Push-хабарламалар

Push-хабарламалар дегеніміз не?
Push-хабарламалар - бұл Halyk Homebank қосымшасы арқылы біздің Банкте ашылған Сіздің шоттарыңыз бойынша барлық операцияларды көрсететін, Банк іске қосқан акциялар мен жаңа сервистер туралы хабарлайтын мобильді телефондағы қалқымалы терезелер.
Хабарландырулар көбінесе экранның жоғарғы жағындағы "перде" тартпасында, сондай-ақ бұғаттау экранында пайда болады.
PUSH-хабарлама қызметін пайдаланғаны үшін абоненттік төлем/комиссия бар ма?
Қызмет тегін.
Push-хабарламаларды қалай қосуға болады?
Push-хабарламаларды қосыңыз:
1. Halyk Homebank-ті ашып, "Мәзір" бөліміне өтіңіз
2. "Профиль және баптаулар", содан кейін "Менің құрылғымды" таңдаңыз
3. Сіздің сенімді нөміріңізге коды бар SMS келеді
4. SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
5. "Сенімді құрылғы" өрісінде жаңа қосылған құрылғы көрсетіледі
6. Әрі қарай, артқа оралып, "Хабарламаларды" таңдаңыз
7. "Хабарламалар алу" опциясын таңдап, төменде қажетті опцияларды таңдаңыз
Push-хабарламаларда қандай ақпарат аламын?
Сіз транзакциялық Push-хабарламалар алып отырасыз, яғни карта бойынша операциялар, ТТ төлемі және т.с.с. Сондай-ақ Halyk Homebank қосымшасында "хабарламаларды баптау" мәзірінен тізімнен қажетті хабарламаларды (хабарламалар, карталар бойынша транзакциялар, ағымдағы шот/депозит бойынша қозғалыстар, ЖҚЕ айыппұлдары, тыйым салулар/ТТТ, коммуналдық қызметтер, жарнамалық жіберілімдер) таңдай аласыз.
Push-хабарламалар тарихын қайдан көруге болады?
Push-хабарламалар тарихы Halyk Homebank қосымшасында сақталады:
1. Halyk Homebank-ті ашып, "Мәзір" бөліміне өтіңіз
2. "Хабарламаларды" таңдаңыз
Егер Сіз оларды экранда көргіңіз келмесе, діріл мен дыбыстық дабылды сақтай отырып, құрылғы баптауларында экранда көрсетілуін өшіруге болады.
Егер Halyk Homebank қосымшасы ашық болмаса, маған push-хабарлама келе ме?
Иә, мобильді құрылғыға push-хабарламаларды алу қосымшаны үнемі ашуды қажет етпейді. Тиісті ақпаратты беру үшін тек интернет желісіне қосылу талап етіледі.
Мен Halyk Homebank қосымшасында push-хабарламалар қызметін орнаттым, бірақ хабарламалар келмейді ме?
Телефон баптауларында push-хабарламалардың қосылуын жөндеу керек. (Баптаулар-хабарламалар-Сіз хабарлама алғыңыз келетін Halyk Homebank қосымшасын таңдаңыз, содан кейін Halyk Homebank қосымшасында push-хабарламалардың қосылуын тексеріңіз)