Банктің онлайн сервистері

"Halyk Market" сервисі және оны қалай пайдалану керек
Halyk Market - бұл Halyk Homebank қосымшасындағы жаңа сервис, ол арқылы Сіз кредитке/бөліп төлеуге немесе картамен төлеуге тауарларды оңай және тез сатып ала аласыз. Сервистің артықшылықтары:
• бірегей 8 300 тауарлар
• 24 айға дейін бөліп төлеу
• төлемнің барлық түрлері қолжетімді: картамен, бөліп төлеумен, кредитпен
• сатып алу Қазақстанның барлық қалаларында қолжетімді
• кредитке немесе бөліп төлеуге сатып алу үшін максималды сома 2 000 000 теңгеге дейін
• 77111 нөмірі бойынша Halyk Market байланыс орталығына хабарласу мүмкіндігі

Halyk Market-те тауарды бөліп төлеуге қалай сатып алуға болады:
• Halyk Homebank қосымшасын ашып, "Мәзір" бөліміне өтіңіз
• "Өнімдер " блогында "Маркет"-ті таңдаңыз
• "Санаттар" бөлімінен қахетті өнімді табыңыз
Сондай-ақ, Сіз іздеу қызметін немесе танымал санаттарды пайдалана аласыз
• Сіздің қалаңызға жеткізілім бағасы мен қолжетімділігі бойынша ұсынысты таңдаңыз
• Төлем тәсілін таңдаңыз: кредит, бөліп төлеу немесе картамен төлеу
• Өтінімді қарауға жіберіңіз (өтінімді жіберер алдында "төлем" бетінде тауардың сипаттамасын, төлем тәсілін, кредит беру немесе бөліп төлеу мерзімдерін тексеріңіз де, "Ресімдеу"-ді басыңыз)
• Шешімді күтіңіз
"Travel" сервисі және оны қалай пайдалану керек
«Travel» сервисі - Halyk Bank клиенттері үшін тиімді турлар/әуе билеттер сатып алу, қонақ үйлер брондау мақсатында Halyk Homebank мобильді қосымшасындағы жаңа сервис:
• Halyk Tour турларын барлық халықаралық бағыттар бойынша іріктеу және сатып алу және Halyk Bank картасымен төлеген кезде +5% бонус
• https://ru.hotels.com/?rffrid=mdp.hcom.ru.957 сайтында бүкіл әлем бойынша 500 000-нан астам қонақ үйде брондау 10% жеңілдікпен
• кез келген Halyk картасын пайдаланып Booking.com-да (https://halykbank.kz/card/booking) кез келген күнге кез келген қонақүйде тұруды брондаңыз да, 7% бонустар алыңыз
• OneTwoTrip.com (https://www.onetwotrip.com/ru-kz/?scp=60,halyk,1) сайтында қонақүйлерді брондау және бүкіл әлем бойынша әуе билеттерін сатып алу және қонақүйлерді брондауға 8% бонус, әуе абилеттеріне 1% бонус алу
• Halyk Travel қосымшасында әуе билеттерін және т/ж билеттерін 25%-ға дейін максималды тиімділікпен, сондай-ақ Halyk Bank картасымен төлеген кезде әрбір әуе билеттерін сатып алу үшін +2% бонустармен сатып алуп
Halyk Tour-да турларды қалай сатып алуға болады?
Halyk Tour (Халық Тур) – барлық халықаралық бағыттар бойынша (Түркия, Египет, БАӘ, Таиланд, Мальдив және басқа да туристік елдер) турларды тиімді бағамен іріктеу және брондаудың жаңа онлайн сервис. Halyk Tour сервисі Алматыдан, Нұр-Сұлтаннан және Қазақстанның басқа қалаларынан ұшып шығу үшін турды карта бойынша, не бөліп төлеу немесе кредит бойынша таңдауға, брондауға және төлеуге мүмкіндік береді. Сервис Halyk Homebank қосымшасының "Travel" → Halyk Tour бөлімінде қолжетімді.
Артықшылықтар:
• турды 6 айға дейін бөліп төлеу
• Halyk Bank картасымен төлеу кезінде тур құнынан 5% бонус
• турды 2 000 000 теңгеге дейін бөліп төлеуге/6 000 000 теңгеге дейін кредитке сатып алу мүмкіндігі
• Қазақстанның туроператорларының турларына үздік бағаларды іздеу
• +7 (700) 313 18 66, +7 (727) 313 18 66 нөмірлер бойынша саяхатқа дейін және кезінде клиенттерге кеңес беру

