Негізгі 10 сұрақ

Бөлімшелерде қандай операциялар қолжетімді?
• ағымдағы шотты ашу және ол бойынша операциялар*
• Валюта айырбастау операциялары;
• Қазақстан бойынша ақшалай аударымдар және халықаралық аударымдар, шоттан және шотты ашусы;
• Коммуналдық қызметтерді төлеу;
• Кредитті ресімдеу және өтеу;
• Депозитті ашу және толықтыру;
• Салық төлемдерін жүзеге асыру;
• Мобильді байланыс, Қазақтелеком, кабельді теледидар және басқа да қызметтерді жеткізушілердің қызметтерін төлеу;
• Төлем карталарын ресімдеу және карталар бойынша операциялар;
• Сейфтік депозитраий қызметтері

*Ағымдағы шотты ашу және жүргізу мынадай валюталарда жүзеге асырылады: теңге, АҚШ доллары, еуро, ресей рублі, швейцария франкі, ағылшын фунт стерлингі.
Halyk Bank-те қандай аударымдар қолжетімді?
Halyk Bank-те келесі аударымдар қолжетімді:
1. Faster - 10 000 USD (эквив. в KZT, EUR, RUB) дейін жедел ақша аударымдары сервисі
2. Western Union - әлемнің 200-ден астам еліне 7 500 USD дейін ақша аудару
3. 7 000 EUR/9 999 USD дейін MoneyGram халықаралық аударымдары
4. Алтын тәж
5. Төлем сомасы бойынша шектеусіз SWIFT жүйесі халықаралық аударымдары
6. Қазақстан бойынша шот ашпай ақша аудару
7. Halyk Bank картасын ұстаушыларға арналған аударымдар
Жеке куәлікті ұмытып кетсем, Halyk Bank бөлімшесінде қызмет ала аламын ба?
Иә, Halyk Bank-ке "Цифрлық құжаттар" жаңа сервисінің енгізіліп жатқанын хабарлауға қуаныштымыз. Бұл сервис клиенттерге жеке куәліктің түпнұсқасын талап етпей, жеке басты куәландыратын цифрлық құжат негізінде қызмет көрсету мүмкіндігін береді.

Цифрлық құжатты қалай алуға болады:
1. eGov mobile қосымшасын ашыңыз
2. "Сервистер" бөлімінде "Цифрлық құжаттар"-ды басыңыз
3. Авторизациядан 2 жолмен өте аласыз:
• ЭЦҚ паролін теру арқылы немесе
• SMS арқылы (ЖСН тергеннен соң және клиенттің телефон нөмірін енгізгеннен кейін телефон нөміріне 5 таңбалы код жіберіледі)
4. Құжаттар бөлімінен "Жеке куәлік"-ті таңдаңыз және "Құжатқа қол жеткізуді ашу" батырмасын басыңыз
5. Менеджерге экранда көрінген қысқа кодты хабарлаңыз

Цифрлық құжаттарды келесі жағдайларда пайдалануға болады:
1) Картаны шығару, қайта шығару;
2) Шот пен депозит ашу;
3) Шоттың бар екендігі туралы анықтама, 20 таңбалы шот туралы хабарлама;
4) Деректерді өзгерту

Цифрлық құжаттарды қолдана отырып, келесі операцияларды жүргізуге қатаң тыйым салынады:
1) Кредиттерді, крдеит карталарын ресімдеу;
2) Банк қосымшасында тіркелу;
3) 3-ші тұлғалардың шоттарына аударымдар/ұзақ мерзімді тапсырмалар ресімдеу;
4) Клиент шоттарынан шығыс операциялардың барлық түрлері.
Аударым кезінде қате деректер көрсетілсе не істеу керек?
Банк бөлімшесіне жүгініп, өтініш қалдыру керек. Сонымен қатар, аударым деректерін енгізу жауапкершілігі толықтай жіберушіге жүктелетінін есіңізге саламыз.
Жасалған төлемдер туралы ақпаратты қайдан табуға болады?
Halyk Homebank арқылы жүргізілген төлемдерді тексеру үшін:

1) Halyk Homebank қосымшасында:
• "Төлемдер" бөлімін таңдаңыз
• жоғарғы оң жақ бұрышта "Тарих"опциясын таңдаңыз
• қажетті кезеңді таңдаңыз

2) Halyk Homebank веб-нұсқасының жеке кабинетінде:
• "Төлемдер"-ді басыңыз
• "Төлемдер архиві" опциясын таңдаңыз
• қажетті кезеңді және төлем санатын таңдаңыз
• "Көрсету"-ді басыңыз
Western Union арқылы аударымды жіберу үшін қандай құжаттар қажет?
Аударымды Western Union жүйесі бойынша Банк бөлімшесінде жіберу үшін Сізге мыналарды ұсынуыңыз керек:
• жіберушінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы
• Алушының деректемелері (ТАӘ, елі, қаласы)
Бейрезиденттерге - 2 млн. теңге/эквивалент астам операциялар үшін:
• ҚР Көші-қон қызметі органымен берілген құжат.
Faster арқылы аударымды жіберу үшін қандай құжаттар қажет?
Аударымды Faster жүйесі бойынша Банк бөлімшесінде жіберу үшін Сізге мыналарды ұсынуыңыз керек:
• жіберушінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы
• Алушының деректемелері (ТАӘ, елі, қаласы) және Faster бойынша код сөзі
Бейрезиденттерге - 2 млн. теңге/эквивалент астам операциялар үшін:
• ҚР Көші-қон қызметі органымен берілген құжат.
Ақша аударымын MoneyGram арқылы жіберу үшін қандай құжаттар қажет?
Money Gram жүйесі бойынша аударым жіберу үшін Сізге Банк бөлімшесіне жүгіну керек, өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы керек. Сонымен бірге алушының ТАӘ және елін білу керек.
Бейрезиденттерге 2 000 000 теңгеден (эквив. USD, EUR, RUB) асатын операциялар үшін ҚР Көші-қон қызметі органы берген құжаттың болуы қажет.
"Алтын тәж" аударымын қалай жіберуге болады?
1. Банк бөлімшесіне жүгіну қажет
2. Жеке басын куәландыратын құжатты ұсыныңыз
3. Алушының деректерін: ТАӘ, аударымды алатын ел және қала туралы хабарлаңыз
4. Мобильді нөміріңізді және алушының нөмірін хабарлаңыз
«Алтын тәж» арқылы аударым жіберу үшін қандай құжаттар қажет?
Аударым жіберу үшін Сізге Банк бөлімшесіне жүгіну керек, өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы керек. Сонымен бірге алушының ТАӘ және елін білу керек.
Бейрезиденттерге 2 000 000 теңгеден (эквив. USD, EUR, RUB) асатын операциялар үшін ҚР Көші-қон қызметі органы берген құжаттың болуы қажет.