Жақын туыстарына БЗТ беру

БЗТ-ны жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына беру шарттары
Қағидалармен туыстық қатынастар расталған жағдайда жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына төлемді беруді ресімдеу құқығы көзделген.
Сіз өзіңіздің жақын туысқандарыңызға немесе жұбайыңызға (зайыбыңызға) БЗТ-ны ішінара немесе толығымен бере аласыз. Жақын туыстар - жұбайы, зайыбы, ата-анасы, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір/ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі.
Halyk Homebank қосымшасында БЗТ-ны жұбайына (зайыбына)/жақын туыстарына беруге өтінімді онлайн іске қосу іске асырылғанын қосымша хабарлаймыз.
Сіз БЗТ-ны:
1) бірнеше алушыға
2) егер сіз зейнетақы қаражаттарыңыздың бір бөлігін пайдаланған болсаңыз, бере аласыз.
Зейнетақы жинақтарын қалай беруге/оны қалай алуға болады?
"1. Зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына/ жұбайына (зайыбына) беру үшін:
* Halyk Homebank қосымшасын Android үшін Google Play-ден немесе iOS (iPhone) үшін App Store-дан жүктеп алыңыз*
• Halyk Homebank-ты ашып,"Тіркелу" батырмасын басыңыз
• Басты экранда немесе "Мәзір " бөлімінде "БЖЗҚ төлемдерін" таңдаңыз
• БЗТ алу өтінімінде деректерді толтырыңыз және "Жұбайына (зайыбына)/ жақын туыстарына төлемдерді беруді" таңдаңыз
• Пайдасына зейнетақы жинақтары берілетін клиенттің ЖСН мен ұялы телефон нөмірін толтырыңыз
• Түскен тізімнен филиалды таңдаңыз және өтініш білдіру қаласы/ елді мекен өрісін толтырыңыз (қажет болған жағдайда Сізге қай қаланың бөлімшесіне жүгіну ыңғайлы болады)
• Әрі қарай экрандағы нұсқауларды орындаңыз
• Өтінім ресімделгеннен кейін БЗТ алушыға SMS-хабарлама келіп түседі
Маңызды! Зейнетақы төлемдерін алушы Halyk Homebank қосымшасында тіркелуі тиіс

* Halyk (Homebank) қосымшасында тіркелмеген клиенттерге Android немесе iOS смартфондарына арналған қосымшаны жүктеу, қосымшада тіркелу және одан әрі жоғарыдағы нұсқауларды орындау қажет.

2. Егер сіздің пайдаңызға тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін БЖЗҚ-дан БЗТ беруге өтінім берілсе:
• Halyk Homebank қосымшасына кіріңіз
• Басты экранда немесе "Мәзір " бөлімінде "БЖЗҚ төлемдерін" таңдаңыз
• Жіберуші және берілген БЗТ сомасы туралы ақпаратты қосымшада құжаттарға қол қойған кезде БЗТ беру туралы келісімде тексере аласыз

Егер сіз БЗТ есепке жатқызу үшін алдын ала арнайы шот ашпаған болсаңыз, Банк оны БЗТ алуға өтінім беру процесінде автоматты түрде ашады."
Зейнетақы жинақтарын ішінара алу үшін қолжетімді соманы қайдан білуге болады?
Өтінім беруден бұрын клиент өзінің зейнетақы жинақтарын ішінара алу үшін қолжетімді соманы алдын ала:
• www.enpf.kz сайты арқылы тіркеліп не жеке кабинетке кіру жолымен
• mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген мобильді нөмірге SMS арқылы келген біржолғы парольді пайдалана отырып, https://cabinet.enpf.kz/porog ресурсы арқылы
• https://egov.kz сайты арқылы нақтылау қажет
Жақын туыстарына кім жатады?
Жақын туыстар - жұбайы, зайыбы, ата-анасы, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір/ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі.
Halyk Bank-те біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланудың негізгі шарттары
"БЗТ пайдаланудың негізгі шарттары:
1) төлемдерді алушылар тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсаттарына пайдалануы мүмкін:
- Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарна енгізу арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту;
- Halyk Bank-тегі ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
- Екінші деңгейдегі басқа банктегі ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
- Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру.
2) туыстық қатынастар расталған жағдайда алушының жақын туыстарына төлемдерді беруді ресімдеуге құқығы бар. Бұл жағдайда алушының жұбайының (зайыбының), алушының жақын туыстарының зейнетақы төлемдері алушының арнайы шотына есептеледі, ол оларды тек көзделген мақсаттарға ғана пайдалана алады.
3) алушылар өздерінің зейнетақы жинақтары шегінде төлемдерді шектеусіз рет және таңдап алынатын мақсаттар санын шектемей пайдалана алады;
4) БЗТ-ны меншікті және (немесе) қарыз қаражатымен бір мезгілде пайдалануға болады;
5) алушының меншігінде тұрғын үйдің болуы БЗТ алудан және пайдаланудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды;
6) өтініш берушінің және (немесе) алушының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары меншік иесі болып табылатын жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған төлемдерді алушының пайдалануына жол берілмейді.
7) БЗТ-ны қолма-қол ақшасыз және тек 1-тармақта көрсетілген таңдалған мақсаттарға ғана пайдалануға болады;
8) БЗТ қаражатының нысаналы мақсаты бойынша құжаттарды олар арнайы шотқа келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Банкке ұсыну қажет. Әйтпесе, Банк алушыға хабарлап, қаражатты БЖЗҚ-ға қайтаруы тиіс.
9) 5 (бес) жыл бойы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті өткізуге жол берілмейді. Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару жөніндегі осы норма 01.01.2021 ж. ипотекалық тұрғын үй қарыздарына, сондай-ақ өтеу мерзімі 5 жылдан астам қалған және өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үй қарыздарына ғана қолданылады."
Берілген өтінімнің мәртебесі туралы қалай білуге болады?
Өз БЗТ-ын беретін клиент өтінім бергеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде хабарласатын Банк менеджерінен қоңырау күтуі тиіс.
Өз пайдасына БЗТ беруге өтінім жасалған клиентке өтінім беретін клиент өтінімді бергеннен кейін SMS-хабарлама келіп түседі.

Өтініштердің мәртебесін Halyk Homebank қосымшасында тексеруге болады, Мәзір" опциясында "Өтініштер архивін" таңдаңыз."
БЗТ-ны басқаға беруге өтінім беру процесі
1. Зейнетақы жинақтарын ішінара алу үшін қолжетімді соманы білу.
2. БЗТ пайдалану мақсатын анықтау (БЗТ пайдалану мақсаттары шеңберінде)
3. БЖЗҚ-дан БЗТ алуға өтінімді Halyk Homebank қосымшасында рәсімдеу. БЗТ-ғе арналған арнайы шот ол болмаған жағдайда автоматты түрде ашылады.
4. Банк менеджерінен қоңырауды 2 жұмыс күні ішінде күту керек.
5. Менеджер сізге келесі әрекеттер туралы хабарлайды.
6. БЗТ алу мақсатына байланысты нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
7. Банк БЖЗҚ-ға өтініш жібереді, БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде қабылданған шешімді Банкке жібереді.
8. Банк БЗТ сомаларын алушының арнайы шотына аударған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде БЗТ-ны мақсатты пайдалануға жібереді.
Halyk Homebank мобильді қосымшасында қалай тіркелуге болады?
Halyk Homebank мобильді қосымшасында тіркелу:
1. Android үшін Play Market-тен немесе iOS (iPhone) үшін App Store-дан Halyk Homebank қосымшасын жүктеп алыңыз
2. Қосымшаны ашып "Тіркелу" батырмасын басыңыз:
• Телефон нөмірін енгізіңіз
• Мобильді нөмірге жіберілген SMS-тегі кодты енгізіңіз
• Өз ЖСН енгізіп, Құпиялылық саясатының талаптарымен танысыңыз
• Нұсқаулыққа сай жеке бастың бейне-растауынан өтіңіз
• Сұраған жағдайда жеке куәлікті сканерден өткізіңіз
• Қосымшаға ары қарай кіру үшін оған 4-таңбалы санды кіру кодын орнатыңыз
Дайын! Halyk Homebank-тің барлық артықшылығын бүкіл әлем бойынша 24/7 пайдаланыңыз.

Жеке куәлігі немесе тұру ықтиярхаты жоқ клиенттерге Halyk Homebank-те тіркелу уақытша қолжетімсіз.
БЗТ-ны басқаға беруге өтінім берген кезде клиент ЭЦҚ арқылы қандай құжаттарға қол қояды?
БЖЗҚ-ға өтінімді Halyk Homebank қосымшасында ресімдеген кезде зейнетақы жинақтарын беретін клиент және алушы ЭЦҚ-мен электрондық форматта мынадай құжаттарға қол қояды:
• БЗТ-ға өтініш;
• ЖТС ұстап қалу туралы өтініш;
• Арнайы шот ашу туралы өтініш;
• БЗТ беру туралы келісім;
• Клиенттің ЭЦҚ.
БЗТ алу үшін қандай құжаттар қажет?
Halyk Homebank қосымшасында БЗТ алуға онлайн өтінім бергеннен кейін Банк менеджері сізге 2 жұмыс күні ішінде хабарласады. Банк менеджері әрі қарайғы әрекеттер мен өзіне ұсыну үшін қажетті құжаттар тізімін (қажет болған жағдайда) жариялайды.
БЗТ қандай шотқа түседі?
БЗТ алу үшін арнайы шотқа. Егер сіз БЗТ есепке жатқызу үшін алдын ала арнайы шот ашпаған болсаңыз, Банк оны БЗТ алуға/ басқаға беруге өтінім беру процесінде автоматты түрде ашады.
БЗТ-ны басқаға беруге өтінімді қанша рет беруге болады?
БЗТ беруге өтінімдерді ресімдеу саны шектелмеген. БЗТ шексіз рет пайдалануға болады және бірнеше өтінімдерді іске қосу арқылы БЗТ-ны бірнеше алушыға беруге болады.
Бұл ретте барлық өтінімдер бойынша жалпы сома өзінің зейнетақы жинақтарын ішінара алып қоюға қолжетімді соманың мөлшерінен аспауға тиіс.
БЗТ төлемдерін тыйым салулар болған жағдайда алуға бола ма?
Иә, төлемдерді алуға өтінімді іске қосқан кезде, Сізге автоматты түрде БЗТ есепке алу үшін арнайы шот ашылады (егер Сіз БЗТ есепке жатқызу үшін арнайы шотты алдын ала ашпаған болсаңыз). Арнайы шот үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғалған және БЖЗҚ-дан БЗТН-ны алу үшін ғана қарастырылған.
Halyk Homebank қосымшасында БЗТ беруге өтінімді іске қосу сервисі жоқ, не істеу керек?
Сізге Halyk Homebank қосымшасын Android үшін Google Play-де немесе iOS үшін (iPhone) App Store-да соңғы нұсқасына дейін жаңарту қажет.
БЗТ төлеу бойынша шешім қандай мерзім ішінде қабылданады?
"БЗТ алуға өтінім жібергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде:
- не себебін көрсете отырып, БЖЗҚ-дан бас тарту келеді. БЗТ төлеуден бас тартылған жағдайда, Банк Сізге хабарлама және бас тарту себебін жібереді.
- немесе егер БЗТ төлемі БЖЗҚ-да мақұлданса, сома арнайы шотқа түседі, ол туралы Сізге соманы есепке жатқызу туралы Банктен хабарлама келіп түседі."
Мен БЗТ алуға өтінімімнің мәртебесін қалай біле аламын?
БЖЗҚ БЗТ төлеу туралы шешімді Банк менеджері өтінімді БЖЗҚ-ға қарауға жібергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде қабылдайды. БЖЗҚ тарапынан жауап алған жағдайда, Сізге сенім білдірілген нөміріңізге SMS-хабарлама жіберіледі.
Клиент БЗТ пайдаланғаннан кейін, БЗТ есепке жатқызу үшін арнайы шот автоматты түрде жабыла ма?
Арнайы шотты ашу/жабу шарттарын әрбір уәкілетті оператор дербес айқындайды. Halyk Bank-те арнайы шот ашқан кезде, сіз келесі жағдайларда арнайы шотты жабуға рұқсат бересіз:
• БЗТ нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылғаннан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мерзімде БЗТ қалдығы БЖЗҚ-ға қайтарылғаннан кейін 3 (үш) ай ішінде ақша болмаған кезде;
• БЗТ сомасы осы шотқа 3 (үш) ай ішінде түспеген жағдайда.
БЗТ-ны нысаналы мақсаты бойынша пайдаланғаннан кейін мен арнайы шотты пайдалануды жалғастыра аламын ба?
БЗТ-ны есепке алуға арналған арнайы шот тек БЗТ төлемдерін пайдалануға арналған. Басқа мақсаттар үшін Сіз бұл шотты пайдалана алмайсыз.
Зейнетақы жинақтары бойынша төлемдерді жақын туыстарына қайта берген кезде жеке табыс салығын кім төлейді?
Жеке табыс салығы БЖЗҚ-дағы өзінің зейнетақы шотынан жинақтарды алатын клиенттің жинақтарынан ұсталады