Турды Halyk Homebank мобильді қосымшасында брондаңыз және сатып алыңыз:
1. Halyk Homebank нбасты экранында "Travel"-ді таңдаңыз
2. Halyk Tour-ды таңдаңыз және "Өту" белгішесін басыңыз
3. Ашылған беттегі іздеуде тур параметрлерін көрсетіңіз
4. "Брондау" белгшесін басу арқылы ұсынылған нұсқалардың бірін таңдаңыз
5. Деректерді енгізіңіз, SMS арқылы келген кодпен растаңыз және турды брондаңыз
6. Төлеу тәсілін таңдаңыз:
• брондалған турды Halyk Bank картасымен төлеңіз және 5% бонус алыңыз немесе
• "Бөліп төлеу"-ді таңдаңыз және бөліп төлеудің немесе кредиттің қалаулы мерзімін көрсетіңіз

Дайын! Halyk Tour кеңесшісінен ақпарат күтіңіз

Толығырақ "Саяхат" немесе "Бөліп төлеу/кредит сатып алу" бөлімінен оқи алас??з.
"Сақтандыру" сервисі және оны қалай пайдалану керек
Сақтандыру - үйден шықпай-ақ тиімді сақтандыруды онлайн ресімдеуге болатын жаңа онлайн сервис:
• Halyk Homebank басты экранында "Сақтандыру"-ды таңдаңыз
• Қажетті сақтандыру түрін таңдаңыз* және "Полисті ресімдеу"-ді басыңыз
• Ашылған бетте сұратылған параметрлерді көрсетіңіз
• Полисті ресімдеңіз

* Сақтандырудың әрбір түрінің шарттарымен Сіз Halyk Homebank-тен сақтандырудың түрін таңдап және "Толығырақ білу" батырмасын басу арқылы таныса аласыз.
"Halyk Club "сервисі және оны қалай пайдалану керек
Клуб/ Halyk Club - бұл Halyk Bank карталарын ұстаушылар үшін артықшылықтар клубы.
Halyk Bank карталарымен Сіз күн сайын мыңдаған бонустар таба аласыз, 22 000 серіктес желісінде кез келген сатып алуды бонустармен төлей аласыз, барлығын 4 айға бөліп төлеу арқылы сатып ала аласыз.
Банктің серіктестерімен Сіз Банктің сайтында да, Halyk Homebank мобильді қосымшасында да таныса аласыз:
• Halyk Homebank-ті ашыңыз
• Негізгі экранда "Клуб"-ты таңдаңыз
• Банк сайтының ашылғаг бетінде Сіз Банктің барлық серіктестерімен таныса аласыз.
"Инфо/Halyk Info" сервисі және оны қалай пайдалану керек
Инфо/Halyk Info - бұл Сіздің жеке көмекшіңіз, Сізге қажет ақпаратты табуды жеңілдететін қызмет.
Info көмегімен Сіз 1000-нан астам жиі қойылатын сұрақтарға жауап аласыз.
Halyk Info Банктің сайтында да, Halyk Homebank мобильді қосымшасында да орналастырылған:
• Halyk Homebank-ті ашыңыз
• Негізгі экранда "Ақпарат"-ты таңдаңыз
• Банк сайтының ашылған бетінде Сіз банктің әрбір өнімі мен сервисі бойынша Сізді қызықтыратын барлық сұрақ-жауаптармен таныса аласыз.
Шот/карта/депозит бойынша үзінді көшірмені қалай алуға болады?
Шот/карта/депозит бойынша үзінді көшірмені Сіз PDF форматында онлайн ала аласыз:

1) Halyk Homebank мобильді қосымшасында
• Шотты таңдаңыз
• Шығару кезеңін таңдап, PDF белгішесін басыңыз
2) Halyk Homebank веб-нұсқасында
• Қажетті картаны таңдап, "Үзінді көшірме"-ні басыңыз
• Үзінді көшірме кезеңін таңдап, "Үзінді көшірмені PDF форматында жүктеу"-ді басыңыз.

