Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
Карта шығарылған сәттен бастап іске қосылады. Виртуалды карта бойынша PIN-код қолданылмайды.
Halyk қосымшасында басты экранда картаны таңдап, "Деректемелер" бөлімін таңдау қажет.
Halyk карталарын мыналар арқылы толтыруға болады:
• Cash-In функциясы бар банкоматтар
• Halyk арқылы картадан картаға аудару
• Halyk Bank төлем терминалдары арқылы комиссиясыз
• картадан картаға ақша аударуды қолдайтын басқа банктер
• банк бөлімшелеріндегі кассалар арқылы
Банкоматтар, терминалдар немесе аударым арқылы картаны толтыру үшін комиссия - 0 теңге.
Сіз картамен:
• кез келген жерде сатып алу ақысын төлей аласыз
• Halyk қосымшасында төлемдерді жүзеге асыра аласыз
• сатып алуларды картасыз Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және QR-кодымен смартфон арқылы төлей аласыз
Картадағы қолжетімді сома мен бонустар санын:
* Halyk мобильді қосымшасында
* Halyk Bank-тің кез келген банкоматында "Картадағы қолжетімді сома" опциясын таңдау арқылы
* Байланыс орталығында 7111 нөмірі бойынша "Картадағы қолжетімді сома/Бонустар саны" қызметін сұрау және картаның соңғы 4 санын енгізу арқылы тексере аласыз
Қолма-қол ақшаны картасыз алу үшін Сізге Halyk қосымшасында "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank кез келген банкоматында)" қызметін пайдалану қажет (Сash by code қызметі):
• Halyk қосымшасында "Аударымдар" бөлімін ашыңыз
• "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank кез келген банкоматында)" таңдаңыз
• Алу сомасын және мобильді нөміріңізді енгізіңіз
• SMS арқылы аударымды растаңыз
• Сіз банкоматтан алу үшін қажетті екі SMS-кодты аласыз
• Halyk Bank банкоматынан қолма-қол ақша алу үшін кез келген батырманы басыңыз
• "Код бойынша қолма-қол ақша алуды" таңдаңыз
• Банкоматқа жіберілген соманы және SMS-тен кодтың екі бөлігін енгізіңіз
Дайын! Сіз қолма-қол ақшаны картасыз алдыңыз

Halyk Bank банкоматтарынан қолма-қол ақшаны картасыз алу шарттары:
• Комиссия:
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозит қаражаты - 0%;
- басқа да түсімдер: айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден артық - транзакция сомасының 1%
• сенімді құрылғы арқылы ең көп ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең көп сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1 200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
• Алуға болатын ең аз сома - 2 000 теңге
• Алу сомасы 1 000 теңгеге еселік болуы тиіс (3 000 теңге алу үшін қолжетімсіз)
• Код 24 сағат ішінде жарамды
Иә, Сіз сауда ақысын Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және QR-төлем арқылы смартфонмен төлей аласыз.
Арнайы бөлімдерде толығырақ танысыңыз.
• 0 теңге - Halyk арқылы Halyk Bank карталары арасында
• Halyk Bank картасынан Halyk арқылы ҚР басқа банкінің картасына 200 теңге*
• Halyk арқылы ҚР басқа банктерінің карталары арасында 200 теңге*
• Halyk Bank картасынан халықаралық карталарға 2 USD (аударым валютасындағы баламасы)
• "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank-тің кез келген банкоматында)" қызметі
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозиттік қаражат - 0%;
- өзге түсімдер: айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден жоғары – транзакция сомасының 1%
• ҚР кез келген банкінің картасынан халықаралық карталарға (аударым валютасындағы баламасы) минимум - 1% (мин. 2 USD)

* Halyk-та тіркелмеген пайдаланушылар үшін (немесе басқа банктердің карталары үшін) - 0,85%, мин. 250 теңге, макс. 700 теңге
Иә, смартфонда Halyk қосымшасын пайдаланыңыз. Сізге төлемдер мен аударымдар ғана емес, сондай-ақ жүздеген онлайн операция қолжетімді болады: ақша алу, шоттарды/карталарды/депозиттерді толтыру, кредит, бөліп төлеу арқылы тауар алу, турларды сатып алу және тағы басқалар.

Halyk мобильді қосымшасында тіркелу:
1. Halyk қосымшасын Android үшін Play Market-тен немесе iOS (iPhone) үшін App Store-дан жүктеп алыңыз
2. Қосымшаны ашып, "Кіру/Тіркелу" батырмасын басыңыз:
• Мобильді нөмірге жіберілген SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
• Өз ЖСН енгізіп, Құпиялылық саясатының талаптарымен танысыңыз
• Нұсқаулыққа сай жеке бастың бейне-растауынан өтіңіз
• Қосымшаға әрі қарай кіру үшін оған 4 таңбалы саннан тұратын кіру кодын орнатыңыз
Дайын! Halyk-тың барлық артықшылығын бүкіл әлем бойынша 24/7 пайдаланыңыз.
Жеке басын куәландыратын құжаты (жеке куәлігі, шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхаты, ҚР төлқұжаты) жоқ клиенттерге Halyk-та тіркелу уақытша қолжетімсіз.

Төлқұжат деректерімен Android платформасында 5.16.0 нұсқасынан бастап тіркелу қолжетімді.
Қызметтерді онлайн төлеген кезде, сома 15 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге "бұғатталған" күйінде болуы мүмкін. Төлем басқа ұйымдардың пайдасына болғандықтан, Банк растайтын қаржылық төлем құжатын күтеді. Растауды 15 күнтізбелік күн ішінде алған кезде сома есептен шығарылады және аударылады. Егер растау 15 күн ішінде алынбаған жағдайда, 16-шы күні бұғатталған сома толық көлемде осы төлем жүргізілген картаға қайтарылады.
Сұрақтар туындаған жағдайда бірыңғай байланыс орталығына 7111 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Карта бойынша үзінді көшірмені сіз PDF форматында онлайн ала аласыз:
* Halyk веб-нұсқасында
- Қажетті картаны таңдап, "Үзінді көшірмені" басыңыз.
- Үзінді көшірме кезеңін таңдап, "Үзінді көшірмені PDF форматында жүктеу" батырмасын басыңыз.

* Halyk мобильді қосымшасында
- Үзінді көшірме кезеңін таңдап, PDF белгішесін басыңыз
Мөр басылған үзінді көшірмені алу үшін банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз.
Өз шотыңыздың нөмірін/IBAN-ды Halyk қосымшасында білуге болады:
• Өз картаңызды таңдаңыз
• «Баптаулар» опциясын басыңыз және IBAN өрісінде шот нөмірін көшіріңіз
Сондай-ақ осы бөлімде Сіз карта деректемелерін сұрата аласыз.

Егер Сіз 20 таңбалы шоттың ашылғаны туралы хабарлама алғыңыз келсе, «Шоттар» бөлімінде картаны таңдап, оны басыңыз, «Баптаулар» опциясын таңдаңыз, содан кейін «Шот туралы хабарлама» түймесін басыңыз.
Иә, комиссия алынуы мүмкін, өйткені операция DCC ("Валютаны динамикалық айырбастау", Dynamic Currency Conversion) қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызметтің мәні клиентке оның таңдауы бойынша эмитент Банкі елінің валютасы - қазақстандық теңгемен төлем жүргізу/қолма-қол ақша алуды ұсыну болып табылады. Бұл жағдайда қосымша айырбастау өтеді, комиссияны эквайер Банк алады.
Жоқ, бұл жағдайда қосымша комиссиялар алынбайды. Карта шотын жүргізу валютасы мен төлем валютасы сәйкес келмеген кезде валютаны сатып алу үшін стандартты комиссиялар және Банктің бағамы мен тарифтеріне сәйкес шетелде қолма-қол ақша алғаны үшін комиссиялар алынады. Моновалюталық карталар бойынша ақшаны есептен шығару эквайер Банктен операция жүргізілгенін растайтын қаржылық құжат түскен сәтте қолданылатын бағам бойынша өтеді.
Картаны жабу үшін Банктің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласу қажет. Жаныңызда жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.
Halyk қосымшасы - > "Шоттар" бөлімі - > картаны таңдау - > «Баптаулар» / - Деректемелер (сұрау)/ Карта деректемелері

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде