Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
1. Western Union аудармаларын Halyk филиалдарына бармай-ақ жіберуге және алуға болады.
2. Жөнелту географиясы-әлемнің 200-ден астам елі мен аумағы
3. Аударым валютасы-KZT, USD
4. Қабылдау уақыты - бірнеше минут ішінде*
5. Тарифтер-клиент үшін комиссияны Western Union компаниясы белгілейді, тарифтер Банктің сайтында орналастырылған
Halyk тарифі-аударым сомасынан 0,7% (min 1USD)
1. Halyk порталына кіріңіз
2. «Аударымдар» бөлімінде Western Union > Аударым жіберу қызметін таңдаңыз
3. Электронды нысанды толтырыңыз
4. Деректерді тексеріңіз және аударым талаптарымен танысыңыз
5. Сенімді телефон нөміріне жолданған SMS-кодты енгізіңіз
6. Аударымның бақылау нөмірі (MTCN) аударымға өтініште көрсетіледі, ал өтінішті Аударымдар мұрағаты арқылы басып шығаруға болады, сонымен қатар клиенттің сенімді телефон нөміріне SMS түрінде жолданады
1. Halyk порталына кіріңіз
2. «Аударымдар» бөлімінде Western Union > Аударымды алу қызметін таңдаңыз
3. Электронды нысанды толтырыңыз
4. Деректерді тексеріңіз және аударым талаптарымен танысыңыз
5. Аударымды алғаныңызды SMS-код арқылы растаңыз
6. Сома көрсетілген шотқа лезде есепке қосылады
Аударымдар үшін лимиттермен төмендегі сілтеме бойынша Halykbank.kz сайтында таныса аласыз.
Western Union аударымын қайтарып алу/болдырмау үшін:
1. Halyk жеке кабинетінде "Тарих" бөлімінде аударымды табыңыз
2. "Аударымды қайтарып алу" немесе "Аударымды болдырмау" опциясын және есепке алу шотын таңдаңыз
3. SMS арқылы келген кодпен операцияны растау
Аударымды қайтарып алған/болдырмаған жағдайда сома клиенттің көрсетілген шотына аударылады.

Аударымды қайтарып алған кезде Western Union комиссиясы қайтарылмайды.
Құрметті "Қазақстан Халық Банкі" АҚ клиенттері, ақша аудармыдары бойынша алаяқтық операциялардың алдын алу үшін Сізден бірнеше қарапайфм қауіпсіздік шараларын ұстануыңызды сұраймыз:
1. Аударымдарды жүзеге асырған кезде аударым жөніндегі деректерді үшінші тұлғаларға (аударым нөмірін қоса алғанда, ішінара да, толық да деректерді)жария етпеңіз.
2. Ақша аударымын ресімдеген кезде аударым туралы ақпаратты ешкім естіп/көріп қоймауын мұқият қадағалаңыз, себебі алаяқтар осы ақпаратты пайдалана отырып, ақша аударымын алу үшін құжаттарды қолдан жасап алуы мүмкін. Аударым туралы деректерді үшінші тұлғалар үшін қолжетімсіз жерде сақтаңыз.
3. Аударымдарды бейтаныс тұлғаларға жіберуден сақ болыңыз. Есіңізде болсы, мұндай жағдайда Сіз алаяқтық құрбаны болып қалуыңыз мүмкін. Ақшалай қаражатты өзіңіз танитын және сенімді тұлғаларға аударыңыз.
4. Егер сіз бейтаныс адамнан ақша аударымын жіберу туралы өтініштің көшірмесін немесе операция туралы басқа ақпаратты беру туралы өтініш алсаңыз – бұл адаммен сөйлесуді дереу тоқтатыңыз, себебі бұл алаяқтық әрекеті болуы мүмкін.Ақша аударымдары ешқандай жағдайда төлем қабілеттілігін растау ретінде пайдаланылмайды.
5. Ақша аударымдарын алғанға дейін көп уақыт болса, әзірше жібермеңіз, мысалы, шетелге сапарды жоспарлау кезінде. Ақша аударымдары қызметтері аударымды 10-15 минут ішінде алуға мүмкіндік береді.
6. Аударымды жіберу/алу қажеттілігі туралы Сізге Банк атынан келіп түскен қоңырауларға/электрондық хабарламаларға/смс-ке жауап бермеңіз. Банк аударымды жіберу/алу туралы клиенттерге қоңырау шалмайды және хабарлама/смс жібермейді.
7. Сіз лотереяда жеңгеніңіз/жүлде ұтып алғаныңыз туралы қоңырауларға/электрондық хабарламаларға/смс хабарламаларға жауап бермеңіз, оны алу үшін рәсімдеу, салықтарды, кедендік алымдарды және т. б. төлеу үшін белгілі бір ақша сомасын жіберуіңіз қажет деген жалған ақпарат.
Аударымдар үшін лимиттермен төмендегі сілтеме бойынша Halykbank.kz сайтында таныса аласыз.

ҚНРДА Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (Әмбебап банктік лицензия) №1.1.601.130 берілген күні 13.07.2026. ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия №1.2.47/230/38/1 берілген күні 23.06.2023.

Сайт пен мобильді қосымша материалдарында жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

Біз әлеуметтік желілерде