Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
Ағымдағы шотты Банктің кез келген бөлімшесінде аша аласыз, өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат немесе «Цифрлық құжат» болуы қажет.
Сенімхат бойынша шот ашу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1. Сенімхаттың түпнұсқасы
2. Клиенттің жеке басын куәландыратын құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3. Сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасы.
Мерзімі өткен сенімхат бойынша қызмет ала алмайсыз. Сізге сенімхатты жаңа мерзімге қайта ресімдеу қажет.
Ағымдағы шоттар бойынша комиссиялар шот бойынша операциялардың түріне байланысты. Ағымдағы шоттар бойынша өзекті комиссиялар Банктің https://halykbank.kz/kz/tariffs ресми сайтында қолжетімді
Ағымдағы шот бойынша ашылған 20 таңбалы шот туралы хабарламаны PDF форматында онлайн алуыңызға болады:
1. HalykSuperApр қосымшасын ашыңыз;
2. «Менің банкім» бөлімінде ағымдағы шотты таңдаңыз;
3. «Деректемелер» опциясын басыңыз;
4. Шыққан экранда «pdf жүктеу» бөлімін таңдаңыз.
Үзінді көшірмені Банк бөлімшесіне келмей-ақ,HalykSuperApр қосымшасынан кез келген уақытта көре аласыз. Үзінді көшірмені PDF форматында онлайн алу:
1. HalykSuperApр қосымшасын ашыңыз;
2. «Менің банкім» бөлімінде ағымдағы шотты таңдаңыз;
3. «Үзінді көшірме» опциясын басыңыз;
4. Үзінді көшірме кезеңін таңдаңыз және PDF белгішесін басыңыз
• Қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандағы, Клиент пен үшінші тұлғалар жүзеге асыратын кіріс-шығыс операциялары;
• Банк ішіндегі өз шоттары арасындағы/Банктен тыс аударымдар:
Ағымдағы шоттан ағымдағы шотқа;
Ағымдағы шоттан карта шотына;
Ағымдағы шоттан депозитке.
• Банк ішіндегі/Банктен тыс үшінші тұлғалардың пайдасына аударымдар;
• Клиенттің белгіленген үлгідегі өтініштері бойынша валюта айырбастау;
• Клиенттің сұрау салуымен шот бойынша үзінді көшірмелерді/анықтамаларды алу
Сіздің шотыңызға үш негізгі себеппен тыйым салынуы мүмкін:
1. Мемлекеттік органдар алдындағы міндеттемелерді орындамау (мысалы, салық берешегі);
2. Мерзімі өткен кредиттер немесе банктер алдындағы басқа да міндеттемелер;
3. Сот шешімі.
Шотқа тыйым салу туралы толық ақпаратты мына жерден алуға болады:
• «Менің банкім» бөлімінде. Қолданыстағы тыйым салулар мен бұғаттаулар болған жағдайда, мобильді қосымшаның басты бетінде, «Менің банкім» -> «Депозиттер» бөлімінде тыйым салулар арнайы белгі қою және «Шотта шектеулер бар» хабарламасын көрсету арқылы бейнеленеді.
• Төмендегі сілтемелер арқылы мемлекеттік органдардың сайттарында. Салық берешегі туралы ақпарат: https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web Атқарушылық іс жүргізудегі борышкерлердің тізілімі: https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors
Сіз ағымдағы шоттарыңызды толтыра аласыз, бірақ шығыс операцияларын тыйым алынғаннан кейін ғана жүргізуге болады.
Банк шотқа тыйым салынған жағдайда ағымдағы шотты жаба алмайды. Шотты тыйым алынғаннан кейін ғана жабуға болады.
Шоттарды жабу үшін Банктің жақын маңдағы бөлімшесіне хабарласу қажет. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат немесе «Цифрлық құжат» болуы қажет
Жәрдемақыларға арналған ағымдағы шот — бұл мемлекеттік органдардан әлеуметтік төлемдерді (жәрдемақыларды) алуға арналған банктік шот.
Шотқа қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік төлемдер (жәрдемақылар) аударылуы мүмкін.
Шот ұлттық валютада – теңгемен, тек ҚР резиденттеріне ашылады.
Жәрдемақыларға арналған ағымдағы шот бойынша жәрдемақыларды есепке жатқызу, сондай-ақ Банк қосымшасында ақша аударымдарын жасау мүмкіндігі бар.

ҚНРДА Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (Әмбебап банктік лицензия) №1.1.601.130 берілген күні 13.07.2026. ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия №1.2.47/230/38/1 берілген күні 23.06.2023.

Сайт пен мобильді қосымша материалдарында жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде