Жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін кредит

Кредит бойынша қойылатын талаптар
1. Сыйақы мөлшерлемесі:
• кірісті растаумен - 17%-дан бастап ( СЖТМ 19,2%-дан бастап)*
• кірісті растаусыз - 19%-дан бастап (СЖТМ 21,5%-дан бастап)
2. Кредит валютасы - теңге
3. Кредит мерзімі - 3 айдан 240 айға дейін
4. Кредиттің ең жоғары сомасы - Өтініш берушінің төлем қабілеттілігіне байланысты
5. Бастапқы жарна - жоқ
6. Комиссиялар:
• өтінімді қарағаны үшін - 0%
• кредитті ұйымдастырғаны үшін** - кредит сомасының 2% + 20 000 теңге
• кредитті шотқа аударғаны үшін - 0%
• қарызды ішінара (толық) мерзімінен бұрын өтегені үшін - 0,1%, бірақ борыш қалдығынан 30 000 теңгеден кем емес
* Сыйақы мөлшерлемесінің түпкілікті мөлшері Банк бөлімшесіне кредиттік өтінім берілген күні анықталады
** Комиссиялар мен өзге төлемдерді ұстаусыз кредит беру бағдарламалары бойынша жоқ
Кредиттің артықшылықтары
"Жылжымайтын мүлік кепіліне берілетін кредит - маңыздысын кейінге қалдырмаңыз!
• 5 жұмыс күні ішінде
• қарыз мерзімі 10 жылға дейін
• Өтініш берушінің төлем қабілеттілігіне байланысты
Кредитті қалай рәсімдеуге болады?
1. Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесінде өтінім беріңіз
2. Банк мамандары барлық алдын ала есептеулерді жүргізеді және мақұлданған соманы хабарлайды
Карта отделений
Кредиттің нысаналы мақсаты қандай?
Нысаналы мақсаты - қарыздың мақсатқа сай пайдаланылуын қадағалаусыз тұтынушылық мақсаттарға арналған*.

* мақсатқа сай пайдаланылуы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс кредиттерді қоспағанда.
Кредит бойынша қамтамасыз ету ретінде не болуы керек?
Кірісті растаумен:
• жеке тұлғаға тиесілі және Банктің талаптарына сәйкес келетін коммерциялық/коммерциялық емес мақсаттағы жылжымайтын мүлік.
Кірісті растаусыз:
* Өтініш берушіге/үшінші тұлғаға меншік құқығымен тиесілі және Банктің талаптарына сәйкес келетін коммерциялық/коммерциялық емес мақсаттағы жылжымайтын мүлік.
Кредитті рәсімдеу үшін қандай жас мөлшеріне қандай талаптар қойылады?
Кредитті өтеу кезінде Өтініш берушінің жасы 21-ден 60 жасқа дейін болуы керек.
Жұмыс өтіліне қандай талаптар қойылады?
кемінде 6 ай.
Өтініш берушіге кредит бойынша кіріс бойынша қойылатын талаптар бар ма?
Ия, ең төменгі жиынтық орташа айлық табыс мынадай болуы керек:
• Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін - 150 000 теңге
• барлық қалған қалалар үшін - 100 000 теңге
Кредитті рәсімдеу кезінде кірістің құжаттамалық растамасы қажет пе?
Егер қамтамасыз ету құны кредит сомасын 60% -ға және одан астам жабатын болса, онда кірістерді құжаттамалық растау талап етілмейді.
Кредиттік өтінімді қарау мерзімі қандай?
Өтінім бар болғаны 5 жұмыс күні қаралады.
Кредит бойынша қандай комиссиялар бар?
Комиссиялар:
• өтінімді қарағаны үшін - 0%
• кредитті ұйымдастырғаны үшін - кредит сомасының 2% + 20 000 теңге
• кредитті шотқа есепке жатқызғаны үшін - 0 %
• ішінара (толық) мерзімінен бұрын өтегені үшін - 0,1%, бірақ борыш қалдығынан кемінде 30 000 теңге
Кредитті төлемнің жоспарлы күні басталғанға дейін немесе төлемнің жоспарлы күні қалай өтеуге болады?

Мерзімін кешіктірмеу және кредит тарихын бұзбау үшін кредитті Halyk Homebank мобильді қосымшасында уақтылы немесе жоспарлы күн басталғанға дейін төлеңіз. Ай сайынғы төлемді өтеу үшін Сізге:
• Halyk Homebank-ті ашу керек
• Басты бетте "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлемді өтегіңіз келетін кредитті таңдау керек
• "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдау және төлем сомасын енгізу керек
• Төлемді растау керек
Назар аударыңыз! Halyk Homebank-те кредитті өтеу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қолжетімді. Ай сайынғы төлемді өтеу Android (нұсқасы 5.4.2-ден төмен емес) және IOS (нұсқасы 5.5.2-ден төмен емес) смартфондарында қолжетімді.

Қосымша:
1) Ай сайынғы төлемді төлеуді бір қарыз бөлінісінде ғана жасауға болады.
2) Сіз ай сайынғы төлемді төлеуге жоспарлы төлеммен салыстырғанда белгіленген сомадан көп ақша салсаңыз, онда ақшаның қалған бөлігі Сізде кесте бойынша келесі ай сайынғы төлемді өтеу үшін шарттың алдын ала төлем шотында қалады.
3) шартты толық өтеген жағдайда, шарттың алдын ала төлем шотындағы артық төленген сома автоматты түрде Сіздің өзекті шотыңызға аударылады.
Кредит үшін ай сайынғы төлемді қалай өтеуге болады?
Сіз кредитті мынадай жолмен төлей аласыз:

• Halyk Homebank-те. Картадан ағымдағы шотқа ақша қаражатын аударыңыз, одан кесте бойынша төлем жасалатын күні кредитке арналған сома автоматты түрде есептен шығарылады
• Төлем терминалы арқылы
• Cash-In функциясы бар банкоматтар арқылы
• Банктің жақын жердегі бөлімшесіндегі касса арқылы

Шарт бойынша төлемдер Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылуы керек. Егер шарт бойынша төлем Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00-ден кейін жүзеге асырылса, мұндай төлем келесі жұмыс күні жасалды деп танылады.
Кредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеу сомасы бойынша шектеулер бар ма?
кемінде 3 ай сайынғы төлем мөлшері