бірімен ePIN-ді қайта алыңыз:
• SMS арқылы: EPIN**** мәтінімен (**** – картаның соңғы 4 саны) 7111 нөміріне SMS жіберіңіз. Мысалы, EPIN1234
• Байланыс орталығы арқылы: 7111 нөміріне қоңырау шалып, "Карта бойынша сервис алу" → "Карта бойынша уақытша PIN-код алу" таңдаңыз.

Картаны күн ағымында іске қосуға болады.
Картамен төлеу кезінде бонустар аламын ба?
Ия! Halyk Bank карталарымен бірге көп ақша табыңыз!
• 1% - барлық сатып алынғанға ең жоғары бонус*
• 1% - Halyk Homebank қосымшасындағы төлемдерге кепілдендірілген бонус*
• 25% – Halyk Club серіктестерінің 22 000-нан астам желісіндегі ең жоғары бонус
• 10% – арнайы бағдарламалар мен акциялар бойынша ең жоғары бонус

* шетелдік сайттарда және Halyk Club серіктестерінің желісінде тұрақты бонусы бар төлемдерді қосқанда шетелдік транзакциялар бойынша төлемдерді қоспағанда
Порядок начисления бонусов
PIN-кодты ұмытып қалсам не істеуім керек?
"Егер Сіз PIN-кодты ұмытып қалсаңыз және/немесе оны ауыстырғыңыз келсе, онда Halyk Homebank қосымшасында есте сақтауға ыңғайлы PIN-кодты орнатыңыз:
• Halyk Homebank-ті ашып, қажетті картаны таңдаңыз
• "Қызметтер" - "PIN код орнату/өзгерту" тармағына өтіп, нұсқауларды орындаңыз
• SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз
Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін банкоматта кез келген транзакция жүргізіңіз

PIN-кодты ауыстыру үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматын да пайдалануға болады, картаны салып, ағымдағы PIN-кодты енгізіңіз:
• PIN-кодты өзгерту
• Жаңа PIN-кодты енгізу
• Жаңа PIN-кодты растау
Банкомат PIN-кодты сәтті орнату туралы чек береді
Егер мен банкоматта картаны ұмытып қалсам не істеуім керек?
Егер Сізге жедел карта керек болса, Сіз Halyk Bank картасын банктің кез келген бөлімшесінде 5 минутта, бұрынғы қызмет көрсету талаптарын сақтай отырып қайта шығара аласыз және бірден пайдалана бере аласыз, картаңыздағы қаражат қолжетімді болады.
PIN-кодты Сіз Halyk Homebank қосымшасында оңай орната аласыз: қажетті картаны таңдаңыз ® «Сервистерге» өтіңіз және «PIN код орнату/ауыстыру» батырмасын таңдаңыз
Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.

Сондай-ақ, Сіз ұсталған картаңыздың банк бөлімшесіне жеткізілуін күте аласыз:
• 5 жұмыс күні ішінде Сізге бөлімшенің мекенжайы көрсетілген SMS жіберіледі, онда Сіз өз картаңызды ала аласыз. Сіздің қалаңыздағы ұсталған карталарды беру бөлімшелерінің тізімімен төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз.
• Картаны алғанға дейін Сіз Halyk Homebank қосымшасында уақытша бұғатты алдын ала алып тастай отырып, өз картаңызды пайдалануды жалғастыра аласыз: банкоматта қалдырған картаны таңдаңыз ® «Баптаулар» бөлімінде "Уақытша бұғаттау" опциясын өшіріңіз.
Бұғаттауды, сондай-ақ Байланыс орталығына 7111 нөміріне қоңырау шалу арқылы алып тастауға болады.
Картаны бұғаттан шығарғаннан кейін және оны алғанға дейін Сізге барлық операцияларды жасауға болады:
- Картаны Homebank Pay (тек Visa карталары үшін), Apple Pay, Samsung Pay карталарына байлаңыз және смартфонмен төлеңіз.
Жанасусыз төлемдерді орнату нұсқаулығымен арнайы бөлінген бөлімдерде танысыңыз.
- Halyk Homebank қосымшасында мобильді байланыс, интернет, кабельді теледидар, коммуналдық және 6000 астам басқа қызметтерді комиссиясыз төлеңіз және бонустар алыңыз.
- Halyk Homebank-те кез келген картаға және телефон нөмірі бойынша ақша аударыңыз
- Halyk Bank банкоматынан картасыз қолма-қол ақша алыңыз

Егер сіз картаны басқа банктің банкоматында ұмытып қалсаңыз: картаны ұмытып кеткен банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.
Карта отделений
Картаны қалай толықтыруға болады?
Halyk карталарын Сіз:
• Cash-In функциясы бар банкоматтар арқылы
• Halyk Homebank арқылы картадан/шоттан/депозиттен картаға аудару жолымен
• картадан картаға аударымдарды қолдайтын басқа банктер арқылы
• банк бөлімшелеріндегі кассалар арқылы толықтыра аласыз
Карта отделений
Бөлімшеге бармай-ақ картаны қалай ашуға немесе қайта шығаруға болады?
Сіз Halyk Homebank арқылы Halyk Bonus Digital жаңа картасын, Sinooil картасын шығаруға өтініш бере аласыз. Картаны қайта шығару үшін байланыс орталығына 7111 нөмірі бойынша қоңырау шалу немесе Halyk Bank бөлімшесіне өтініш білдіру қажет.