Мөр басылған үзінді көшірмені алу үшін банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз.
Halyk Bank бөлімшелері мен банкоматтарының мекенжайларымен қайдан танысуға болады?
Өз қалаңыздың картасынан жақын жердегі бөлімшені және банкоматты жылдам іздеу сервисін пайдаланыңыз:
• Halyk Homebank-ті ашыңыз
• Негізгі экранда бетті төмен айналдырыңыз
• "Танымал өнімдер" блогында "Картадағы Банк" немесе "Банкоматтарды іздеу" бөлімін таңдаңыз
• Қаланы таңдаңыз және қажет болған жағдайда фильтрді пайдаланыңыз
Қажет болса қажетті іздеу параметрлерін таңдауға болатын фильтрді пайдаланыңыз.
Жаңа карта бойынша PIN-кодты қалай орнатуға болады?
Halyk Homebank қосымшасында жаңа карта бойынша PIN-кодты орнату үшін:
• Halyk Homebank қосымшасын ашып, қажетті картаны таңдаңыз
• "Сервистер" - "PIN кодты орнату/ауыстыру"-ға өтіп, нұсқауларды орындаңыз
• SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына енгізіңіз және банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.
PIN-кодты онлайн қалай ауыстыруға болады?
Егер Сіз қолданыстағы карта бойынша PIN-кодты ұмытып қалсаңыз, Halyk Homebank қосымшасында есте сақтауға ыңғайлы PIN-кодты орнатыңыз:
• Halyk Homebank қосымшасын ашып, қажетті картаны таңдаңыз
• "Сервистер" - "PIN кодты орнату/ауыстыру"-ға өтіп, нұсқауларды орындаңыз
• SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына енгізіңіз және банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.
Halyk Homebank қосымшасы арқылы кредитті қалай өтеуге болады?
Сіз кредитті Halyk Homebank мобильді қосымшасы арқылы тез әрі ыңғайлы төлей аласыз.
Кредит мерзімін өткізіп алмау және кредит тарихын бұзбау үшін кредитті уақтылы немесе жоспарлы күн басталғанға дейін төлеңіз.
Ай сайынғы төлемді өтеу үшін:
• Halyk Homebank-ті ашыңыз
• Басты бетте "Төлемді өтеу"-ді басыңыз
• Төлемін өтегелі жатқан кредитті таңдаңыз
• "Төлемді өтеу"-ді басыңыз
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдап, төлем сомасын енгізіңіз
• Төлеуді растаңыз
Назар аударыңыз! Ай сайынғы төлемді өтеу Android (нұсқасы 5.4.2-ден төмен емес) және IOS (нұсқасы 5.5.2-ден төмен емес) смартфондарында қолжетімді.

Қосымша:
1) Ай сайынғы төлемді бір шарт бойынша да, бір үлгідегі бірнеше шарт бойынша да жасауға болады.
2) Егер Сіз ай сайынғы төлемді төлеуге жоспарланған төлемдегі белгіленген сомадан артық ақша салсаңыз, онда қалған ақша Сізге кесте бойынша келесі ай сайынғы төлемді өтеу үшін Шарттың алдын ала төленген шотында қалады.
3) Шартты толық өтеген жағдайда, автоматта Шарттың алдын ала төлеу шотындағы артық төленген сома Сіздің өзекті шотыңызға аударылады.
4) Шарт бойынша төлемдер Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылуы тиіс. Егер Шарт бойынша төлем Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18:00-ден кейін жүзеге асырылса, мұндай төлем келесі жұмыс күні жасалды деп танылады.
Halyk Homebank қосымшасында кредитті мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеуді қалай жүзеге асыруға болады?
Halyk Homebank қосымшасында кепілсіз кредит, онлайн-кредит және тауарлық кредит/бөліп төлеу бойынша комиссиясыз және мораторийсіз мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеуді жүзеге асыруға болады.
1) Halyk Homebank-ті ашыңыз
2) Басты мәзірден "Төлемді өтеу" опциясын таңдаңыз
3) "Қолма-қол кредит"-ті таңдаңыз
4) "Мерзімінен бұрын өтеу" опциясын басыңыз
5) Мерзімінен бұрын төлегіңіз келетін кредит пен төлем шотын таңдаңыз. Экранда мерзімінен бұрын ішінара өтеу үшін минималды сома көрсетіледі
6) "Төлеу"-ді басыңыз
7) Төлемді тексеріңіз және растаңыз
8) Өз келісіміңізді SMS кодымен растаңыз
9) Тарихқа көшу кезінде өтінімнің мәртебесін бақылауға болады

Жаңартылған төлем кестесі электрондық форматта Halyk Homebank мобильді қосымшасының "Кредиттер" бөлімінде қолжетімді

Halyk Homebank қосымшасында мерзімінен бұрын ішінара өтеу келесі жағдайларда қолжетімсіз:
• кредит алған күні;
• егер кредит бойынша төлемді кейінге қалдыру әрекеті болса;
• жоспарлы төлем демалыс/мереке күндеріне түскен кезде кредит бойынша демалыс және мереке күндері
Мерзімінен бұрын толық өтеу келесі жағдайларда қолжетімсіз:
• кредит алынған күні;
• жоспарлы төлем демалыс/мереке күндеріне түскен кезде кредит бойынша демалыс және мереке күндері
• 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін қолжетімді
• мерзімінен бұрын ішінара өтеудің минималды сомасы – кемінде бір айлық төл??м
Депозитті карталық/ағымдағы шоттардан соманы бір мезгілде айырбастау мүмкіндігімен онлайн толықтыру мүмкін бе?
Иә, картадан немесе ағымдағы шоттан депозитті толықтыру үшін:
• Halyk Homebank-ті ашыңыз және "Аударымдар" бөліміне өтіңіз
• "Өз шоттарымның арасында" таңдаңыз
• есептен шығару шотын (карталық/ағымдағы шот) және ақша аудару қажет депозитті таңдаңыз
• әрі қарай аударым валютасын көрсету керек, бұл ретте Сізге ыңғайлы болу үшін айырбастау бағамы автоматты түрде көрсетіледі
• "Әрі қарай" басыңыз
Дайын!
Соманы айырбастау мүмкіндігімен бір мезгілде депозиттен картаны немесе шотты толықтыру (депозиттен ішінара алуды жүргізу) мүмкін бе?
Иә, депозиттен картаны немесе шотты толықтыру үшін (депозиттен ішінара алу):
• Halyk Homebank-ті ашыңыз және "Аударымдар" бөліміне өтіңіз
• "Өз шоттарымның арасында" белгішесін таңдаңыз
• ақша аудару қажет депозит пен шотты таңдаңыз
• әрі қарай аударым валютасын көрсету керек, бұл ретте Сізге ыңғайлы болу үшін айырбастау бағамы автоматты түрде көрсетіледі
• "Әрі қарай" басыңыз
Дайын!
Push-хабарлама дегеніміз не және оны қалай орнатуға болады?
Push-хабарлама – Halyk Homebank қосымшасы арқылы Банк іске қосқан акциялар мен жаңа сервистер туралы хабар беретін, Банкте ашылған Сіздің шоттарыңыз бойынша барлық операцияларды көрсететін мобильді телефоныңыздағы қалқымалы терезелер.
Хабарландырулар көбінесе экранның жоғарғы жағындағы "перде" тартпасында, сондай-ақ құлыптау экранында пайда болады.
Push-хабарламаларды қосыңыз:
1. Halyk Homebank қосымшасын ашып, "Мәзір" бөліміне өтіңіз
2. "Профиль және Баптаулар" - "Менің құрылғым"-ды таңдаңыз
3. Сіздің сенімді нөміріңізге коды бар SMS келеді
4. SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
5. "Сенімді құрылғы" өрісінде жаңа қосылған құрылғы көрсетіледі
6. Одан кейін артқа оралып "Хабарламалар"-ды таңдаңыз
7. "Хабарламалар алу" опциясын таңдап, төменде қажетті санаттарды таңдаңыз
Шот/карта/депозит бойынша үзінді көшірмені қалай алуға болады?
Шот/карта/депозит бойынша үзінді көшірмені Сіз PDF форматында онлайн ала аласыз:

1) Halyk Homebank мобильді қосымшасында
• Шотты/картаны/депозитті таңдаңыз
• Шығару кезеңін таңдап, PDF белгішесін басыңыз
2) Halyk Homebank веб-нұсқасында
• Қажетті шотты/картаны/депозитті таңдаңыз және "Үзінді көшірме"-ні басыңыз
• Үзінді көшірме кезеңін таңдап, "Үзінді көшірмені PDF форматында жүктеу" белгішесін басыңыз

Мөр басылған үзінді көшірмені алу үшін банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз.
IBAN - шотты (20 таңбалы шот), 20 таңбалы шотты ашу туралы хабарламаны қалай алуға болады?
Өз шотыңыздың нөмірін/IBAN-ды Halyk Homebank қосымшасында білуге болады:
• "Шоттар" бөлімінде шотты таңдаңыз
• "Баптаулар"-ды басыңыз да, IBAN жолындағы шот нөмірін көшіріп алыңыз

Егер сізге 20 таңбалы шотты ашу туралы хабарлама қажет болса, «Шоттар» бөлімінен шотты таңдап, «Шот туралы хабарлама» батырмасын басыңыз
Карта/ағымдағы шот бойынша 20 таңбалы шот ашылғандығы туралы хабарламаны қалай алуға болады?
Карта/ағымдағы шот бойынша 20 таңбалы шот ашылғандығы туралы хабарламаны Сіз онлайн режимінде PDF форматында ала аласыз:
• Halyk Homebank мобильді қосымшасында
- Қажетті картаны/шотты басыңыз
- Көрсетілген экранда "Шот туралы хабарлама"-ны таңдаңыз